Биология-10. Онтогенез-организмдердің жеке дамуы (сж:Кембриж тәсілі)
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №261 орта мектебінің химия биология пәнінің мұғалімі Алиасқарова Гүлнұр
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты: Онтогенез туралы ақпарат беру. Эмбриология ғылымының дамуы туралы мәлімет беру. Өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Онтогенез туралы білетін болады. Эмбриология ғылымының дамуынүйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады.
Негізгі идеялар: Онтогенез-бластула, гаструла және нейрула сатыларының негізінде дамиды.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс«Қызметке қабылдау»Топтық жұмыс«Джиксо»
Тапсырмалар: Жеке жұмыс«Сыйқырлы қалам»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп топтастыру. 1- топ: “Эмбриондық даму” 2- топ: “Постэмбриондық даму”
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. 1.Гаметогенез дегеніміз не? 2.Жыныс жасушаларын атаңдар? 3.Ұрықтану, зигота дегеніміз не? ІІІ. Топтық жұмыс «Қызметке қабылдау» ойыны (10 минут) Жұмысқа қабылдаушы «Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы» тақырыбы бойынша бәсекелес екі топтың біліктілік дәрежесін анықтау үшін сұрақтар дайындауды тапсырады. Оқушылыр қызметке қабылдану үшін сұрақтарды дайындап, келесі топтың дайындаған сұрақтарына жауап береді. Жұмысқа қабылдаушы сұрақтарға жақсы жауап берген екі топтың біреуін жұмысқа қабылдайды. ІV. Топтық жұмыс «Джиксо» (5 минут) “Эмбриондық даму” тобы «Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер, нейрула» туралы оқып “Постэмбриондық даму”тобына түсіндіреді.“Постэмбриондық даму” тобы «Бластула, гаструла, постэмбриондық даму» туралы оқып, “Эмбриондық даму” тобына түсіндіреді. V. Жеке жұмыс «Сыйқырлы қалам»Әр оқушы бүгінгі тақырып бойынша бір сөйлемнен айтып шығады |
|
Кейінгі тапсырмалар | Тақырыптың түйінін жазу 152-бет |
Кейінгі оқу | §35 Онтогенез-организмдердің жеке дамуы |
Ұқсас тақырыптар:
- Биология. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
- Биология-8. Қанның құрамы мен қасиеттері.
- Биология. Эволюциялық процесті оқыту әдісінің маңызы
- Биология. Ауыз қуысында астың қортылуы.
- Биология. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
- Биология-8. Ас қорытудың маңызы.
- Биология. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
- Биологиядан мектепішілік олимпиада 2013.
- Биология-8. Тірек – қимыл мүшелер жүйесі. Адам қаңқасы оның бөлімдері. Бұлшық ет жүйесі.
- Тарих. Қазақстан коммунистік партиясының тарихы.