Қаратаудың - қызыл қызғалдағы.
Майра Зұлпыхарова
Аудандық оқушылар үйінде өткен «Қаратаудың қызыл қызғалдағы» атты тақырыпта «Жас биолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен, үйірмеішілік ашық сабақтың
Жоспар:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға елімізде өсетін қызғалдақ гүлінің құрылысымен, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Ә) Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдерін дамыту, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларға табиғат байлықтарын қорғауғай білуге, тұлғалық ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау.
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, гул сұрақтары, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
в) Оқушыларды жаңа сабаққа назар аударту.
Алғандықтан терең білім,қайрат тың,
Болашаққа нық сезіммен барамыз.
Айдынында білім атты мұхиттың,
Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз!
Олай болса сабағымызды жақсы көңіл – күймен бастайық!
ІІ. Үй тапсырмасы:
Гүл таратпалары арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1.Бұл өсімдікпен,Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.оны тұмау тигенде пайдаланады,жуаның інісі.Бұл қандай өсімдік?(Сарымсақ)
2.Бұл өсімдіктің отаны-Оңтүстік Америка.Құрамынан спирт, крахмал алынады.Көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтеді.Бұл қайдай өсімдік? (Картоп)
3.Бұл жемісті косметика жасауда көп пайдаланады,құрамында 98 процен су бар.Бұл қандай өсімдік?(Қияр)
4.Бұл жемісті асқазан ,бүйрек ауруларында көп қолданады.Шөл қысқанда таптырмайтын жеміс.Бақша дақылдарына жатады,Бұл қандай өсімдік.(Қарбыз)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жайқалып тұр саяжай мен далада
Ұнатады бұл гүлді, үлкен –кіші, балада
Атауына “қыз”деген тағы бар
Ойландағы гүлді тауып ал.
Жауабы: «Қызғалдақ»
Лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11түрі- Қазақстанның символы болып саналады.Бұлардың биіктігі 3-50 см.Сабағы жұмыр, тік өседі.Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ,қызыл ,сары,ақ болады.
Қызғалдақтардың көпшілігі Қаратау,Алатаумен шектесіп жатқан аудандардың далалы және таулы аймақтарында кездеседі.
13 түрі Альберт,Борщов,Грейг Кауфман,Шрен қызғалдақтары қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабіна» енгізілген.
Көбеюі - гүлде арнайы жыныс жасушалар- аталық және аналық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс жасушасы- жұмырқа жасушасы аналықтың түйінінде тұқымбүршікте түзіледі.Аталық жыныс жасушалары аталықтағы тозаңқапта түзілген тозаңда орналасады. Тозаңдануы- айқас тозаңдану.Бір гүлдің аталық тозаңның екінші гүл аналығының аузына түсуі.Айқас тозаңданудың жолдары көп, мысалы:жәндіктер,жел,су,құстар,арқылытозаңданулар.Соның ішінде қызғалдақ, сарғалдақ,көкнәрдің хош иісті болмағанымен гүл күлтесінің реңі ашық ,сол себепті жәндіктер осы өсімдіктердің нәрлі тозаңы мен қоректену үшін қонады.Жемісі- құрғақ қауашақты.Тамыры – пиязшық.
Қызғалдақ гүлінің құрылысы – аталығы , аналығы,күлтесі,гүл табаны,гүл сағағы,жапырағы,тамыры- пиязшық болады.Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігінің тамыры – пиязшық.
Адам өміріндегі маңызы
Қызғалдақ гүлі- әсемдік және хош иісті заттар алуда маңызы өте зор.Сонымен қатар емдік қасиетіменде бағалы.Пиязшығының құрамында 50-60 процент крахмал мен қант жиналады.Бауыр ауруларына таптырмайтын ем.
Аңыз әңгімелер
Аңыздарға сенсек,жаугершілік , ұрыс даласында ата – бабаларымыздың жаны мен қанын қиып соғысқан ерлігінің белгісі іспеттес.Сол батыр бабаларымыздың қаны тамған жерлерге арада бірнеше жылдан кейін қанқызыл қызғалдақтар шыққан деседі.Расында басқа елге емес ,тек қазақтың кең даласына жайқалып өседі.
Зерттеуші ғалымдардың айтуынша , қызғалдақ гүлінің тарихы парсы халқының 1050 жылдарда жазылған дастандарында кездеседі.
Достық қарым - қатынас
Елбасының 2002 жылы Нидерланды Корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде,сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым қызғалдақ жайында ағынан жарыла – Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, ал Қазақстанды Нидерландиямен байланыстырып тұрды.Осы қатынастар біздің елімізге қызғалдақты әкелді,қазақтың даласында жайқалып өсетін бұл гүл осылайша Нидерландияға жол тапты.Саудада ол ең өтімді өнімге айналды.Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландықтарға барынша танылған экспорттық тауар ретінде бағалануда.Ол біздің ұлттық символымыз іспетті.Қызғалдақ – үлкен сыйлық.Ол екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде жайнап өсе берсін,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа бір себет Қызғалдақ гүлін беріп шынайы ризашылығын білдірген. Осылайша Қаратаудың қызыл қызғалдағы Нидерландияға жол тапты да, Голландиялық тюльпан атымен экспортқа шыға бастады.
ІV. Сарамандық жұмыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» білімділер сайысының кезеңдері:
І.”Ойлан тап!” кезеңі
ІІ.”Кім тапқыр?” кезеңі
ІІІ.”Сиқырлы сандықша”кезеңі
VІ.”Өсімдіктер экологиясын білесіз бе?” кезеңі
І.”Ойлан тап!” кезеңі:
Бұл кезең бойынша әр топқа жұмбақтар жасырылады. Қай топ жұмбақтарды көбірек шешсе , сол топ жеңімпаз болады.
Жұмбақтар.
1.Аналық та, аталық та бір гүлде
Ажырасып көрген емес, ол мүлде
Жарасымды жазылмайтын жұптары
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде. (Қосжынысты)
2.Алуан түсті жайқалып тұр далада
Басты азық бал жинайтын араға
Одан артық сый болмайды анаға. (Гүл)
3.Бір орында топтасқан майда гүлдер
Жиды екен бұл орынға оны кімдер?
Алыстан көрінеді бұрын көзге
Бояуы сан алуан түрлер. (Гүлшоғыры)
4.Жайқалып тұр саяжай мен далада
Ұнатады бұл гүлді, үлкен- кіші , балада
Атауына «қыз» деген тағы бар
Ойландағы осы гүлді тауып ал. (Қызғалдақ)
5.Көпке мәлім оның атағы,
Жемістің ішінде жатады.
Ол көбею мүше болып саналар,
Соныменен өсімдіктер таралар. (Тұқым)
6.Қанттан ақ, бүйірі тоқ,
Жерден алар керегі көп.
Киетіні қызыл ,жасыл көйлектер
Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр? (Пияз)
ІІ. ”Кім тапқыр?” кезеңі
Бұл кезең бойынша екі топқа сұрақтар беріледі, дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.
1.Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді атаңыз? (Қызғалдақ,жауқазын,қазжуа,сепкілгүл,т.б)
2.Қызғалдақ гүлінің жемісі қандай ? (Құрғақ қауашақты)
3.Лалагүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің гүл қоршауы қандай болады? (Күлтемен жабылған және шатыр гүл)
4.Қызғалдақтың тамыры күнделікті асқа пайдаланатын қандай дақылды еске түсіреді. (Жуаны)
5.Лалагүлділер тұқымдасына жататын қызғалдақ, қазжуа,жауқазын гүлдері еліміздің қандай аймақтарында кездеседі? (Қаратау жоталарында,Оңтүстік аймақтың далалы өлкелерінде,Алатаудың жиектерінде)
6.Қызғалдақ гүлінің құрылысын ата? (Күлтесі,аталығы ,аналығы,гүл табаны)
7.Қызғалдақ гүлінің пиязшығының құрамында қандай зат болады? (Крахмал,қант)
8.Қазіргі уақытта қызғалдақтың отаны деп аталатын мемлекетті атаңыз?(Нидерландия)
ІІІ. кезең «Сиқырлы сандықша!»
Оқушылар мына сандықшаның ішінде сурет жасырылған.Әр топ басшысына суреттер беріледі.Суретке байланысты сұрақтар қойылады.
1.топ.
1.Суретте көрсетілген өсімдіктің атын ата?
Островскийлік жауқазын
2.Қандай аймақтарда өседі?
Іле Алатауының төменгі беткейлерінде өседі.
3.Басқа қызғалдақтардан қандай айырмашылығы?
Островскийлік жауқазынның басқа қызғалдақтардан ерекшелігі, гүлінің түсі қызғылт-сары және сары-қызғылт, биіктігі 10 см болады.
2.топ.
