10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басты тақырып, Басқа пәндер, Информатика, Оқушылар шығармашылығы, Паскаль туралы, Педагогика, Сайтқа мақала салу, Сыныптан тыс жұмыстар, Ұстаздар шығармашылығы

Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 10 Август 2011 – 18:5840 пікір
Бұл мақала 7636 рет оқылды, 22 рет бүгін

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик ұстаздар өз беделін көтерді. Информатик ұстаздар,  осы сайт арқылы, Қазақстандағы ақпараттық ортада өздерінің алдынғы қатарда екендіктерін көрсете білді. Информатик ұстаздар сайты қандайда бір пайда табуды көздемейді. Сайт админі мен де информатик мұғаліммін.

Сайтқа тіркеліп сабақтарыңызды салыңыздар. Басқаларға жақсылық жасайсыз, өзіңіздің мәртебеңізді өсіресіз.

2006 жылы Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар Информатиктердің интернеттегі ерікін бірлестігінқұрған едік.
Мақсаты: Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау. Оның белсенді мүшелерінің жұмыстарын осы сайттан көріп отырсыздар. ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, инф.аттестациялық тестілер, антивирус-программаларының кілттерін, конкурсқа қатысқандар немесе интерактив сабақ өткізгендер тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге, бір-бірінің жаряланған сабақтарына пікірлер жазуға ерікті түрде міндеттеме алады. Біздің басқаруымызбен арнаулы сайттағы (мысалы: www.elp.kz) интерактив-бөлме арқылы өзіміз де, оқушыларымыз да онлайн-сұқбат өткізеді.

Сайтқа мақала слау үшін оған мүше болып тіркелу керек. Мақалаңыз сайтқа шыққан кезден бастап ИИЕБ мүшесі боласыз. Сайтқа жіберген әр жұмыстың басқы жағына (жоғарғы колонтитул) автор туралы толық мәлімет жазыңыздар.

Бұрынғы сайттың белгілі/белгісіз себептен бұзылып қалғанына байланысты, сайт мекені өзгерді. Сол себепті қолданушылардың бұрынғы сайттағы жұмыстарын осы сайтқа салып жатырмын. Авторларды анықтаудан қиындықтар болып жатыр. Сайтқа шыққан жұмыстың авторы білгісіз болса *** белгісі тұрады, білсеңіз маған хабарлауыңызды өтінем. Жаңа жұмыстарыңызды [email protected]  e-поштасынае жіберіңіздер немесе осы сайтқа тіркеліп өздеріңіз сала беріңіздір.

Бұл сайт Информатик мұғалімдерге арналғандықтан, информатика сабақтарына басымдық беріледі. Басқа пән мұғалімдері де сабақтарын өз мектептеріндегі информатик-мұғалімнің көмегімен жіберсе жариялана береді.

Егер, информатикадан өзіңіз құрастырған есебіңіз болса осы сайттың Паскаль туралы бөліміне жарялаңыз немесе төменде көрсетілген е-майлға жіберіңіз.
Есеп еш жерде (кітаптарда, журналдарда, газеттерде, сайттарда, ЖОО лекторларының дәрістерінде) жарияланбаған болуы керек. Егер есебіңіз сапалы болса, есептер саны жеткілікті жинақталған соң өз сайтымыз арқылы олимпиада ұйымдастырамыз. Бұл жұмыс информатик мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытуына әсер етеді деп ойлаймын.

Сайтымыз былтырғы дәрежеден асып түскенін қуанышпен хабарлаймын. Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің бөлімдерінің (аудандық/қалалық білім бөлімдері, мектеп, колледж, университет, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарының) пән бойынша әдіскер маманының тексеруінен өткендеріне ғана беріледі. Ол үшін осы аталған мекемелердің ішінде сертификат алғысы келетін мұғалім жұмыс істейтін білім мекемесімен “Информатик ұстаздар” сайты арасында шығармашылық бірлестік ұйымдастырамыз.  Сертифкатты осындай жолмен беру арқылы мақалаңыздың (жаряланған сабағыңыздың) мәртебесі жоғары болатынына кепілдік жасаймыз.

