Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ж дыбысы мен әрпін таныту, сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Әріп элементтерін дұрыс, сауатты,таза жазуға машық-тандыру,сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, табиғатты қоршауға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, кеспе буындар, аңдар суреті.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі. Күз мезгілі туралы әңгімелеу.
«Жапырақ жинау »ойыны. Әр жапырақтың артындағы ы дыбысына берілген сөздерді оқыту, дыбыстық талдау жасату.
Өткен дыбыстарға шолу жүргізу. Әр дыбысқа тақпақ айту.
-Балалар, бүгін біз табиғатқа саяхатқа шығамыз.
Бүгін күн қандай тамаша! Далаға серуенге шығамыз ба?
-Шығамыз.
-Балалар, далада жыртқыш аңдар кездесуі мүмкін. Сондықтан олардан құтылу үшін тапсырмаларын орындауымыз керек.
Өзі қорқақ, өзі ноян. Оның аты- қоян.
Қоянның тапсырмасы: Жұмбақ шешу.
Бос жер қалмай аспаннан,
Түнде шашып тасталған.
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған? ( Жұлдыз )
Ішіне тамақ салынған
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
-Ж дыбысы ұяң, дауыссыз дыбыс.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Ж дыбысына қатысты сөздер айтқызу.
Ж әрпін хормен айту.
Жыр алыбы -Жамбыл ата,
Ардақтайды оны бала. ( Жаттау)
Жолбарыстың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.
Сөздерді тізбектеп оқыту. Әр сөзге түсінік беру.
Қасқырдың тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу.
Ж у а 1. Қалың киім ұнатады.
а у а Шешіндірсең жылатады
с а н 2. Біз немен тыныс аламыз?
н а н 3. Математика пәнінен таныстық
а н а 4. Ас атасы- нан
5. Ең қадірлі жан
Жусан - мал сүйсініп жейтін шөп. Ол далада өседі.
Жусан мәтінін оқып беру, түсіндіру.
Оқушыларға оқыту: жалпылай тізбектей
Сергіту сәті. Балапан биі.
Аюдың тапсырмасы: « Сөз ойла, көп ойла » ойыны
Ж дыбысынан келетін сөздер айту,
Дыбыстық талдау жасау.
Жүрген жері күлкі, аңның аты түлкі.
Түлкінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
Ж дыбысын ауада жазып көрсету. Тақтаға жазу
Сергіту сәті. Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Тексеру, бағалау.
Қорытынды бөлім:
Буындардан сөз құрау,тақтаға жаздыру.
А-ға жа-лау
Жа-ға жа-сау
Та-ға жа-рас
-Балалар, міне сендер далада кездескен аңдардың тапсырмаларын орындадыңдар. Енді сыныбымызға қайтайық.
«Көршіңді тап» ойыны.
Сандарды ретімен қойса, тілек сөз шығады.
Айт қабыл болсын!
Айт мерекесі жөнінде айтып кету.
Бағалау. Мадақтау . Аяқтау.
Ұқсас тақырыптар:
- Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Түйе
- Сабақтың тақырыбы: Сын есім
- Бастауыш. Жұрнақ пен жалғау
- Жыл мезгілдері
- И-8. Сабақтың тақырыбы: “Ең үздік менеджер”. Қорытынды сабақ
- Технология. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Шебер қолдар»
- И-7. Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы
- Бастауыш. 1-Күз жомарт. 2- Жаңа жыл сценариі.
- Бастауыш. 6 саны мен цифры.
- Технология. Ою-өрнектің классификациялық мәнері.