Мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін оқу-әдістемелік кешенді пайдалану арқылы белсендендіру.
ММ «Дамуы шектелген балаларға арналған арнайы №5 мектеп-интернаты» Қалияқбарова Жанерке Жаксылыковна
Өзектілігі. Ақыл-ойы кем оқушыларға жүйелі сөйлеуін дамыту және оның қарым-қатынас құралы екенін балаға ұғындыру, байланыстырып сөйлей білуге дағдыландыру арнайы мектептің оқыту үрдісіндегі ең күрделі мәселелер болып саналады.
«Қазақ тілі» - көмекші мектептегі мемлекеттік тілде оқытып оқушылар үшін аса маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, басқа барлық пәндерді қазақ тілі арқылы игереді.
Тіл пәні баланың кішкентайынан үйреніп, күн сайын сөйлеп жүрген тілі болғанымен, ол – мектепте оқылатын пәндер ішіндегі ең бір қиыны. Өйткені, оның ережелері мен анықтамалары жеке-жеке тілдік белгілерді, ұғымдарды жинақтап, дерексіздеу, жалпылау арқылы жасалады. Мұның өзі балалардың логикалық ойлау жұмысын қажет етеді.
Ақыл-ойы кем оқушыларға оқу-әдістемелік кешенді пайдалану жұмыстарымен дамыту мақсатында біз 3-ші жыл қатарынан айналасып келеміз. Көмекші мектеп үшін қазақ тілі оқулықтары баспадан жарық көрген өте аз, баспадан шыға қалса мектебімізге жете бермейді. Бұл үлкен қиындықтар тудырады. Оқу бағдарламаларын ретінде жалпы мектепке арналған бағдарламаларды үлгі ете отырып, арнайы мектепке бағдарлама және 3 сыныпқа арналған оқыту әдістемелік кешенін жасадық.
Білімнің сапалы болуы оқушылардың оны саналы меңгеруіне байланысты. Білімді саналы меңгеру-оқулықта берілген анықтамаларды бұлжытпай айтып шығу емес, алған теориялық білімін іс жүзінде пайдалана алу. Осы мақсатта ұсынылып отырған бағдарлама және ОӘЖ-нің тәжірибеде тигізер көмегі көп.
Бұл еңбектің мақсаты-оқушыларға жаңа сабақты сапалы меңгертіп, жаңа түсініктерін бекіту, дағдыға айналдыру.
ОӘЖ-ні құрастыруда қазақ тілі бағдарламасындағы берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, оқушылардың логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан-жақты білім беру жағы да ескерілді. Сондықтан, тапсырмалар қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігінесай келуі де көзделді.
ОӘЖ оқушылардың бұдан бұрын алған грамматикалық түсініктеріне сүйене отырып, саналы түрде қабылдауларына, жаңа сабақты пысықтай келе, оны берік бекітуге және өткендерімен байланыстыру арқылы оларды қайталауға мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның басты мақсаты: оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікіпін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Оқыту әдістемелік кешенін құрастыру кезінде қазақ тілі бағдарламасындағы берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, оқушылардың логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан-жақты білім беру жағы да ескеріледі. Сондықтан, тапсырмалар қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі көзделді.
Оқыту әдістемелік кешені оқушылардың бұдан бұрын алған грамматикалық түсініктеріне сүйене отырып, білімді саналы түрде қабылдауларына, жаңа сабақты пысықтай келе, оны берік бекітуге және өткендерімен байланыстыру арқылы оларды қайталауға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Сондықтанда жаңашыл педагогтардың озық іс-тәжірибелердің іздестіріп жүріп, оқып-зерттейміз.
Деңгейлік саралау тәсілін пайдаланғанда профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының «Әр түрлі деңгейде оқыту технологиясын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысын» басшылыққа алып келеміз.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы қазақ тілі сабағын оқытуда әр оқушыға шамасына сай тапсырма беріледі, оқушылардың ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалып, жауапкершілігі артады.
Қазақ тілі пәнін оқып-үйрену барысында баланың сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар – осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.
Қазақ тілі пәні – оқу осы тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі, әрі ұйтқысы. Мұғалім сабақтың тақырыбын, мазмұнын түрліше тәсілдермен жүзеге асыруы мүмкін. Жылдан жылға оның материалдары, түзілімі өзгергенімен сабақ өту әдіс-тәсілдері де соған ілесе түп-түгел өзгереді деуге болмайды. Жаңадан ұсынылып отырған «Жұмыс дәптері» туралы де соңы айтуға болады.
Жұмыс дәптері оқушыларды ауызша талдауға, сөздің әр жерінен қажетті дыбысты ажыратып ала білуге арналған материалдардан тұрады.
Мұғалім сабақта балалардың жұмыс жасау үстінде жауапкершілік сезімінің оянуына ықпал ете білуі керек.
Жұмыс дәптері оқушылардың жас ерекшеліктерін және В.В.Воронкованың педагогикалық саралауы бойынша ескеріле отырып құрастырылған.
Жұмыс дәптері және оған жасалған бағдарлама арнаулы мектептерде еңбек ететін ұстаздарға көмек ретінде және оқу деңгейлерін бақылау, қадағалау үшінде қолайлы.
Жұмыс дәптерінің негізгі мақсаты арнаулы мектеп оқушыларын өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, жазу, оқу техникасын жетілдіруге арналған. Дәптердегі тапсырмалар арнаулы мектеп оқушыларының ерекшіліктерін ескере отырып, оқулықтағы тапсырмалармен сәйкестендіріліп жасалған, тақырыптар қамтылған. Әрбір тақырыптың мазмұның ашуға жан-жақты көмегі тиеді.
- Жұмыс дәптеріндегі сөзжұмбақ, кестелерді толтыру оқушылардың ойлау қабілетін, іс дағдыларын қалыптастырады.
- Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушылардың әр түрлі деңгейіне, қабілетіне қарай сәйкестендіріліп берілген.
- Тапсырмалар мен сұрақтар тек бір тақырып бойынша ғана емес, пәнаралық байланыс оқушылардың өмір тәжірибесіне, табиғатты бақылауларына байланысты құрастырылған.
Әдістемелік оқулықтардың жетіспеуі оқу түрін тереңдетіп түсіндіру, оқыту маңыздарын төмендетіп тұрады. Сондықтан да жұмыс дәптерлерінің қажеттілігі байқалады.
Жұмыс дәптері сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта, үйге берілген тапсырманы орындау барысында арнаулы мектеп оқушыларының қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттырып, жазу, оқу техникасын жетілдіріп, пайдалануға үлкен көмек береді.
Жұмыс дәптері оқушылардың алған грамматикалық түсініктеріне сүйене отырып, саналы түрде қабылдауларына, жаңа сабақты пысықтай келе, оны берік бекітуге және өткендерімен байланыстыру арқылы оларды қайталауға мүмкіндік туғызады.
Осылайша, қазақ тілі сабақтарында ақыл-есі кем оқушыларда таным үдірісі тәрбиесінің тиімді жолдарының бірі оқу - әдістемелік кешенмен (жұмыс дәптері) сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы мотивацияны көтеру болып табылады.
Ұқсас тақырыптар:
- Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру
- Управление профессиональным ростом молодого учителя в современной школе
- Баяндаманың тақырыбы: “Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану»
- Педагогика. Агрессиялық балаларға өзара тиімді әсер ету.
- В помощь молодому учителю
- “Жас қыран”, “Жас ұлан” 1-11 сыныптар бойынша жұмыс жоспарлары.
- Психология. “Достық” тренинг
- Баяндама: Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.
- Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір мәселелері.
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі