Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

Ғарышқа саяхат (6-7 сыныптарға арналған сыныптан тыс сабақ).

Опубликовал в 15 Январь 2014 – 23:56Нет комментариев

Який Хайрат. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебінің география пәні мұғалімі.

Мақсаты:       -  түрлі географиялық мәліметтер  мен қызықты деректер арқылы оқушылардың география  пәніне деген қызығушылығын арттыру, экологиялық тәрбиеге үйрету, отансүйгіштікке  тәрбиелеу, дүниетанымын  дамыту.
Құралдар:    Компьютер, Дүние жүзі және Қазақстанның саяси карталары, кестелер, үлестірмелер. Сабақтың толық нұсқасын көрекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі)
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім. (Жеңімпаздарды анықтау)

І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі) Мақсатын  түсіндіру, оқушыларды топқа бөлу, орналастыру, танысу кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.

1-а ялдама-Шолпан.  Сен өз атыңа лайықсың ба?
1-топ. Гидросфера тақырыбы бойынша.
2-топ. Атмосфера тақырыбы бойынша өз ойларын айту.

2-аялдама-Нептун. Жұлдыздар сыры. (Бір жұлдызды таңдап, ондағы сұраққа бірден жауап бер. 12 жұлдыз)

    • 6 материкті ата.
    • 4 мұхитты ата.
    • Күн жүйесінде неше планета бар. Аттарын ата.
    • Глобус.
    • Жердің ішкі құрылымы.
    • Жанартау.
    • Гейзерлер.
    • Жердің серігі
    • Айсберг.
    • Арал.
    • Экватор.
    • Меридиан.

3-аялдама-Уран.  Кім тапқыр. (1 әріпке 10 атау)

Атаулар

Мемлекет
Қала
Тау
Арал
Көл
Өзен
Аң
Құс
Ағаш
Жеміс

4-аялдама-Юпитер.  Әр сұраққа-бір жауап.

      • Дүние жүзіндегі ең биік тау. (Эверест)
      • Қазақстандағы ең биік тау. (Хан -Тәңірі)
      • Ең үлкен көл. (Каспий)
      • Ең терең көл. (Байкал)
      • ъЕң үлкен арал. (Гренландия)
      • Ең ұзын өзен. (Ніл)
      • Ең суық материк. (Антарктида)
      • Қазақстандағы ең ұзын өзен. (Ертіс)
      • Ең терең шұңғыма. (мАРИАН)
      • Сақинасы бар планета. (Сатурн)
      • Жер шарындағы ең ірі шөл. (Сахара)
      • Ең кішкентай материк. (Австралия)

5-аялдама-Марс.  Қане, бөлісейік.

Ұғымдар

Көл

Өзен

Балқаш, Ертіс, Есіл,
Сырдария, Мичиган,
Виктория, Байкал, Ніл,
Амазонка, Арал,
Каспий, Гурон, Чад,
Титикака

6-аялдама-Сатурн. Қатесін тап!

1-хат.   Материктің ішіндегі тұйық сулы өлкені-теңіз деп атайды.
Дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз бұл-Каспий.

2-хат.  Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын суды –көл деп атайды. Жер шарындағы ең терең көл-Арал теңізі. Қазақстандағы  ең үлкен көл-Ертіс.

3-хат.  Солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтарды параллель деп атайды. Меридиандардың ұзындықтарды әртүрлі. Ең ұзын меридиан бұл-экватор.

4-хат.  Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен 50-орында және ол Африка материгінде орналасқан. Оның астанасы Алматы қаласы.

7-аялдама-Меркурий. Сыңарым қайда?

1-бағандағы сұрақтардың жауабын 2 бағаннан тауып, сәйкестендіріңіздер.

Терминдер

 

Мағынасы

1 Материк А Жер бетінің  маңайындағы жазықтарды оқшау көтеріліп келе жатқан, беткейлері қия болып келетін биік бөлік.
2 Флюгер Ә Жанартау атылғанда жер бетіне шығып төгілетін отты қоймалжың зат.
3 Шығанақ Б Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы.
4 Тау В Желдің бағытын анықтайтын құрал.
5 Мұхит Г Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан бөлігі.
6 Лава Ғ Мұхиттың, теңіздің, көлдің құрлыққа сұғына кіріп жатқан бөлігі.

8-аялдама-Плутон.  Картамен жұмыс.

1-топ. Австралия материгін, Солтүстік Мұзды мұхит, Оңтүстік Қазақстан облысын, АҚШ-ты, Астана қаласын көрсет.
2-топ. Оңтүстік Амарика материгін, Тынық мұхитты, Шығыс Қазақстан облысын, Қытай мемлекетін, Алматы қаласын көрсет.

9-аялдама-Жер. 

Қорытынды.
Жеңімпаздарды анықтау.

Сабақтың толық нұсқасын көрекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.