Оқушы жобасы: «Сиқырлы сандар құпиясы»
Жетекші: Кенжеахметова Салтанат, Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі
Оқушы: Қызылорда қаласы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы мектептің 7 Ә сынып оқушысы Нұртаза Қожамберді
Бағыты: математика және информатика
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлемін саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы да осында жатыр.
Жұмыстың мақсаты:
Балаларға сандар құпиясы мен сандардың адам өміріндегі орнын тереңірек түсіндіре білу. Бұл үшін мынадай нақтылы міндеттерді орындаймыз:
- Сандардың шығу тарихын терең білу;
- Халықтық ұғымдарды саралап, сәйкестендіре білу;
- Сандар арқылы сан түрлі қызықты есептер құрастырып, шығару;
- Сандардың адам өмірімен тікелей байланыстылығын ашу.
***
Сандардың шығу тарихы
Бізді жан-жақты сан қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды да сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.
Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.
Адамдар қалай санай бастады?
Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық адамдар он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған. Ол үшін қолды пайдаланды.
Неге қол пайдаланылған?
Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Біз бірдеңені санау кезінде саусақтарды пайдалансақ, ешқашан есептен жаңылмаймыз. Саусақтарымызға қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдымызға елестете аламыз. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit» - «сан» сөзін пайдаланамыз, ол саусақ деген ұғымды білдіреді.
Саусақтармен жасалатын айлалы әрекет.
Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, сонымен бірге көбейту үшін де пайдалнуға болады. Осы айлалы әрекетті 9-ға көбейтуге қолданып көр. Қолдарыңды алдыңа қойда, сол жақтан оңға қарай санай баста. Қайсыбір санды тоғызға көбейту үшін тиісті саусақты бүк. Мысалы, 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк. Енді сол жақта 6 саусақ және оң жақта 3 саусақ қалды, демек, жауабы 63 болады.
Сандарды белгілеу.
Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды.
Фермерлер сауданың есебін жүргізу үшін қыш жетондар жасай бастады. Олар заттарды белгілеу үшін түрлі символдарды пайдаланды…
Жобаның толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика -7 сын. Сынақ жұмысы (1-3 бөлім).
- И-7. Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы
- И-7. Ақпаратты түрлендіру
- Информатикадан оқушының ғылыми жобасы: «Сандар сырының құпиясы»
- Ғылыми жобаның тақырыбы: Мұқағали жырдарындағы халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері.
- Влияние компьютера на здоровье учащихся.
- Технология. Оқушы жобасы: Торсық.
- «Web-бағдарламалау» Ғылыми зерттеу жұмысы.
- Оқушылардың ғылыми жобалары ұйымдастыру – шығармашылық идея
- Педагогика. Оқушы портфолиосы.