Информатика. XXI ғасыр көшбасшысы.
7 Февраль 2014 – 08:59 | Нет комментариев

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабекқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебі Информатика пән  мұғалімі
Қымбатты «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Көрнекті …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздер

Опубликовал в 7 Февраль 2014 – 08:32Нет комментариев

Бисенова Данагул Сержановна. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қалмақ-қырған  бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:    мәтінге ат қоя білуге, мәтін тақырыбын анықтай алуға, тірек сөздерді қатыстыра және әңгіме (мәтін) құрай білуге, тақырыпқа қарап тірек сөздер таба білуге дағдыландыру.

II – сынып

ІV – сынып

І. Бағыт – бағдар беру, мақсат қою, үй тапсырмасы (3мин)
 

ІІ. Біріктірілген бөлім (15мин)

Мәтін -  мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтіннің бөліктері  -             басы,                   негізгі бөлім,                        соңы

Мәтіннің түрлері -                 әңгімелеу,                      сипаттау,                            пайымдау

 

         Сахналау. Ертегіні сахналау.  Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі суреттерін көрсетіп, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездесетіні  сұралады. Ертегінің тақырыбы анықталған соң, балалар естеріне түсіріп, өз сөздерімен ойнап шығады.

Ертегінің «Бауырсақ» екенін қайдан білдіңдер?

Оның атын дұрыс табуға не көмектесті немесе не арқылы тез таптыңдар? – деген сұрақтар қою арқылы оқушыларға тірек сөздердің мәнін түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

 

Ойын. «Сурет арқылы ертегіні анықта»

А) атасы, әжесі, немересі, шалқан, мысық, ит, тышқан.

Ә) мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

Б) қарлығаш, маса, айдаhар, бесік, сәби.

Ертегіні анықтаған соң балаларға әңгімелету.

ІІІ. Сараланған бөлім (25мин)

Күз тақырыбына байланысты сюжетті суретті карточкалар таратылып беріледі де, сол суретке қарап тірек сөздерді табу жұмысы тапсырылады.

Мұғалім көмегімен жұмыс –3 мин. Өзіндік жұмыс – 3мин.
        2. Берілген суретті карточкалар  бойынша және тірек сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құрау тапсырылады. Тірек сөздер жазылған карточкалар таратылып беріліп, сол тірек сөздер арқылы әңгіме құрау, оған ат қою жұмысы орындатылады.

Сергіту сәті.

Мен орманда келемін,

Күн бұлттанды,

Жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды,

Жаңбыр басылды,

Күн шайдай ашылды.

Мұғалім басшылығымен жұмыс – 3 мин.

Сурет бойынша құраған әңгімелерін айтып береді.

Өзіндік жұмыс –  15 мин.

Құрастырған әңгімелерін дәптерлеріне жазады.

Өзіндік жұмыс – 15 мин.

Құраған әңгімелерін дәптерге жазбаша орындайды.

Мұғалім басшылығымен жұмыс – 3 мин.

Жазған әңгімелері тексеріледі.

ІV. Біріктірілген бөлім  - 3 мин.

Сабақты қорытындылап, тірек сөздердің мән – мағынасы, маңызы туралы оқушылардан сұралады.

Сырты жасыл, қап – қатты,                                                     Қызыл қазық,

Іші қызыл, тәп – тәтті.   (қарбыз)                                            Таңсық азық.    (сәбіз)

 

Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім,

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат – қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.                 (қырыққабат)

V. Үйге тапсырма:  күздің суретін салу.
VІ.  Оқушы білімін бағалау.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.