Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Сыныптан тыс жұмыстар, Таңдаулы, Технология, Бейнелеу, Музыка, Д/Ш, Тәрбие сағаттар

Мамандығым - мақтанышым.

Опубликовал в 14 Январь 2014 – 17:09Нет комментариев

Аманбаева Мейрамкүл Жасұзаққызы. № 194 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.

 Мамандық таңдау кешінің бағдарламасы

Қатысушылар:     Мұғалімдер, шақырылған қонақтар, 9-11 сынып оқушылары, жетекшілері.

  Кешті ұйымдастырудың мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа  бейімделуі мен қабілеттілігін анықтау қажет  екендігін сезіндіру; Ата-аналарға жеткіншектердің болашақта таңдайтын мамандығын өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін ұғындыру; Қатысушы мамандардың өмір жолынан, еңбектерінен естеліктерін, қыр-сырларын тыңдата отырып,  мамандықтар әлеміне қызығушылықтарын арттыру, үлгілі  маман иелерінің қызметін,мемлекетке  қосқан үлесін үлгі  ету; Шақырылған қонақтардың тізімі: 1. Ауыл әкімі Әзия  Қыстаубаева 2. Ұстаз  Тұрлығұлова Күнімкүл апай 3. Мектеп директорының ғылыми жұмыстар   жөніндегі орынбасары   Қ.Таженов 4.  Ауылдық   учаскелік полицейі Ибраев    Досжан 5.  Дәрігер Байсынова  Кенже 6.  Аудандық  Жаңақорған аудандық   агротехникалық колледжінің маманы   Бектуров Әбен ағай 7. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры,   депутат   Ақылбек Жәнібеков 8. Заңгер Байұзақұлы Ғабит 9.  Жасөсіпірімдер инспекторы Кештің өтілу барысы: 1-жүргізуші: Қош келдіңіздер,қадірлі қонақтар! 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,ата-аналар,құрметті  мамандық иелері,мектеп түлектері. 1-жүргізуші:   Құрметті  түлектер! Ұлы   данышпан атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан» деп сіздердей жалынды жастарға  өмірдегі өз орнымызды  жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосу үшін еңбектенуіміз қажеттігін ескерткендей емес пе? 2- жүргізуші: Олай болса: «Мамандықтын бәрі жақсы,тек таңдай білейік!» атты мамандық таңдау кешімізді бастаймыз. 1- жүргізуші: Бүгінгі мектеп оқушыларының алдында «Кім болам?», «Неге қабілеттімін?», «Қай жерге  керекпін?» , «Мен не істей аламын,не істей алмаймын?», «Мен үшін өмірде  не маңызды?»  деген сан алуан сұрақтар тұрғаны анық. Талапкерлердің жүрек түпкірлеріндегі ой-арманы,алдына қойған мақсаттарын, қандай маман болғысы келетіндеріндерін шешу де оңай емес. 2- жүргізуші: Мамандық  таңдау кешімізді ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Қансейтова Құрбанкүл апайға беріледі. 1-жүргізуші:  Ал біздің мектептің  жас ұлан  тобы мамандық жайлы  не білер екен, тәлімгер апайларымызды  ортаға шақырамыз. 2- жүргізуші: Мамандық таңдау  жолы.Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне өте үлкен мәнге ие.Мамандық таңдауына, рухани құндылықға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына  әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады: - жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі; -өзінің өмірлік позициясын қорғай алуы; -қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу; -құқықтық мәдениетті дамыту; 1- жүргізуші: Жалпы мамандық дегеніміз не? 2-жүргізуші:Мамандық қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.      Ал мамандық таңдау дегеніміз не? 2- жүргізуші: Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Келешекте өкінбейтіндей,өз қабілеті мен бейімділігіне сай  кәсіп түрін таңдау. Бұл  өте жауапкершілікті және маңызды іс.Мамандық таңдауда әр адам өзінің    қызығушылығына,қабілетіне,бейімділігіне,қалауына сүйену керек.Сондай ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. 1- жүргізуші: Соңғы кездері жоғары сынып оқушылары тарапынан тұрмыстық және өндірістік  дизайн безендіру,инженер-технолог,геолог, дәрігер,фармацевт,дәнекерлеуші, эколог мамандықтарына қызығушылық артуда. 