«Қыз қуу» ойыны
Тенизбаева Меруерт. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп тәлімгері.
Мақсаты: оқушылардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттеріне қозғау салу, халқымыздың асыл мұрасы – салт-дәстүрлерін насихаттау, қазақтың талбесіктен жетбесікке дейінгі салт-дәстүрлерін, ұлттық жол-жора ерекше көңіл аудару, инабаттылыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, ақын-жазушыларымыздың кітаптарынан, шығармашылықтарынан көрме ұйымдастыру, суреттер.
Барысы:
І жүргізуші:
Ей, махаббат, махаббат!
Мұнша неткен жалының
Дер едім сенсіз дүние жат
Сен ғана бір тәңірсің!
ІІ жүргізуші:
Сен ғылымнан бұрынырақ жаралдың
Сен әуелі сәуле болып таралдың
Тіршілікті жаратушы өзіңсің
Мен де сенің топырағыңнан нәр алдым
І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Жалпы адамзат баласының тілі мен дініне, қаны мен тәніне, ұлты мен ұлысына қарамастан басын біріктіретін бір ғана күш, бір ғана құдірет бар, ол – махаббат! Махаббатты жырламайтын ақын-жазушы жоқ шығар.
Иә, өте дұрыс. Махаббат! Бірінші – аяулы анаңа, ардақты әкеңе, ағайын-туғанға деген перзенттік махаббат. Екінші – аяулы ұстазға, алтын ұя мектепке деген шәкірттік шынайы махаббат. Үшінші – Отанға, туған елге, нағыз досқа деген шексіз махаббат. Төртінші – жігіттің қызға, қыздың жігітке деген киелі, мәңгілік махаббаты.
«Ана» – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Алдарыңызда Т.Айбергновтың «Ана» өлеңімен …………………………………….
Т. Айбергенов «Ана»
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Алдарыңызда Ф.Оңғарсынованың «Ұстазыма» атты өлеңімен …………………
Ф.Оңғарсынова «Ұстазыма»
Зауытта болсаң күнбе-күн,
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің,
Шипалы жанның бағы шын
Ал сенің еңбек жемісің,
Өзгеше тіпті басқадан.
Ол өзің арнап ел үшін,
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам елдің тірегі.
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгіңде тұрған жарық күн.
Сен жастық қамын шертерсің,
Тағдырын толғап ойланып,
Әр үйдің бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып,
Ұстазсыз жолда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер,
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер
Жүректе тұрар жанымнан табыл, жігер күт,
Ұстазым сенің, әр күнің әр сәтің, тұрған бір ерлік
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
“Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас” деген ха¬лық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған же¬рі¬нен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отан¬сүй-гіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар.
Алдарыңызда «Туған жер» өлеңімен …………………………..
Қ. Аманжолов «Туған жер»
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға – алтын бесік туған жер,
Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!
Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -
Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім;
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;
Қызығыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен – төрінде рахаттың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!
М.Мақатаев «О, махаббат»
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің …
Елтіген түнім едің,
О,Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің …
Мен енді тірілемін!
Ақ періште, алдыңда жүгінемін.
… Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!
І жүргізуші:
Сонда саған бар ғаламат бас иді
Мықты біткен бір сен үшін жаралды
Сен қаласаң, қарғыс қабыл, бата жат
Сен қаласаң өркен жаяр шапағат
Дүниенің бәрі басын игенде
Мен қалайша бас имеймін махаббат?! –деп ақын жырлағандай, бүгінгі 9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Қыз қуу» ойынын ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші:
Олай болса не тұрыс, ортаға қошеметтеп қыз-жігіттерімізді шақырайық.
І жүргізуші жігіт:
Қыздар-ай,
Неткен ыстық есімдерің
Жағымсыз естілмейді еш үндерің.
Аңдамай әзілдесіп кетем кейде,
Ағаттау жерім болса кешір менің!
Сайыскер аруларымызды қарсы алайық! (музыканың сүйемелдеуімен қыздар тобы шығады)
І жүргізуші:
Жігіттердің әр сөзі демеу бізге
Түсінеді тұңғиық көзімізге.
Жігіттерден күтеміз ерлік қана
Қулық деген жетеді өзімізде.
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз! (музыканың сүйемелдеуімен жігіттер тобы шығады)
ІІ жүргізуші:
Құрметті, қыздар-жігіттер, бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер! Сіздерге сәттілік тілейміз!
