«Ән әлемінің королі» (тәрбие сағаты 6 сынып)
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті №3 Шұбарқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жанғали Айгүл Тюлеубайқызы.
Сабақтың мақсаты:
Өз Отанын шексіз сүйетін жастарды тәрбиелеу; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғасытруға тәрбиелеу; мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп тұтуға баулу, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: буклеттер, ән жинағы ,кітаптар,
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, «Ән әлемінің королі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: «Ән әлемінің королі»атанған халық артисі,ұлы сазгер Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған кешімізге қош келдіңіздер
1-жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов 15 тамызда 1930 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданының Шәуілдір селосында дүниеге келген. 1956-1962 жылдарды Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыған, аяқтай алмаған.1950 жылдан бастап творчестволық жұмыспен шұғылданып, 1965 жылы Қазақсатан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған. 1991 жылы 29 желтоқсанда «Қазақстанның халық артисі» атағын алды. Қазақ жастарының бақытты өмірін жырлайтын «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Менің Қазақстаным», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик» т.б халық арасында кең тараған сезімге толы әндердің авторы.
2-жүргізуші: Қысқаша айтқанда 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі Отырар деген ауылда қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері, ақын, ағаштан түйін түйетін ұста, зергер Қалдаяқ пен ойын-тойда құйқылжыта ән салатын Сақыпжамалдың отбасында ХХ ғасырда қазақ әнінің ажарына ашық шырай кіргізіп, оның өрісін әлем көгіне шығарған ән феномені Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді
- Әсемгүл: Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқұлы –күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Сондықтан да 40 жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.
1-жүргізуші: Қазақ әні мен мәдениетінің алтын қорына елеулі үлес қосқан Ш.Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасы-ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы.
- Рифат : Шәмші әндеріне басқа түгілі ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын.300-ге жуық ән шығару дегеніміз-ұлы ерлік!», «Сізге ескерткіш орнату керек» деген екен.
- Самал : ХХ ғ 60 жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап келе жатырған Шәмші әндерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп өсті. Содан да халқымыз оны: «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп мақтан етеді. Шәмші батыс өнеріндегі вальсті қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнеріне айналдырып жіберген.
- Жасұлан : «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» деген рас сөз. Шәмшінің 300-ге жуық әр әнінің өзіне тән туу тағдыры бар.
Жамшид Шәмші атанып оның композиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады..Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.
Тәрбие сағатының толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- 5 сынып. «Адамгершілік – асыл қасиет».
- Химия. Кремний және оның қосылыстары.
- Қазақ тілі 3-сынып. Етістік.
- И-11. ИНТЕРНЕТ желісі
- И-7. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
- Механикалық энергия және сақталу заңы.
- Өзін - өзі тану. “Адамгершілік құндылық”.
- Оқу мен тәрбие егіз (ата-аналар арасындағы жарыс ойыны)
- Бастауыш-2. Байқатпайтын және қорғанатын реңдер.
- Әліппемен қоштасу-ана тілімен достасу (ертеңгілігі).