2- жүргізуші: Қай мамандық  болмасын білімді,еңбекке деген шығармашылықты талап етеді. 1-    жүргізуші: Өзінің сұранысын,қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер,мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.Ал өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,байланыс, коммуникация,әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында қазба байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет. 2- жүргізуші: Мамандық  таңдаудың екі әдіс тәсілі бар. Біріншісі әдіс-сынақ және қателік.Адам нағыз мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады,бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар,еңбектің    жартысы кетуі мүмкін. 1-жүргізуші: Екінші әдіс қандай мамандық таңдаса да әрбір әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін,ойын,есте сақтауын,қабылдауын, жүйке жүйесін,қалыбын білу. Өзің туралы білген соң мамандық әлемімен танысуға,сол мамандықтағы өз мүмкіншілігіңді,адамның маманға сай болуы жөнінде білуінде болады. 2- жүргізуші: Тағы да үшінші жолы бар. Ол өзіңнің ата-анаңнан, ата-бабаларыңның мамандығын таңдау.Мұндай  жағдай егер отбасында  мамандықтың  ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. 1- жүргізуші: Қалай айтсақ та мамандықтың жаманы жоқ,тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет  керек. Дегенмен ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен бейімділік қажет. 2- жүргізуші: Құрметті  талапкер достар, бітіруші түлектер! Кеше ғана тарыдай  болып мектеп табалдырығын  аттаған болсаңдар, бүгінде  мектептен ұшып, арман қуғалы ата-ана,ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын ұмытылмастай әрбір  жүректе қалары сөзсіз. 1- жүргізуші: Өздеріңде өкшелеген бауыр бар, Ертіп жүрсең-боласыңдар бауырмал. Жолайрықта дұрыс бағдар берілсе, Әрқайсының  шығатұғын шыңы бар,-дей келе келесі кезекте кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстырып өтейік. 1. Ауыл әкімі Әзия  Қыстаубаева апай 2. Ұстаз  Күнімкүл апай 3. Ауылдық учаскелік полицейі    Досжан  ағай 4. Дәрігер Байсынова  Кенже апай 5. Аудандық  №13 агротехникалық колледжінің мамандары Әбен ағай 6. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры ,депутат   Ақылбек Жәнібеков  ағай 7. Мектеп директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қ.Таженов ағай 8. Заңгер маманы Байұзақұлы Ғабит ағай 2- жүргізуші: Қолдайтын игі істер мен бастаманы Ынтымақты ауылдан басталады. Құт-береке дарыған бұл ауылды Әкім  апай Әзия басқарады Ауылымыздың мәселелерін ақылмен шешіп, әлеуметтік жағдайды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізетін, жақында Астана қаласына барып Елбасының қабылдауында болып,сый-құрметке бөленіп келген   Сунақата     ауылының әкімі Ә.Қыстаубаева апайымызға сөз кезегін береміз.Сіздің бүгінгі биіктен көрінуіңізге мамандық таңдауыңыз, еңбек  жолыңыз ықпал етті ме, осы жөнінде әңгімелесеңіз 1-жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді. Оқушының ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты,оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің  үлгісі. Сондықтан да   жақсы ұстаз бала жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Ұстазға барша шәкірт басын иген, Қай кезде де сәлем етіп кішірейген Сыйға- сый, сыраға бал деген  сөздің Болмаса  ережесін бұза білген Өйткені Ұстаз-ана,ұстаз-дана, Мамандық ол ерекше, жеке дара деп пікірлесу кешіміздің келесі сұрағын ортамызда ұстаздық жолмен ұзақ  жылдар      осы мектебімізде қызмет атқарған, балалардың жүрегінен  орын алған,білімін үйретуде ұстаздық мамандықты таңдаған ұстазымыз Күнімкүл апайымызға сөз кезегін  берсек. Мұғалім  беделді болу үшін қандай  қасиеттерімен ерекшелену керек, осы тақырыпта өз ойларыңызды білдірсеңіз.