Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Сыныптан тыс жұмыстар, Таңдаулы

«Информатика мейрамханасы» Сайыс сабақ

Опубликовал в 20 Август 2013 – 15:45Нет комментариев

А.С. Назарбекова Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылы Сасан би атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың пән бойынша білімдерін жүйелеу, саралау;
б) дамытушылық: оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру;
в) тәрбиелік: еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайдтар, карточкалар, әріптер жазылған тақташалар, плакаттар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
1 даяшы:
Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Информатика елінде,
Информатика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысын,
Компьютермен ән салып,
Көңілді кеш жасайық.

2 даяшы: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Информатика мейрамханасы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
1 даяшы: Мейрамханамызға Сасан би атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары келіп жайғасыпты, олай болса, достарымызға саплы қызмет көрсетіп, ас мәзірін ұсынайық.

/2 столға меню беріледі/

Ас мәзірінде:
1. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ
2. Палауға қосылған көңілді анықтамалар
3. Дәмді стандартты программа PAINT
4. Санау жүйелері қосылған винегрет салаты
5. Логикалық сұрақтармен дәмін келтіретін алма салаты
6. Ғажайып десерт «Компьютерден жасалған коктейль»

1. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ
1. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. /бос орын немесе пробел/

2. Пернелік деген атаның,
Немерелері алғашқы.
12 ағайынды,
Есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.
Бұл қандай пернелер? /функционалдық пернелер/

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. /кактус/

4. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/

5. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. /монитор/

6. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер. /бит/

7. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? /сканер/

8. Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. /меңзер/

2. Палауға қосылған көңілді анықтамалар
1. атайды. кодтау белгі белгі Бір көшіруді тобына тобынан деп екінші
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіруді кодтау деп атайды.
2. - ақпаратты Қазақстан бойынша google.kz сайт.аумағы іздейтін
 google.kz - Қазақстан аумағы бойынша ақпаратты іздейтін сайт.

3. Дәмді стандартты программа PAINT
І стол мүшелеріне «Шыршаны безендір» яғни, шырша салып оны безендіру. /3 минут/
ІІ стол мүшелеріне «Қыс мезгілін суретте» /уақыт 3 минут/

Көрермендермен ойын.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап отыру жараса ма?
Зерделеп, сұрақ жауап санаңа түй,
Боласың бар жеңіске ортақ сонда.

Сонымен көрермендерге сұрақ.
1. Ақ доп Қара теңізге түссе не болады?
2. Қай айда 28 күн бар?
3. Алфавиттің ең соңғы әрпі?
4. СTRL+ALT+DEL қандай қызмет атқарады?
5. Мұрын сөзінен сүт сөзін қалай шығаруға болады?
6. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

4. Санау жүйелері қосылған винегрет салаты.  

/Орында отырған топ мүшелері бірінің есебін бірі тексереді/.

І стол                          1111112=?                     100011+110111=?   

ІІ стол                       1000012=?                   100001+100001=?

5. Логикалық сұрақтармен дәмін келтіретін алма салаты

1 сұрақ. Бір торда үш қоян отыр еді. 3 оқушы бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі бір қоян қалып қойды. Ол қалай? /1 оқушы қоянды торымен алды/
2 сұрақ. Екі қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар? /50 саусақ/
3 сұрақ. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп алсақ қанша бұрыш қалады? /5/
4 сұрақ. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есеге арттыр. /999/
5 сұрақ. 3 майшам жанып тұр. 2-уін сөндірсе, нешеуі қалады? /2/
6 сұрақ. Әр фигурадан 2 таяқшадан алып 5 ши деген сөз құра.

6. Ғажайып десерт «Компьютерден жасалған коктейль»

Бұл ойында қатысушыларға қос әрпі бар тақташалар кигізіледі. Әр столдың мүшлері жасырылған сөзді өздеріндегі әріптермен тауып құрастырады.

І стол.

1. Қазақ тілінде - тышқан, орыс тілінде - мышка, ағылшын тілінде - …? /маус/
2. Компьютерде жұмысты бастайтын батырма? /пуск/
3. Қатқыл …? /диск/
4. Интернетсіз ақпаратты қашықтан алу құрылғысы? /
5. Уақыттың ағылшынша баламасы? /тайм/

ІІ стол.

1. Ақпараттың өлшем бірлігі? /байт/
2. Компьютердегі құжаттарымыз не түрінде сақталады? Оның аты және кеңейтілімі болады? /файл/
3. Жұмыс столы. Рабочий …? /стол/
4. Жүйелік …? /блок/
5. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған ақпарат тасымалдағыш? /диск/

1 даяшы.
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! –дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

2 даяшы. Сайысымызға қатысқан оқушыларды марапаттайық. Әр стол бірін-бірі өздеріне лайық номинациямен марапаттайды. Сонымен І стол мүшелері, сіздер қарсы командаға қандай номинация лайық деп ойлайсыздар? Бәрекелді. Ал ендеше ІІ стол сайыскерлері сіздердің қарсыластарыңызға қойған номинацияларыңыз? Рахмет! Осымен «Информатика мейрамханасы» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.