Баяндама: «Ата-ана комитетінің жұмысы мен құқығы»
№162 орта мектептің Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж Опашова 2012 ж
Ата- аналар комитетінің мүшелері өзінің міндеттерін әрдайым айқын біле бермейді. Соныдықтан ата - аналар комитетін сайлаған алғашқы жиналыста олардың алдына нақтылы міндеттер қойып, белсенді ата-аналар жұмысының мазмұны мен әдісін ашып айтып беру қажет. Мектептің ата- аналар комитеті туралы ережеде жалпыға бірдей оқуды жүзеге асыру жөнінде мектепке көмек көрсету, сабақтан тыс уақытта балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеу, сабақ ұлгерімін арттыруда және тәртіпті нығайтуда, көпшілік тәрбиелік шараларды жүргізуде сынып жетекшілеріне көмек көрсету міндеттеріне ерекше назар аударылған. Тәрбие жұмысына тек ата- аналар комитетінің мүшелерін ғана емес, басқа ата- аналарды да тарту қажет. Олар тек өз балаларын ғана емес, барлық балаларды тәрбиелеу үшін де қамқорлық жасайды. Қоғамдық ұйымдар арқылы олар жалпыға бірдей оқу туралы заңды орындауға, ұзартылған күн топтарын ұйымдастыруға көмектеседі, мектеп үйін жөндеп, жабдықтауға, қысқа қарай отын дайындауға көмектеседі. Сынып жетекшілер мезгіл - мезгіл белсенді ата - аналарды жинап, олармен оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы кеңесіп отырады. Әрине, бұл ата –аналарды жұмыс күші ретінде пайдаланды деген сөз емес. Оларды мектеп оқущыларының қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыруға пайдалану әлдеқайда маңызды. Өйткені мектеп үйін жөндеу және дайындау - осының бәрі мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы еңбегінің өте маңызды және қажетті түрлері. Ата - аналарды осы еңбектің шебер нұсқаушылары, ұйымдастырушылары ретінде қатыстырған жөн. Төңіректі тазарту және сыныпты жөндеу үшін топ саяхаттар мен жорықтар ұйымдастыру барысында ата - аналардан түрліше алымдар жинауды қолдауға болмайды.
Бүл үшін оқушылардың өздері ақы төленетін өндірістік еңбекке қатысу арқылы қаражат жинауларына болады.
Ата - аналар активіне сүйене отырып, сынып жетекшілер педагогикалық көмек қажет ететін жанұялармен тәрбие жұмысын жүргіеді. Белсенді ата- аналар бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтын әкелер мен шешелерге қоғамдыө ықпал жасайды. Мәселе, сынып жетекшісі бір оқушының әкесі үйге жиі мас болып келіп, ұрыс шығаратынын, балағат сөздер айтатынын білсе, ол ата- аналар комитетінің мүшелерінің біріне сол үйге барып, баланың әкесімен әңгімелесіп келуді тапсырады.
Егер мұндай әңгімелер әсер етпесе, көмектесу үшін оның жұмыс істейтін жерінің қоғамдық ұйымына қабылдауға болады.
Сыныптың ата - аналар жиналысы - бұл сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу тәрбие жұмысының жәйімен және міндеттермен ата - аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жиналыстар оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Онда балалардың мектепте және жанұяда тәрбиелеудің аса маңызды мәселелер талқыланады. Жақсы дайындалып, шебер өткізілген жиналыстар балалардың мінез- құлқы дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сынып жетекшісінің тоқсан қортындысы мен үлгерімі, тәртіптің жайы туралы хабарлама жасаумен тынып қоймайды. Жанұядағы күрделі мәселелерді шешуге ата- аналарға көмектеседі. Өз балаларын тәрбиелеудегі ата- аналардың кемшіліктерін әрдайым ұжым арасында талқылаудың қажеті жоқ екені туралы тәжірибелі сынып жетекшілер қорытнды жасауда. Себебі бұл жерде нақтылы жағдайды ескеріп, ата- аналардың кемшіліктерін
олардың өздерімен жеке әңгіме өткізгенде айтқан дұрыс.
Ата- ана комитетінің құқы :
- Сынып жұмысына белсене қатысуға ;
- Оқушылардың оқу құралдарының түгел болуына ;
- Сынып жетекшісімен бірге оқушылардың үйіне баруға;
- Сабаққа немесе сыныптан тыс іс- шараларға қатысуға ;
- Өз пікірін , ойын айтуға ;
- Сынып жетекшісімен бірге баласының тәрбиесімен айналыспайтын ата- аналарға шара қолдануға ;
- Қиын балалармен әңгіме , сұхбат жүргізуге ;
- Жанұя және бала құқығын қорғау мекемелерімен тығыз байланыста болуға ;
- Қажетті кезде әр түрлі мамандарды жанұя мәселесін шешуге қатыстыруға құқылы.