Және  мамандық таңдауға қандай  кеңес берер едіңіз. 2- жүргізуші: «Икеміңе қарай еңбек ет»деген.Кәсіптің түрі өте көп. Тірліктің көзін табуға үлгілі еңбегімен танылып,көпшіліктің көңілінен шыға білген, халыққа қызмет етуде жүйелі жұмыстарымен көзге түсіп депутат сайланған ,аудандағы жұмыспен қамту орталығының директоры Ақылбек ағайға сөз кезегін берсек. Қазіргі таңда қоғам қандай мамандықтарға зәру ,қай мамандықты таңдауға,жұмыс түрін таңдауға кеңес берер едіңіз? 1- жүргізуші: Ғылым   мен техника дамуының негізгі кезеңдері мен қазіргі ғылыми  техникалық жетістіктері, еліміздің әл-аухатын және мәдени дәрежесін арттырудағы техникалық маңыздылығын меңгертуде аудан орталығындағы №13 кәсіптік лицейден келген мамандарға Сөз кезегін берсек. Өз мамандығыңыз  жайында және сіздер жұмыс жасайтын лицейдің даярлайтын мамандықтары жөнінде түсіндіре өтсеңіз. 2- жүргізуші: Қай кезде де адам өмірінің маңыздылығын сақтауда,өмірін қорғауда Заңның маңызы зор. Заң талаптары арқылы өз құқыңызды қорғай аласыз.Осы бағытта  елге қызмет жасайтын ауылдың заңгер маманы                                        ағайға сөз кезегін береміз 1- жүргізуші: Дені сау адамның ынтасы да, қабілеті де жоғары болмақ. Адам денсаулығының арашасы болуды таңдаған ақ халатты абзал жан,білікті дәрігер Байсынова Кенже апайымызға сөз кезегін берсек. Қиындығы мол ,жауапкершілігі жоғары бұл мамандықты  таңдауыңызға не себеп болды? Дәрігер болу үшін адамның бойында қандай икемді қабілеттер болу қажет? 2-жүргізуші: Елдің тыныштығы бәріміздің тыныштығымыз. Ауылдың тыныштығын сақтауда,қылмыстарға қарсы күрес жүргізуде полиция мамандығын таңдаған Досжан ағамыз ортамызда.Досжан ағай  түн-күн демей жұмыс жасайтын бұл мамандықты таңдауға не себеп болды,еліктеу арқылы таңдалды ма,әлде спортқа бейімділігіңіз болды ма? 1-жүргізуші: Ғалым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі  ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!Мектебіміздегі үлгілі ұстаз,өзінің шәкірттеріне биология пәнінен білім беріп,мамандыққа баулуда аянбай еңбек ететін  директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қалмахан ағайға сөз кезегін берсек.Зейнеп апай екеуіңіз ұзақ жылдар ұстаздық етіп келесіздер.бүгінгі түлектерге  мамандық таңдау жөнінде қандай кеңес берер едіңіз? 2- жүргізуші: Өнер десе халық ішкен асын жерге қояды. «Өнерлі өрге жүзеді» деген. Ауылымыздың мәдениет саласында еңбек етіп, ұстаздық қызмет атқарып,балаларды өнерге баулуда үлгілі еңбегімен көрінетін Тұрсынбек ағайымызға сөз кезегін береміз.Өнерге бейім,қабілетті оқушылардың мамандық таңдауына қандай кеңес берер едіңіз? 1-жүргізуші: Заң баршаға ортақ. Қылмыс жасағандар жазалануы тиіс.Алайда әділдік жолмен ақиқатты тану оңай жұмыс емес.Ортамызда осы мамандық иесі жасөсіпірімдер инспекторы     ағай отыр. Сіздің  мамандық таңдауыңызға кіәмдер ықпал етті.Ата-анаңыз,әлде  өз шішіміңіз бе? Мамандық таңдауда толғандырып жүрген мәселелеріңізді, осында отырған мамандық иелеріне сұрақтарыңызды беру үшін  мектеп түлектеріне, 9- сынып оқушыларына сөз кезегін берсек 2-жүргізуші: Мамандық алғың келе ме, Мамандық өзі немене? Айналаң толған мамандық Айналаң толған өнеге. Тыңдайық, кәне ойлайық, Білімге терең бойлайық Оқыған маман –шын маман, Мамандық алмай қоймайық. 1- жүргізуші: Үйренем десең жалықпа, Мамандық сырын анықта. Қолыңнан жұмыс келмесе Тие ме пайдаң халыққа Еңбектің бәрі мамандық Жер-көктің бәрі мамандық Білуге бәрін талаптан Танытып нағыз адамдық 2-жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт Армандар алға жалғансын Соқса да дауыл өрт болып өмір Қанаттар балғын талмасын –деп     құрметті қонақтар,бүгінгі «Мамандығым-мақтанышым » атты  кездесу кешімізді   аяқтаймыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.