І жүргізуші:
Қыздар, жігіттер, сайысымызды бастау үшін өзіміздің жұбымызды табайық. Ол үшін мына жүрекшелерді аламыз. Бұл жүрекшелердің ішінде жұп атаулары белгіленген. Таңдағандарыңызға қарай өз есімдеріңіздің орнына, жүрекшедегі жұп атауларыңызбен аталасыздар.
(жүргізушілер ғашықтар атауларын таңдатты)
ІІ жүргізуші:
1 жұп – Төлеген – Жібек
2 жұп – Қозы – Баян
3 жұп – Еңілік – Кебек
4 жұп – Қайып – Ақбөбек
5 жұп – Ләйлі - Мәжнүн
6 жұп – Қалқаман-Мамыр
7 жұп – Естай-Қорлан
8 жұп – Жүсіп-Зылиха
І жүргізуші:
Махаббаттан ақыл биік дедің бе?
Биік шығар,
Таласым жоқ менің де,
Ақыл деген бір әулие қария,
Жер бетінде мың жасаған кемінде
ІІ жүргізуші:
Махаббат жас.
Ес тоқтатқан жоқ әлі
Ол жыл сайын он сегізге толады.
От басады
Су кешеді
Сол үшін
Оған бәрін кешіруге болады – дей келе ойынымызды бастайық.
І жүргізуші:
Енді ойынымыздың шарттарымен таныс болайық.
- Жігіттеріміз берілген сөздер арқылы өз жұптарына сезімдерін білдіреді. Ал, қыздарымыз халқымыздың салт-дәстүрінен келетін сұрақтарға жауап береді.
- «Тығырыққа тірелгенде …» (ситуациялық сұрақтар)
- «Өнерің болса, қанекей!» өнер көрсету. Жігіттер өз өнерлерін көрсетеді.
Қыздар үйден дайындап келген сыйлықтарын жігіттерге жүргізушілер арқылы беріп жібереді.(Селт еткізер)
- «Ұйқасын тап» (кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемдерді өз ойларымен аяқтау. Қызықты ұтқыр, мағыналы жауап беру.)
- Өз жұбын көзіне елестете отырып сипаттау
- Ұпайлар санын есептеп, жеңімпазды шығару
ІІ жүргізуші:
Ойыншыларымызға ұпайды әділқазылар алқасы береді. Ұпайды әр қатысушыға бөлек-бөлек береміз. Мыс: Төлегенге бөлек, Жібекке бөлек береміз.
І жүргізуші: (Алдарыңыздағы конверттердің біреуін таңдап, ішіндегі берілген сөздер арқылы өз жұбымызға сезімдерімізді білдіреміз)
1-жұп. «мөлдір» сөзі
2-жұп «сезім» сөзі
3-жұп «ұлпа » сөзі
4-жұп «көңілімнің сәні» сөзі
5-жұп «кіршіксіз» сөзі
6-жұп «сансыз жұлдыз» сөзі
7 жұп «пәк көңіл» сөзі
8 жұп «Жүректің төрінде»
(Сезім сөздерін тыңдау). Ал, олай болса Төлегеннің Жібекке сезім білдіруі ұнады ма, оны Жібектен сұрап көрейік.
Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы.
Жігіттеріміз берілген сөздер арқылы өз жұптарына сезімдерін білдірсе, Енді,қыздарымызға салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтар қойылады. Мына алдарыңыздағы кеспе қағаздардан таңдап алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
- «Біз шаншар» дегеніміз не? (Жас-кәрісі аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, әр түрлі ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде үйге қонақ топтанып түсе бермейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қызбар, құда болайық» дегенді білдіреді).
- «Ерулік» дегеніміз не? (Көші-қон кезіндегіден басқа, ауыл ортасына жаңа үй келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі).
- 3. «Қалжа» дегеніміз не? (Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ қалжа деп аталады).
- 4. «Шарғы салу»(Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз).
- 5. «Ұйқыашар» (Той, мереке алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған).
- 6. «Көгентүп (Көгендік)» Туыс, жекжат-жұрағат қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі. Көгентүп беру малды ауылдарда әлі де жалғасын тауып келеді.
- 7. «Сыбаға»(Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері).
- 8«Үш арсызды ата» (1. Ұйқы. 2. Тамақ. 3. Күлкі).
ІІ жүргізуші:
Сайыскерлерімізге үлкен рахмет!
