Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Қазақ тілі мен Әдебиеті, Тарих

Спандияр Көбеев. «Қалың мал» романы

Опубликовал в 6 Январь 2014 – 01:55Нет комментариев

Азғалиева Амангүл Құттыбаевна. Орал қаласы, инженерлік – технологиялық колледжі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,  

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды хх ғасырдың басындағы әдебиетпен таныстыра отырып,Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларға Спандияр Көбеев шығармаларын тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып, өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға Спандияр Көбеев шығармаларын тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып, өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс, практика элементтерімен.
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: сұрақ - жауап, іздену, талдау.
Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдар: Кітаптар, ширмалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:
Аудиторияның сабақ жүргізуге дайындығын, оқушылырдың сабаққа дайындығын тексеру, түгелдеу.

2. Өткен тақырыпты тексеру:
1.  А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығының түсінгенін сұрау.
2. Сұрақ – жауаптар арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.

а) А.Байтұрсыновтың өмір сүрген жылдары?
б) «Маса», «Қырық мысал» өлеңдері қай жылдары, қайда басылып шықты?
в) А. Байтұрсыновтын макалаларында қандай мөселелер қозгалған?
г) А. Байтұрсыновқа М. Әуезов қандай баға берген?

3.  Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Спандияр Көбеев. «Қалың мал» романы

  1. 1.      Қызығушылықты ояту.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін, Спандияр Көбеев. «Қалың мал» романын жалпы шолу арқылы түсіндіру.

Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған.

Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды. Ұстазы

Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады. С.Көбеев балаларды Ыбырай әдісімен оқытады, ғылым негіздерін үйретеді. Мүғалімдік қызметінің алғашқы жылдарында И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сабақтарында пайдаланады. Ақыры көбейіп, өңделген шығармалары 1910 жылы Уфа қаласында “Үлгілі төржімө” деген атпен басылып шығады.

Ұстазы Ы.Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған С.Кебеев 1912 жылы Қазан қаласында “Үлгілі бала” кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бүл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді.

С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.

Надандыққа, ескішіл, сорақы салтпен күресу мақсатында ағартушыға көмекші құралдардың бірі - көркем әдебиет деп берік шешімге келген С.Көбеев “Қалың мал” романын жазады.

С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді.

Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма.

Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен.

Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді.

Кітаптың революция алдындағы қазақ өмірі шындығының талай-талай көріністерін және сол оқиғаларға жазушының өзі қалай араласқанын, оның қандай көзқараста болғанын байқауға болады. Мемуардың соңғы тарауы жазушының совет дәуіріндегі өмірі мен еңбегіне арналған.

С. Көбеевтің жарық көрген шығармалары:

С. Көбеев. «Үлгілі тәржімә» Қазан, 1910; «Үлгілі бала» Қазан, 1912, «Қалың мал» (Роман). Қазан, 1913; Алматы 1953. «Орындалған арман.» Алматы, 1951 1954, «Таңдамалы шығармалары». Алматы, 1960.

1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылы “Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім” атағы берілді. 1949 жылы екінші рет “Ленин” орденін кеудесіне тақты. Көрнекті қоғам қайраткері өзінің халық ағарту қызметіне арнаған өмірін “Орындалған арман” өмірбаяндық кітабында өрнектеді.

Ол 1956 жылы 78 жасында қайтыс болды.

  1. Мағынаны тану. «Қалың мал» романының түсінгенін оқып келу алдын –ала тапсырылған болатын, соны пысықтау және жаңа тақырыпты толық меңгеру мақсатында тапсырмалар беру

1-      тапсырма. Концептуалдық кесте құру

  Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге баға

 

            2 –тапсырма. Композициялық құрылымын талдау

  1. Басталуы
  2. Дамуы
  3. Байланысы
  4. Шиленісуі
  5. Шарықтау шегі
  6. Шешімі
  1. 3.      Жаңа сабақты бекіту.

Бекіту сұрақтары:

  1. «Қалың мал» романы қай жылы жазылды?
  2. Романның тақырыбы қандай?
  3. Алғашқы өлеңдер жинағы қалай деп аталады?
  4. Қай, жылы қайда жарық көрді?
  5. Педагог – жазушының туған жері?

5.Үй тапсырмасын беру. Сахналық көрініс дайындау. (Романнан үзінді)

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.