Осы сайтты казнетке шығаруға көмектескен “Ұлағатты Ұстаз. Естеу Нүсіпбеков.” сайтының авторы Нүсіпбеков Ержан мырзаға өз атымнан және Информатик ұстаздар атынан алғыс білдірем.

Сайтқа мақала салу

Сайтқа жеке сурет қою

Сертифкат туралы

Автор Туралы

Ұқсас тақырыптар:

40 пікір »

  • Ержан Нүсіпбеков пишет:

    Өте жақсы идея екен. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

  • Венера Ордина пишет:

    Бастаманызға ақ жол тілеймін. Информатиктер Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау мақсатын қолдап көмек берері сөзсіз деп ойлаймын. Іске сәт құрметті информатика пәнінің оқытушылары.

  • Надирова Фарида пишет:

    Жаңа сайт құтты болсын САЙТ АДМИНІ!!!
    Міндетті түрде сайтыңыз танымал болады. Информатиктер негізі жатпайтын халық қой ))
    Сайтқа шығармашылық табыс тілеймін. Сайт табысты болса, біздіңде бір жұмысымыз жеңілдеп қалар. )))

  • Aibobek пишет:

    Жаңа сайт құтты болсын! Бұрынғы сайт сияқты ұстаздардың сенімді серігі болсын!

  • Nazgul пишет:

    Құрметті ағай! Бұл сайттағы ұсынылған ақпараттар өте маңызды. Осы Сіздің сайтыныз арқылы қаншама қажет дүниелер пайдамызға жарап жатыр! Осы сайт арқылы әріптестерімізбен кауыштық! Өзіңізге денсаулық, табыс тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  • Бакыт пишет:

    Өте жақсы қуанарлық дүние екен. Іске сәт.

  • Кулайхан Избасарова пишет:

    өте жақсы сайт сіздерге табыс тілеймін. Жаңа оқу жылы құтты болсын!Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • Ерлан Мадигалиев пишет:

    Қадірменді әріптестер!!! Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.

  • Венера, Айбөбек, Фарида, Назгул - бұл ұстаздар сайттың бұрыннан келе жатқан авторлары. Қолдауларыңызға алғысым шексіз.

    Күлайхан, Ерлан, Бақыт сияқты жаңа қолданушылар, хош келідіңіздер сайтқа!

    Ержан - сайттың спонсоры, нағашымның баласы жарап тұрсың!

  • Смагулова Айнур пишет:

    Өте қуаныштымын. Жұмыстарыңызға шығармашылық тілеймін!!!

  • Пернеева Айжамал пишет:

    ИИЕБ-ға үлкен табыс тілеймін. Осы саит арқылы қаншама информатиктерге көмек қолын созасыздар және тәжірибе аламасуға өте қажет деп ойлаймын.Коп рахмет сіздерге.Табыс тілеймін.

  • Гулмира Өтеп пишет:

    Сайтка табыс тілеймін! Информатиктердің сенімді серігі болады деп сенемін. Жаңа оқу жылы құтты болсын. Шығармашылық тілеймін.

  • Туғанбаева Бақытгул Хайдарқызы пишет:

    2011-2012 жаңа оқу жылдарын құтты болсын! Сайт информатика мұғалімдеріне өте қажетті көмекші құрал, әріптестерге табыс тілеймін және рахмет

  • Raushan пишет:

    Мен өте қуаныштымын. Сайтқа табыс тілеймін. Бұл Қазақстандағы ең танымал сайттардың бірі боларына сөз жок! Ағайға, әріптестерімнің жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін!

  • adminn пишет:

    Жаңа сайттарың кұтты болсын. Сайтқа тек қана табыс тілеймін. Сайттан біздер өте қажетті материалдар алып отырамыз, әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілеймін!