І жүргізуші:
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып
Қыз-жігіттер сөз айтар
Тығырықтан жол тауып
Ойынымыздың келесі шарты «Тығырыққа тірелгенде …» деп аталады. Бұл жерде әрқайсыңызға жеке-жеке ситуациялық сұрақтар қойылады. Сол сұраққа жауап беріп, тығырықтан шығуыңыз керек. Мысалы:
- Төлеген: Сіздің өзіңіздің ұнатқан қызыңызға қояр талабыңыз.
- Жібек: Сізді жігітіңіз киноға шақырған еді. Сіз оны 2 сағат күткенде келмеді, бірақ ол қоңырау шалып өзінің келе алмайтындығын айтты. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз?
- Қозы: Сіздің ұнатқан қызыңыз басқа біреуді ұнататындығын айтса сонда сіз олардың бақытты болуын тілейсіз бе, жоқ әлде, өзіңізге қаратуға тырысасыз ба?
- Баян: Сіз өзіңіз таңдаған махаббатыңыз жайлы жағымсыз хабар естідіңіз, бірақ сіз оны ұнатасыз. Сол кездегі сіздің қолданар шараңыз?
Жүргізуші қыз:
Күміс көмей жігіттерге
Кімдер басын имеген
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді,-деп сайысымыздың ІІІ кезеңіне кезек берейік.
Ойынымыздың келесі кезегінде жігіттеріміз өнер көрсетеді. Ал, қыздар жігіттерге өздерімен бірге алып келген естеліктерін береді. Қазақ халқының салты бойынша «Селт еткізер» деп аталады. Ал, жігіттер ендеше бастайық.
(жүргізушілер арқылы)
ІІ жүргізуші:
Олай болса жігіттер кезек өздеріңізде.
Алдымен Төлеген кезек өзіңде
1……………………..
2………………………..
3…………………………
4…………………………..
5…………………………..
6………………………….
7………………………….
І жүргізуші:
Ал, қыздар сыйлық беру құқығы өздеріңізде. Жібек сенен бастасақ, Төлегенге берер сыйлығың……………… Баян, Еңілік, Ақбөбек, Ләйлі, Мамыр, Қорлан, Зылиха.
ІІ жүргізуші:
Қыздарымызға үлкен рахмет.
І жүргізуші:
Ойынымыздың келесі шарты «Ұйқасын тап…» деп аталады. Кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемдерді өз ойлары арқылы аяқтау. Қызықты, ұтқыр, мағыналы жауап беру керек.
Алдымен кезек өзіңде
1. .. Төлеген
Мен өмір сүргім келетін бір әлем бар… (Ол сенің тұңғиық жанарың)
2. Жібек:
Жер бетінде милиардтаған адам бар. Бірақ….(мен тек саған ған өз махаббатымды арнаймын. Себебі, олардың ешқайсысы сен емес… )
3. Қозы:
Менің сүйікті жұмысым-көзімді жұмып алып, сен туралы ойлау… Сен менің өмірімнің (мәні, жүрегімнің әні, көңілімнің сәнісің, асылым!)
4. Баян:
Менің көздерім жүрегіме қызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе неге? (Өйткені сен менің көздерімнен алыс болсаң да, әрдайым менің жүрегімдесің.)
ІІ жүргізуші:
Келесі сайысымыз өте қызықты болады деп ойлаймын. Себебі, бұл шартта әр қатысушы өздерінің ойындағы жұбын көздеріне елестете отырып суреттеп, сипаттайды.
І жүргізуші: Олай болса, кезек өздеріңде. Алдымен Төлеген бастаса …………….
Жібек …………………………….
Қозы………………………………
Баян…………………………….
ІІ жүргізуші:
Барынша риза қылып көрерменді,
Көрсетті қыз-жігіттер өнерлерін.
Осыменен «Қыз қуу» аяқталды,
Бағасын берсе дейміз әділқазы
Ойынымыздың шарттары да аяқталып қалды. Енді қыз-жігіттеріміздің ұпайларын толықтай білсек. Әділқазылар кезек өздеріңізде.
Сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
І жүргізуші:
Әділқазыларға рахмет! Енді төмен ұпай алып қалған жігіттеріміз бен оның жұптары біртіндеп алға шығып кездеседі. Қыз жігітті қамшымен бір рет ұрады. Енді ортамызға «Махаббат шыңына» шыққан жұбымызды шақырайық.
Қалған екі жұпты марапаттау сәті.
