2 Апрель 2014 – 20:52 | Нет комментариев

Темиржанoва Меруерт Асетовна. I деңгей мұғалімінің портфолиосы А есебі №1 топ  Павлодар қаласы.
Әлем елдерi тәжiрибеciнде әр елдiң, әр мемлекеттiң өзiне тән oрта бiлiм
беру жүйеci мен мектеп үлгici, oрта мектептердiң, әр-қайcыcының қалыптаcқан өзiндiк iшкi құрылымы бар. …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Сыныптан тыс жұмыстар, Технология, Бейнелеу, Музыка, Д/Ш, ӨӨ тану

“Толағай” отбасылық сайысы

Опубликовал в 4 Апрель 2014 – 17:57Нет комментариев

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
Б.Б.Жолтаева- «Бәйтерек» бала бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы.
Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, дене бітімінің сұлулығын қалыптастырып,қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту,жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа баулу,өмірде белсенді болуға,алға қойған мақсатты орындауга үйрету.Ата-аналарды балаларды, дене шынықтыруға бейімдеу,патриоттық сезімдер қалыптстыру.

Қажетті құралдар: кеглилер, жалаулар, 4 дорба, 2 үрілген шар, 2 шелек, эмблемалар, дипломдар құрсау, кубиктер, клешкі, шырша, шырша ойыншықтары.
Сайыстың барысы: бөлме сайыскқа сай безендірілген, спортқа қатысты ұрандар,балалар маршпен бөлмеге кіріп, бір қатарға түрады, олардан кейін ата-аналар кіріп, балаларға карама-қарсы тұрады.
Жүргізуші: «Құрметті балалар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері» бүгін бізде спорттық сайыс өтеді.Осы мерекемен барлығыңызды құттықтаймыз!
Бүгін біздің сайысымызға балалармен бірге ата-аналар қатысады.Әр топ өз командасын таныстырады, әр топ басшысында эмблема.
1 -топ «Ысқақовтар отбасы»
2 -топ «Талғат отбасы»
Жүргізуші: енді осы сайысқа баға беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.
-Құрметті ата-аналар, балалар, іске сәт.
Қайырлы күн, ұзтаздарым ардақты,
Жас бүлдіршін білім қуған жан-жақ ты.
Кәрі де жас,үлкен кіші қаумалап,
Жанұялар сайысына кеп қалды

Өте жақсы балалар бүгін сендер өздеріңнің ұйымшылдықтарыңды, жылдамдықтарыңды, күштеріңді көрсетесіңдер.
Ойынымыз мынадай шарттардан тұрады.

1. «Жаңа-жылдық тунель»
2. « Қаптағы сыйлықтар»
3. «Хоккейшілер»
4. «Аққала жасау»
5. «Қар жинау»
6. «Маскарад сайысы»
7. «Жаңа жылдық конвейер»
1 эстафета «Жаңа-жылдық тунель»

Кел, балалар еңбектеп
Жер асты жолдан өтейік.
Міне, осылай бәріміз
Жеңіске де жетейік:

Тунелдің ішінен өтіп, тұрған шырша ойыншықтарды қалпаққа салып алып қайтып, оларды шыршаға ілу.

2. эстафета « Қаптағы сыйлықтар» Қалпақ ішіндегі шырша ойыншығындағы жануар қимылын салып, кедергілер арасынан өтіп келу.
3. эстафета «Хоккейшілер»
Арыстандай айбатты
Хоккейшілер қайратты
Шайба.Шайба дегенде
Шайқасады-ау, ой, қатты.

Клешкамен кішкене допты кедергілер арасымен қақпаға кіргізу.
4. эстафета «Аққала жасау»

Үлкен доп үстіне баласы секіріп барады, екінші баласы кіші допты аяғымен теуіп кедергілер арасымен, одан мамасы басына шелекті койып мәреге дейін барып аққала жасау.
Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
Еншілеген ұпай сандарын тыңдайық.
5 .эстафета «Қар жинау»

Мамасы басына шелек ұстап тұрады оған балалары стол үстіндегі қағаздарды умаждап дәлдеп лақтырады.
6.эстафета «Маскарад сайысы»
Беттеріне маска киіп көздерін жауып баласын арқалап кедергілер арасымен жүріп, межеге дейін бару.
7.эстафета «Жаңа –жылдық конвейер»
Командылар аяқтарының арасына қорапшаны қысып алып бір-біріне аяқтарымен беріп , межеге дейін тез бару.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз ,
Әділқазы ел сенген
Жарысқа баға беріңіз.
Жүргізуші: Қазылардың қортынды сөзі.

1- орынды «Ысқақовтар отбасы»
2- орынды «Талғат отбасы иеленді»
Отбасыларғ а диплом , балаларға сыйлықтар берілді.
«Өнерлі бала- сүйкімді» -демекші жарайсыңдар балалар , өздеріңнің ептіліктеріңді, шапшаңдықтарыңды байқаттыңыздар.
Жүргізуші : «Ізгі ниет , жақсы өнеге тозбасын»,-деген тілекпен , бүгінгі «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысымызды аяқтаймыз.

Ұқсас тақырыптар:

    None Found

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.