Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Оқушылар шығармашылығы, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру

Опубликовал в 9 Март 2013 – 17:08Нет комментариев

Өмірбекова А. К. – 223 топ, Кунапиянова С.М. – жетекшісі Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі

Әрбір жасөспірім жеткіншектің ғана емес, сондай-ақ әрбір саналы жанның да экологиялық көзқарасын қалыптастыруға, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, соған орай жеке  адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау бүгінгі  күннің өзекті  мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, күн өткен сайын  экологиялық  апаттың етек алуы, қоршаған табиғаттың ластануы тереңдей түскен қазіргі кезең экологиялық білім мен тәрбие берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін барынша  жақсартуды  жүктеп отыр. Мұның  бәрі сайып  келгенде, экологиялық  білім мен тәрбие  беруді  тез әрі жедел өмірге ендіруге  тікелей  байланысты екені  белгілі. Сондықтан да ең алдымен,  қазіргі таңда жеке ғылым болып  жүйелі  зерттеліп келе жатқан экология  саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы  мәселеге  айрықша көңіл  бөлінгенін атап  өткеніміз жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасының  білім, мәдениет және денсаулық сақтау  министрлігі 1999 жылы 7 қаңтарда  «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. [Н.Ә. Назарбаев Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Оспанова Г.С., Экология. Алматы. 2002]

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол – жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып, адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білім берудің түпнұсқасы отбасынан басталады. Экология біздер қазақ халқы үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл бізге ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Мысалы, Сәкеннің «Көкшетауын» алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, «көк шөпті баспа», «суға түкірме» деп үйреткен. Жерін жұтатпас үшін біздің ата-бабамыз жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның барлығы табиғатты аялап, қорғап өскеннің арқасы.

Иә, қай мемлекеттің де негізгі тірегі-білімді де білікті, іскер де  белсенді адамдар. Сондықтан да қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу-ең маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында мемлекеттік  саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны мәлім. Біздің қазіргі лицейдің  маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық
белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.

Біздің кәсіптік лицейімізде  оқушылардың табиғатпен қарым-қатынасын қамтамасыз ету негізінде, яғни табиғатты идеологиямен, саясатпен, экономикамен, адамгершілікпен, ғылыми теориямен байланыстыру мақсатында көптеген сабақтан тыс жұмыстар жүргізіледі.  Мәселен, «Суретші – көркемдеуші» мамандығы бойынша оқушылардың  табиғат аясында сурет салуы ұйымдастырылған. Бұл оқушылардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, оны аялай білуге тәрбиелейді және эстетикалық сезімін дамытады. Табиғатты қорғау – ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру, болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізгі міндетті орындауды борышым деп білсе, табиғат артық ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым көріністері – аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, ресурстардың тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер  төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, ұлы қалдықтарының жинақталуы айналаға, қоршаған ортаға терең  зиянын тигізеді. Жер планетасының  ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Қазақстан аумағының 3,8℅-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан – 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1℅-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың  орман қоры аумағында  2257 орман өрті орын алды.

Осыған  байланысты бүгінгі таңда жастарға жаппай  экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік  деңгейде қойылып отыр.

Ол «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында басты экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның  дүниеге гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған даланы қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.

Табиғатты қорғаудағы мақсаттың өзі, бір жағынан, табиғаттағы барды көбейту, жойылып азайғанның орнын толтыру болса, екіншіден, қоғам мен мемлекетке керектігін пайдаға жарату. Алайда табиғаттан алу үшін оның барын сақтау, көбейту, еселендіре түсу жағы ескерілуі тиіс.

Экологиялық білім дегеніміз – табиғатты қорғау саясаты. Ал адамның баласы қол жеткізген жетістіктер түрі сан алуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала – экология  екендігінде сөз жоқ. Өйткені, экологиялық мәселелердің тууы өзі әлеуметтік-экологиялық факторлар болып отыр. Осы экологиялық қасіреттен құтылу үшін өндірістік үрдістердің барлық саласында  экологиялық білім мен тәрбие берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасында  «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының қабылдануы да  тектен тек емес. Мұнда да экологиялық тәрбие мен білім тек осы  саланың немесе ғылымның мамандарына ғана емес, жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі атап көрсетілген. Халық арасында экологиялық білімді  жан-жақты тарату барлық тіршілік иесінің міндеті. Ол үшін мемлекеттен бастап кез келген қоғамдық ұйым,  бірлестік, бұқаралық ақпарат құралдары айналысуы тиіс. Табиғатты қорғау күрделі  мәселеге, қауіпті іске айналып  отыр. Ендеше жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу тарихи қажеттілікті де тудырып отыр десек  қателеспейміз. Кешегі Оңтүстік  Шығыс елдеріндегі табиғи апаттың  өзі адамзат баласына  қаншама зардап шектірді. Материалдық және моральдік шығындарды есептемегеннің өзінде 280 мыңнан астам адамның өлімі кім-кімді де бейжай қалдыра алмайды. [Бұзаубақова К.Ж. Педагогика негіздері,1997ж]

Қалай болғанда да жоғары экологиялық сауаттылық әрбір адам баласынан талап етілмек.  Экологиялық тазалыққа қамқорлық жасау  үлкеннің де, кішінің де азаматтық  борышы екендігін ұмытпауымыз керек.

Тәлім-тәрбиенің қай түрі болсын экологиямен байланыстылығын үзбегені жөн. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесі кішкентай  бүлдіршіндер баратын балабақшадан басталып білікті мамандар даярлайтын оқу-орындары деңгейімен айқындалса  құба-құп.  Бұл тұста экологиялық міндеттерді нақты бақылауға алу, ұйымдастыру, орындау кез келген өндірістік немесе қоғамдық ұйымды  басқарушыларға қойылатын талаптар арқылы негізделуі қажет-ақ.

Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім дамытудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу  мүмкіншілігін тудырады.

Қазір біздің лицейімізде экология пәнінен дәріс оқылады. Оқушылардың  қоршаған ортамен қарым-қатынасын байланыстыру  сабақтың негізгі  өзегі десек  қателеспейміз. Мәселен, табиғаты өзгеше Түркістан өңірінде тал-теректің, жеміс ағаштарының қай түрін өсіру қолайлы?  Қайсысы ыстыққа төзімді?  Міне, осы жайттарға қатысты нақты жауапты бақта өсіп,  жемісін беріп тұрған жасыл желектен көреміз.

Табиғатты қорғау жұмыстары, айналаға сүйіспеншілікті қалыптастыру, соған баланы кішкентайынан баулу мектепке дейінгі мекемелерден басталғаны абзал.  Халық қазынасы болып табылатын табиғат байлығы сол елдің бүгіні мен жарқын болашағы үшін  барынша тиімді әрі ұқыпты пайдалануы керек.

Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны сауықтыру экологиялық білімге  ғана емес, экологиялық тәрбиеге де қатысты. Демек, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселесін шешу-мемлекеттік іс. Табиғатты қорғап, сақтап қалу-біздің бүгінгі міндетіміз және оны жүзеге асыру  әрқайсысымыздың  азаматтық парызымыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.