ІІ жүргізуші:
Ол рас, тіршілікті қадірлейміз,
Пісіріп маңдай термен нанын жейміз
соқпақсыз шалқып жатқан айдын дайміз
Ол рас, ажар беріп бәрімізге,
Айналды әсем дүние әнімізге
Кім білген, мынау тағдыр өрін тосып
Толқынын қарсы айдар әлі бізге
Қат-қабат толқын жапқан тіршілікке
Қаншама алданармыз күйші-үмітке
Күлімдеп гүл өсірсек бақшамызда,
Кей мезгіл мұңаярмыз күрсініп те.
І жүргізуші:
Махаббат – мәңгі сыр ғой сақталатын
Махаббат – асыл жыр ғой жатталатын
Махаббат –жолаушы емес, бір кеш түнеп
Ауылдан таң саз бере аттанатын
ІІ жүргізуші: Ұлтымыздың әр сөзі асып жатыр кәдеге,
Осыменен «Қыз қуу» келіп жетті мәреге.
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар, салт-дәстүрге, өнерге жақын болыңыздар. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңдар емес» деп В.Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп-пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ. Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілейміз. Еліміздің ардақты ұлы мен инабатты қызы болыңыздар!
«Қыз қуу» ойынының шарты
- Берілген сөздер арқылы сезімдерін білдіру
- «Тығырыққа тірелгенде …» (ситуациялық сұрақтар)
- «Өнерің болса, қанекей!» өнер көрсету. Өнерді жігіттер көрсетеді. Қыздар жігіттерге үйден дайындап келген өз сыйлықтарын береді.(Жүргізушілер арқылы)
- «Ұйқасын тап» (кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемді одан әрі жалғастыру керек. Қызықты ұтқыр, мағыналы жауап беру)
- Өз жұбын көзіне елестете отырып сипаттау
- Ұпайлар санын есептеп, жеңімпазды шығару.
«Қыз қуу» ойынының шарты
- Берілген сөздер арқылы сезімдерін білдіру
- «Тығырыққа тірелгенде …» (ситуациялық сұрақтар)
- «Өнерің болса, қанекей!» өнер көрсету. Өнерді жігіттер көрсетеді. Қыздар жігіттерге үйден дайындап келген өз сыйлықтарын береді.(Жүргізушілер арқылы)
- «Ұйқасын тап» (кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемді одан әрі жалғастыру керек. Қызықты ұтқыр, мағыналы жауап беру)
- Өз жұбын көзіне елестете отырып сипаттау
- Ұпайлар санын есептеп, жеңімпазды шығару.
«Қыз қуу» ойынының шарты
- Берілген сөздер арқылы сезімдерін білдіру
- «Тығырыққа тірелгенде …» (ситуациялық сұрақтар)
- «Өнерің болса, қанекей!» өнер көрсету. Өнерді жігіттер көрсетеді. Қыздар жігіттерге үйден дайындап келген өз сыйлықтарын береді.(Жүргізушілер арқылы)
- «Ұйқасын тап» (кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемді одан әрі жалғастыру керек. Қызықты ұтқыр, мағыналы жауап беру)
- Өз жұбын көзіне елестете отырып сипаттау
- Ұпайлар санын есептеп, жеңімпазды шығару.
«Қыз қуу» ойынының шарты
- Берілген сөздер арқылы сезімдерін білдіру
- «Тығырыққа тірелгенде …» (ситуациялық сұрақтар)
- «Өнерің болса, қанекей!» өнер көрсету. Өнерді жігіттер көрсетеді. Қыздар жігіттерге үйден дайындап келген өз сыйлықтарын береді.(Жүргізушілер арқылы)
- «Ұйқасын тап» (кеспе қағаздарды таңдап, ондағы жазылған сөйлемді одан әрі жалғастыру керек. Қызықты ұтқыр, мағыналы жауап беру)
- Өз жұбын көзіне елестете отырып сипаттау
- Ұпайлар санын есептеп, жеңімпазды шығару.
Ұқсас тақырыптар:
- Мамандығым - мақтанышым.
- Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.
- Тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
- Информтаика. «Информатика және махаббат» кеші.
- Конкурс чтецов. Тема: В гостях у зимы (сценарий).
- Қош бол құтты Әліппе!
- Интеллектуалдық турнир «Топжарған» (сценарий).
- Кітап – рухани сарқылмас қазына (библиографиялық сабақ).
- Физикалық кеш «Бір кесе шай және физика» (сценарий)
- Математикалық кеш сценарий. «Тапқырлар тартысы».