  • Zhanna пишет:

    Осы сайтқа алғысым шексіз, пайдалы ақпарат өте көп, өркендеуін тілеймін

  • Разия Собалакова пишет:

    Infust.kz сайтына алгыс билдиремин. Агай, сизге улкен рахмет! Осы сайт аркылы сабагымызга катысты материалдыр алып пайдаланып жатырмыз. Болашакта да улкен жетистиктерге жете бериниз! Ариптестериме де жумыстарына табыс тилеймин!

  • inust пишет:

    Жылы сөздер айтқан жылы жүздеріңізге рахмет, бақытты болыңыздар!

  • 197875 пишет:

    Салеметсиздер ме?Сертификатка тапсырыс бергим келип еди.Аудандық білім басқармасының информатик-әдіскерінің келискенин сизге калай дәлелдейміз?

  • АББ маманы маған хабарлассын 87025493013 немесе менің е-поштамды беріңіз

  • Cәулетайұлы Еркебек пишет:

    Ассаллаумагаикум! мен 11 - сыныптарға арналған госстандарт бойыннша информатикада электрондық құрал әзірлеу. бұл менің дипломдық жұмысым маған 11 - сыныптарға арналған госстандарт жайлы матиралдар тауып бере аласыздарма өтініш

  • Толганай Тургамбекова пишет:

    Сәлеметсіздерме! Қадамдарыңыз сәтті болсын! Еңбектеріңізге табыс тілеймін.

  • Айтжанова Перизат Тұрдымұратқызы пишет:

    рахмет! Сайттарыңыздың жолы ұзағынан болсын!

  • Өте керемет сайт!!! Маған ұнады. Еңбектеріңізге табыс тілеймін! Игі бастама ешқашан өз жұмысын жоймасын!

  • Ерғали Құрманғалиев пишет:

    Өте керемет идея! Бұл сайттың ұстаздар мен оқушыларға, жалпы елімізге тигізер пайдасы мол. Сайттың қолданушылары көбее берсін! Аға, еңбектеріңіз жемісті болсын!

  • Raushan пишет:

    Маган педагогика-психологиядан тесттермен комектесиниздерши

  • Жаңа сайт құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • inust пишет:

    Толғанай, Перизат, Ләззат, Ерғали, Раушан, Роза сіздерге рахмет! Сіздер сяқты, айналасына немқұрайды қарамайтын жандардың арқасында бұл сайт жүріп тұр.

  • Гулия пишет:

    Ал менде осындай 9 сынып бар. Егер, информатиктарде қызықты және сапалы жоспарлар жіберсе, неге оларға сайт атынан сертификат бермеске?

  • inust пишет:

    Сертификат мәселесі шешіледі.

  • Жанболат пишет:

    МҰҚАМЕТЖАН АГА ҚАЛЫҢЫЗ ҚАЛАЙ МЕНІҢ БІР СҰРАҒЫМ ҚАЗАҚША САЙТ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ. КАНДАЙ САЙТТАН ТАБУҒА БОЛАДЫ

  • inust пишет:

    http://www.idhost.kz осы жерден қазақша тегін сайт ашуга болады

  • Сатымбеков Бахытжан пишет:

    Сәлем!
    Мен сайтқа табыс тілеймін. Жақсы екен. Осындай сайт керек еді бізге ИНФОРМАТИКТЕРГЕ. Осы сайтты ары қарай дамыту біздің қолымызда.Баршамыз соған ат салысайық!!!

  • Бекбатырова Назгуль пишет:

    Cәлеметсіздерме әріптестер! Еңбектеріңізге жеміс, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • Нурмаханова Нурия пишет:

    Маган унады,менде болашак инфарматика маманынын мугалимимин Сиздерге улкен табыс тилеим!!!

  • Жолдасбекова Нуршат пишет:

    Салеметсиздер ме?! Мен бұл сайтка биринши марте кирип отырмын, өте керемет! Жұмыстарыныз алға баса берсин!

  • салеметсіздер ме! мен бул сайтқа бірінші рет кіріп отырмын сіздерге тілейтінім жұмыстарыныз алға бассын!! саттілік тілеймін!

  • arman0976 пишет:

    Сіздерге көп рахмет айтамын.Сайттарыныз өте ұнады.Жұмыстарынызға табыс тілеймін.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.