Басты бет » Сайтқа мақала салу

Сайтқа мақала салу

Ең алдымен тіркелу керек. Ол үшін сайт бетінің төменгі жағындағы көк түсті өрістегі «Регистрация»  деген жазуды басамыз. Сонда шыққан терезешеге ағылшын әрібімен логин-атымызды, е-майлымызды жазып, «Регистрация» -ны басамыз.

Ары қарай е-майлымызды ашып, келген паролды көшіріп аламыз.

Сайтқа қайта кіріп, төменгі бөліктегі «Вход»-ты басамыз. Ашылған терезешеге логин-атымызды, паролымызды жазып «Войти»-ді басамыз.

Сайттың өзімізге арналған жеке бетімізге кіреміз. Осы бетте жоғары оң жақта Привет сөзінің қасынан сіздің атыңыз көрініп тұрады. Соны басып жеке мәліметтерімізді толтырамыз. Осы жерде өзіңізге ығайлы жаңа парол таңдайсыз, астынғы жағындағы аватардың қасынан “обзор”- ды басып компьютерден жеке суретімізді көрсетеміз де, төменгі жағындағы “Обновить профиль” дегенді басамыз. Сайтқа тіркелу аяқталады. Бұл әрекетті кейін жасауға да болады.

Осы беттен «Информатик  ұстаздар» сілтемесін басып, сайтты қарай береміз.

Мақала салу үшін сайттың жоғарғы жолындағы Добавить – запись дегенді басамыз. Редактор терезесі шығады.

Назар аударыңыз: мақаладағы мәтінді жеке көшіріп алып Т- белгісі бар кнопканын басыңыз (суретке қараңыз), ашылған терезеге меңзерді қойып ctrl+v клавиштерін бірге бассаңыз мәтін редактор бетіне дұрыс түседі. Кестені бөлек көшіріп W -белгісі бар кнопканы басып ctrl+v перенелерін бірге басып түсіріңіз.

Редакторға түскен мәтін жолдарының арасы алшақ болып кетуі мүмкін. Ондай жағдайды мәтін редакторының құралдарынан HTML -жапсырмасын басамыз. Осы тәртіпте мәтін жолдарының арасындағы бос орындарды  Del пернесімен өшіреміз. Сөздер бір-біріне жабысып қалса, пробелмен арасын ашып қоямыз.

ЕСКЕРТУ:

Сайтқа салынатын сурет jpg немесе png форматында болу керек.

Сайтқа салынатын суреттің үзындыңы 600-750 пс-ден аспауы керек. Жеке сурет салсаңыз биіктігі 200 пс-ден аспауы керек. Сайтқа салынатын суреттің типін jpg-ке келтіру үшін және өлшемдерін өзгерту үшін пуск/все программы/Microsoft office/средства Microsoft office/Microsoft Picture немесе диспечер рисунков Office бағдарламасын пайдалануға болады.

Шағын суреттерді салғанда мақаланың оң жағын немесе сол жағын көрсеткен тиімді.

Сайтқа салынған мақала ішінде кездесетін файлдарға (мыс: сабақтың презентациясы) сілтеме қою үшін файлды жеке жүктеу керек.
Ол үшін:
Редактор терезесінің сол жағынан Медиафайлы / Библиотека басамыз;


Файл жүктеліп болған соң, ол шағын терезеде көрініп тұрады. Терезенің төменгі жағынан файл сілтемесін көшіріп алу керек.
Немесе файл Медиафайл библиотекасында тұрса, файл атын көрсетіп, редактировать жазуын шертеміз.
URL файла деген жолдағы сілтемені көшіріп аламыз.

Редактор тұрған бетке өтіп, Сілтеме қойлатын сөйлемді (сөзді) белгілейміз;

Суретте көрсетілген кнопканы басканда сілтеме қойылатын жол шығады. Сол жерге сілтемені қондырамыз (вставить) / добваить ссылку.

Мақалада көрсетілетін видеоны басқа сайтқа (kaztube.kz н/е басқа) жүктеп қойып, сілтемесін жоғарыда айтылғандай белгілі бір сөзге бекітіп қондырасыз.