1..Суретте көрсетілген өсімдіктің атын ата ?
Қаратаулық (Альберттік ) жауқазын
2.Қандай аймақтарда өседі?
Қаратау жоталарында кездеседі.
3.Басқа қызғалдақтардан айырмашылығы?
Альберттік қызғалдақ онша биік емес, диаметрі 7-8см дейін жетеді.Гүлінің түсі қанық қызыл және қанық сары түрлері бар.
VІ.”Өсімдіктер экологиясын білесіз бе?” кезеңі
Өсімдіктердің тіршілік ететін әр түрлі экологиялық ортасы болады.Алдарыңызға берілген шеңберде әр түрлі өсімдіктердің тіршілік ету ортасы: су, батпақ,дала,шөл –шөлейтті, ағаш діңі, таулы жер деген ұяшықтары берілген.Осы аймақтарда өсетін өсімдіктерді дұрыс тауып,жазу.
І.топ:Балдыр,сексеуіл,саңырауқұлақ.
ІІ.топ:Шымтезек мүгі,қызғалдақ,қына.
V. Сабақты бекіту.Сабақты бекіту сұрақтары.
Білдім
Білгім келеді
Не үйрендім
Оқушыларды бағалау.
Қорытынды.
Қызғалдақ біздің ата – бабаларымыздың аңсап кеткен еркіндіктің,ынтымақтың,бірліктің белгісі.Осындай байлығымыздың шет мемлекет асып кетпеуін, оларды қорғау келешек ұрпақтың қолында,қолда барда алтынның қадірі жоқ – демекші ,қолымыздағы алтынды қадірлей білейік.
VІ.Үйге тапсырма: Біздің өлкемізде өсетін қызғалдақ гүлінің түрлеріне шығарма жазып келу.Сурет дәптерге суретін салып келу.
Аудандық оқушылар үйінде өткен «Қаратаудың қызыл қызғалдағы» атты тақырыпта «Жас биолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен, үйірмеішілік ашық сабақтың
А н ы қ т а м а с ы
27.11.2012жылы сағат10:00де Аудандық оқушылар үйінде
«Жас биолог» үйірмесінің 1топ мүшелерінің қатысуымен ашық сабақ болып өтті. Сабаққа 6-7 сынып аралығындағы 13 оқушы қатысты .
«Ашық сабақтың мақсаты:Оқушыларға елімізде өсетін қызғалдақ гүлінің құрылысымен, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Оқушылардың алған білімдерін дамыту, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру,табиғат байлықтарын қорғауғай білуге, тұлғалық ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі, бұл кезеңде оқушылардың сабаққа даярлығын тексердік.
2. Үй тапсырмасын сұрау,Өткен сабақтармен ой ұштастыра отырып ,үйге берген сабақты сұрақ – жауап арқылы тексердік.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. «Қаратаудың қызыл қызғалдағы» тақырыбы бойынша барлық сұрақтар қамтылды.
4. Сарамандық жұмыс.Оқушылар «Қызғалдақ» және «Сарғалдақ» топ болып сайысқа түсті.
5. Жаңа сабақты бекіту,оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтадық.
6. Бағалау. Сарамандық жұмыс барысында, «Қызғалдақ» тобы жоғарғы балл көрсеткішпен алға шығып өте жақсы бағамен бағаланды.
7. Үй жұмысына тапсырма бердік.
Ашық сабаққа қатысқан қонақтар сабақтың өз деңгейінде жақсы өткенін айтып ,бағалаулар берді.
Анықтама беруші: Зұлпыхарова М.
Ұқсас тақырыптар:
- Бейнелеу өнерінің үйірме жоспары
- Мектеп сайтының құрылымы
- Тема урока: «Путешествие в Страну пунктуаций». (Урок подготовки к ЕНТ).
- EXCEL кестелік процессоры.
- 8 сынып. Информатикадан 1- тоқсанға арналған тест (гуманитарлық).
- Информатика. «Компьютерді озат меңгерген сынып» (стс).
- ИНФОРМАТИКАДАН ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР (7-11сыныптар үшін) 2011-2012 оқу жылы.
- Информатика пәнінен 7-8-9 арналған факультатив сабақ жоспарлары.
- Инф-7-8. Білімді тексеру сабағы (стс).
- Информатика пәні бойынша программалау тілін оқытудың модулдік-жоспары. (9 немесе 10 сынып. КАЗ/РУС). Паскаль. Программный модуль.