Ашық сабақ М. Әуезов “Боран”
Ақтөбе облысы Темір аданы №6 Шұбарқұдық негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Бердеева Айнагүл Сайлаубайқызы
Сабақтың мақсаты:
1. Жазушының қаһарлы қысты көркем, әсерлі суреттеуіне мән беру, өткен сабақпен салыстыра отырып, екі
тақырыптағы қыс мезгілінің мағынасын ашуға ықпал ету.
2. Табиғат құбылыстарын әдеби тілмен суреттей білуге дағдыландыру, оқу техникаларын дамыту.
3. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін танып, бағалай білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, талдау- жинақтау, ассотация, ротация
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану.
Көрнекілігі: Абай мен Мұхтардың портреттері, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері. ( Ортаға шеңбер жасап тұру)
Психологиялық дайындық «Жүректен- жүрекке».
- Балалар, біздің жүрегіміз қандай?
- Жұмсақ, жылы, ақ.
- Ендеше, сол жүрегіміздігі жылылықты бір – бірімізге ұсынайық.
- О, достарым, келіңдер,
Қуанып қазір қол соғам.
Мынау- менің жүрегім,
Одан бәрі басталад.
Мынау – менің басым,
Осы бәрін басқарад.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым,
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
Топқа бөліну. Кеспе қағаздарды алу. «Абай ауылы» , «Мұхтар ауылы», «Ыбырай ауылы» болып үш топқа бөлініп отыру.
Әр ауыл өздерін таныстырып өтеді. ( Ауылдарына аты берілген ұлы адамдар туралы білетіндерін айту)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( Абайдың суреті көрсетіледі)
1.Абайдың « Қыс» өлеңін әр топтан 1 оқушыдан жатқа сұрау.
( Экраннан аязды шалдың кейпінде бейнелеген сурет көрсетіледі)
- Ақын қысты кімге теңеп суреттеген?
- Ақын қысты шалға теңеп, көркем жеткізсе, суретші де аязды шал кейпінде бейнелеген.
- А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ( топтастыру)
Ұлы ақын
Ибраһим Сазгер
Семей өңірінде туған Аудармашы
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Кіріспе.
Н. Назарбаевтың сөзі: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.»
- Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім?
- М. Әуезов туралы не білесіңдер? ( М. Әуезов суретін көрсету)
Ұлы жазушы
Абайдан бата алған «Абай жолы»
Семей өңірінде туған «Қоңыр қозы»
«Көксерек»
«Қоңыр қозы » әңгімесін нешінші сыныпта оқыдық? (Қысқаша мазмұнын еске түсіру)
Боранның даусы естіледі.
- Балалар, бұл ненің даусы? ( Экраннан боран соғып тұрған сурет көрсету)
Суретте не бейнеленген?
- Бүгін біз М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Боран» әңгімесін оқимыз.
2) Негізгі бөлім.
- Мәтінмен жұмыс
ДЖИКСО әдісімен мәтінді оқыту.
А)Тақырып материалдарын бөлімдерге бөлу.
Ә)Тақырыпты топтарға бөлімдер бойынша беру.
1 топ «…суық қатайғаннан …. шыдатарлық емес»
2 топ «Ығы кетіп,… шыдап болмады»
3 топ «…..Қанша екені белгісіз … азан салады»
Б)Топта оқу (5 минут)
В)Талқылау
Г)Тезис жазу.
Д)Ұжымдық талқылау. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өзі оқыған бөліктерінің түсінігін айтады.
Ж) Кезектестіріп сұрақ қою. Мұғалім ақпараты.
( Экранда тақырыпқа байланысты мазмұнды сурет көрсетіліп тұрады.)
- Сергіту сәті. «Қимылымды қайтала». Музыка ырғағымен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын қайталау.
- Өзіндік жұмыс.
1-топқа: Әңгіменің алғашқы азат жолын қайталап оқы. Ондағы қар түрлерін екі топқа бөл.
Суық түскенге дейінгі қар | Суық қатайған кездегі қар |
2- топқа: Әңгіменің екінші азат жолын қайталап оқы. Боранға тап болған Абайдың жай- күйін сипаттап бер.
3- топқа: Әңгімеге сүйеніп, үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.
Шығармашылық жұмыс.
1- топ: «Қыс қызығы » тақырыбына эссе жазу.
2- топ: Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер айту.
3- топ: Ұйқас бойынша өлең құрастыру.
…………………………………. даламыз,
…………………………………. баламыз.
…………………………………. шанамыз,
…………………………………. қаламыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
«Ротация» әдісі.
А) Әр топқа бір- бір сөз беріліп, ассоциация жасатылады (Қыс, боран, Абай).
Ә) Әр топ сағат тілінің айналу бағытымен бір- бірінің жұмысын 1 минут толықтырады.
Б) Әр топ өз жұмысына талдау жасайды.
V Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Сабақ несімен ұнады? Не білгің келеді?
- Стикерлерге жазып жапсыру.
Не ұнады?
Не үйрендім?
Не білгім келеді?
VІ. Бағалау.
-Ортақ бағалау парағы.
Тапсырма | Өз тобы | Басқа топтар | Мұғалім | Қорытынды баға |
Үй тапсырмасы | ||||
Өзіндік жұмыс | ||||
Шығармашылық жұмыс |
- Оқушылардың өзін- өзі бағалауы.Әр топқа ұшақ, машина, велосипед суреттері беріледі. Әр оқушы сабаққа қатысуларына қарай өздерін сол көліктердің біріне отырғызады: «өте жақсы»- ұшаққа, «жақсы» - машинаға, «орташа» - велосипедке.
- Геометриялық фигуралар таңдату арқылы жеке оқушыларды мұғалімнің бағалауы.
- Алдына мақсат қойып, мақсатына жете алған оқушы.
- Жауапкершілігі мол, өзіне талап қоя алған оқушы.
- Қарым –қатынасқа ашық, басқалармен тез тіл табыса білген оқушы.
VІІ. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқу. Қыс мезгіліндегі ауа - райына байланысты ырымдар, болжамдар тауып келу.
Ұқсас тақырыптар:
- Қазақ әдебиеті. М.Әуезов «Көксерек».
- Информатика-10. “Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру”
- Бастауыш математика. 9 санын қосу және азайту.
- Информатика-7. Фонограф программасы.
- Бастауыш: Тақырыбы: 1 саб. Етістік. 2 саб. Білімді тиянақтау.
- Физика. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.
- Бастауыш: Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
- И-8. Деректер базасы. Деректер базасымен жүргізілетін амалдар.
- Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.
- «Corel Draw векторлық графика». Авторлық бағдарлама.