Оқытудағы өзгерістер.
Кадргалиева Аякөз Болатқызы. Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы. М. Өтемісов атындағы НЖББ Мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин. «Бір атаның балалары» көрнекті презентация
«Білімді ұрпақ- болашақтың кепілі»демекші,қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты саясатының бірі.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу XXI ғасырдың басты талабы.
Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге,топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін үйреткен, жүйелі қолдануға бағыт бағдар берген үшінші деңгей бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсын айтар едім.
Мен 2013 жылдың наурыз- мамыр айларында «Назарбаев зияткерлік мектебінде»педагогикалық шеберлік орталығында Айтпукешов Айдарбек Төлепович бастаған ұжымнан өз білімімді жетілдірген болатынмын. Осы курста бағыт бағдар сілтеп топтық жұмыс түрлерін,жеті модул аясында сабақты ұйымдастырып өткізуді трениріміз Абакиева Лилия Елемесқызы мен Исмагулов Аслан Әлібекұлына рахмет айтамын. Бізбен 3 ай бойы жұмыстанып, жаңа технологияның әдіс- тәсілдерін меңгертті.
Қазіргі таңда оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы сабағымды ұйымдастырғанда байқағаным шәкіртім алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға,өзгелердің пікірін түсінуге немесе теріске шығаруға үйренді. Курста топтық жұмыс тиімді болатындығын Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен.Ең бастысы топта бала оқшауланып оқымайды. Топта бірлескен жұмыс, бір-біріне қолдау,топтық рух мадақталады.Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.Мен үшінші деңгей бағдарламасы бойынша білімімді жетілдіргеніме өте қуаныштымын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»деген ойын қолдай отырып саналы,білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздық рух, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.
Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин. «Бір атаның балалары» көрнекті презентация
Ұқсас тақырыптар:
- Қазақ тілі мектебінің бүгіні мен болашағы (баяндама).
- 6-сынып. Орфография мен орфоэпия. Орыс сыныбындағы қазақ тілі.
- «Тіл білгірі» лингвистикалық ойын (үлгерімі төмен оқушылар арасында ( 6, 7 -сыныптар)
- Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
- Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин «Бақыт жолына» пьесасы,11 сынып
- Қазақ тілі. Сан есім.
- «Ғұлама ақын, данышпан – Шәкәрім Құдайбердіұлына 154 жыл»
- Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер.
- Қазақ тілі. Есімдіктерден өткенді қайталау.
- Сөздердің байланысу тәсілдері.