Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып, Орыс тілі _ Русский язык, Шет тілі, Педагогика, Таңдаулы, Тәрбие сағаттар, Қазақ тілі мен Әдебиеті, Тарих

БІЗ 1 ЖАСТАМЫЗ!

Опубликовал в 6 Январь 2014 – 11:59Нет комментариев

Былтыр наурыз айында – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында арманның ақ желкенін керіп, ақпарат айдынына жаңадан «Ақжүніс-Астана» журналы қосылып еді. Басылым бір жылдың ішінде республикамызға кеңінен танылған сапалы журналдар қатарына қосылып үлгерді. Біздің журнал арқылы аты аңызға айналған бірнеше тұлғаның есімі елге танылды, халыққа ерен еңбегімен үлгі болған қаншама тұлғаның өмір жолын насихаттадық, нағыз кәсіби, білікті мамандардың, ел үшін еңбек етіп жүрген ер-азаматтармен қатар, қазақ қыздарының келбетін, іскер әйелдердің жетістіктерін, аяулы аналарымыздың өмір баспалдақтарын жастарға үлгі еттік. Республикамыздағы жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігін, ел болашағы жолында атқарып жатқан қызметін насихаттап, елге жеткіздік. Танымал адамдар, қазақ өнерінің жарық жұлдыздарымен бірге, есімі елге таныла қоймаған жас өнерпаздарды жұртқа таныстырдық. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мұрат еттік. Болашақта да осы мақсатта қызмет ететін боламыз.
Құдайға шүкір, халықтың журналға деген қызығушылығы күннен-күнге артуда. Іздеушілер, сұраушылар, жаздырушылар көбейген сайын журналдың болашағына деген сенім де беки түсті. Интернет-сайтымыз ашылды. Айта берсек, бір жылдың ішінде аз еңбек етпеген тәріздіміз.
Дегенмен, халықтан асқан сыншы жоқ. Еңбегімізге баға беретін де, көңілімізді көкке өрлететін де – ӨЗДЕРІҢІЗСІЗДЕР! Еңбек етпесек – бізге серт, еңбекті бағаламасаңыз – сізге серт, қадірлі оқырман! Журнал сапасының артуы тікелей өздеріңізге байланысты екенін ұмытпағайсыздар. Атсалысыңыздар!
«Ақжүніс-Астана» журналына жазылыңыздар, www.akjunis.kz сайтына кіріңіздер, пікір қалдырыңыздар. Блогер ретінде тіркеліп, өз жазбаларыңызды жариялауларыңызға болады. Ол үшін редакциямызға қоңырау шалыңыздар: 8 (727) 234-73-94 немесе 8 701 570 0400
Біз сіздермен тығыз шығармашылық байланыс орнатуға дайынбыз.

Құрметпен,
Бас редактор Сәуле Әбединова

«Ақжүніс-Астана» журналы  —->

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.