Жақсы жолға қойылған ата- ана комитетінің жұмысы нәтижелі болады. Бастауыш сынып оқушылары ата- аналарының сыныптағы іс- шаралараға қатысуына қуанады. Белсенді ата- аналар болғаны сынып жетекшісіне жақсы әсер береді.
Болашақ сынып жетекшісі келешекте жұмыс істейтін балаларды және ата- аналарды көріп, бақылауға, байқауға, мүмкіндік туады деп білемін.
Ашық есік күндері , өзін- өзі басқару күндері , ата- аналар комитетінің қатысуының көмегі өте зор. Тағы бір қызметі сыныптан тыс жұмысқа ата- ана комитетінің белсене араласуы керек. Сыныпта ұйымдастырылып, , жақсылап өткізілетін ата- ана сабақтарына әр бала
өзінің шығармашылығын көрсетіп, жанұядағы дәстүрлерімен , ата- анасымен жақынырақ танысады, көзқарасы өзгереді, ой- өрісі кеңейеді, дамиды. Бұдан басқа ата- ана комитеті мерекелерді, мектепшілік шараларды өткізуде атсалысады. Ата- ана комитеті жалпы жиналыста сайланады. Комитет құзырлығы 1 жыл, бірақ қажеттілік туындаса, жедел түрде сайлануы мүмкін. Сынып жетекшісі жұмысты бастағанда ескерту жасауы тиіс. Комитет мүшесін әрбір ата –ана болып көруге тиіс. Сондықтан , жыл сайын комитет мүшелері ауысып тұрады.
Болашағымыз осы біліммен қаруланған - білімді ұрпақ қолында. Ол болашақ бүгінгі тәрбиелеп отырған сіздер мен біздердің балаларымыз. Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін, ең алдымен, балаға тәрбие берілуі шарт.
Барлық ата - ананың үлкен мақсаты- балаларын үлкен әріппен жазылатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы істе табысқа жету үшін баланы өз ісіне есеп беруге, заңды сыйлауға, өз құқығын қорғай білуге, соңында өзін- өзі тәрбиелей білуге үйретуіміз керек. Осындай мақсатты өмірлік ісі деп түсінетін ата- аналар балаларын қоршаған ортамен айналадағы қоғамдық құбылыстармен, тарихпен, әдеби жаңалықтармен таныстырып, ерінбей еңбек етуге үйретіп, сыпайы қарым- қатынас жасап, күнделікті өмірде дос, сырлас бола біледі.
Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата- аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуіне тікелей байланысты.
Бекітемін:………………..
Мектеп директоры : С. Дүйсебаев
2012-2013 оқу жылындағы 22 қыркүйек Тіл мерекесін қарсы алу мақсатында мектепшілік іс- шара жоспары :
р/с | Атқарылатын жұмыстар мазмұны | мерзімі | Жауапты кісі |
1 | «Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра» атты салтанатты жиын. | 22.ІХ | Опашова ЖСынып жет. |
2 | «Туған тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік концерттік бағдарлама | 22.ІХ | Асылбекова Ж |
3 | «Ару қала – Астана» туралы интерактивті тақтадан слайдты сабақ5-6-7 сыныптар үшін | 21.ІХ | Байтелиева Ғ |
4 | «Тіл достықтың- алтын көпірі» атты ашық тәрбие сағаты 6 сынып | 24.ІХ | Сыздықова Ш |
5 | «Тілім барда, тірімін мен» атты көрме жасақтау. | 17.ІХ | Оразбаева ХҚазақ тілі пән мұғ. |
6 | «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»сайыс сабақ. | 19.ІХ | Ильяшова Г |
7 | «Тіл- біздің ең қымбат қазынамыз»Тіл мерекесіне орай тәрбие сағаттар өткізу. 1-11 сынып арасында | 17-22.ІХ | Сынып жет. |
8 | Тіл мерекесіне орай волейболдан мұғалімдер мен оқушылар арасында спорттық ойын | 20.ІХ | Ділматаев Қ |
Тәрбие ісінің меңгерушісі : Ж Опашова
Ұқсас тақырыптар:
- Баяндама: Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.
- Баяндама: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың өзекті мәселелері.
- Баяндама: Бала және отбасы.
- Өзгеріске бет бұрыс.
- Баяндама. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері.
- Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір мәселелері.
- Мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін оқу-әдістемелік кешенді пайдалану арқылы белсендендіру.
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін интерактивті құрылғылар көмегімен арттыру
- 12 жылдық мектеп мұғалімнің кәсіби тұлғасы (баяндама).