Математика. Туындыларды қайталау
Кунапиянова С.М. – Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жалпы туындыларды қайталай отырып, есептер шығаруда негізгі формулалар мен ережелерді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін терең меңгерту
Дамытушылық: Ой-өрістерін кеңейту, ойлау қабілеттерін арттыру, пән бойынша білімдерін тереңдету, дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топтық, жекелей
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, есептер шығару, талдау жасау, ойын элементтерін қолдану, деңгейлік әдістер
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Кесте, плакат, формула, қалқан, сандық, магнит тақта, карточкалар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Физика, механика бөлімі: «Қозғалыстың лездік жылдамдығын, Туындыларды есептеу ережелері
Сабақтың өту барысы мен мазмұны
I. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) зейіндерін сабаққа аудару;
в) топты екі командаға бөлу (үшбұрыш, төртбұрыш);
г) сұрақтар қою.
II. Негізгі кезең:
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Қойылатын сұрақтар:
1. Туынды дегеніміз не?
2. Туындының геометриялық мағынасы.
3. Туындының физикалық мағынасы.
4. Дифференциалдау ережелері.
5. Тұрақты санның туындысы.
1. Деңгейдегі тапсырма: «Математикалық диктант»
|
2. Деңгейдегі тапсырма: «Күміс сандық»
Білмегенді білгізген,
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген,
Есеп емей немене?
Сұрақтар: (командалардың атына байланысты сұрақтар)
3. Деңгейдегі тапсырма: «Алтын сандық»
Ал балалар, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып, мына мені тыңдаңдар.
Математикадан беріледі бір есеп,
Көңіл қойып бірер минут ойлаңдар.
Сұрақтар: (командалардың төсбелгілеріне байланысты сұрақтар беріледі)
ІІІ. Қорытындылау:
Математика - бұл ғылымның саласы,
|
Оны ашқан адамдардың данасы,
Ешбір ғылым қатар келмес онымен,
Ол керемет білгірліктің ғажабы - дей келе бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы: «Туындыларды есептеу ережелеріне» - бір есептен құрастырып келу.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту.
- Алгебра-10. Функцияның графигін салу.
- “Көңілді тапқырлар сайысы” 5 сынып. Математика.
- «Математика көшбасшысы» сайысы (стс).
- 43* 2 және 86 : 2 (Математика 3-сынып)
- Ризамыз саған -Әліппе! (1-сынып)
- Математика, информатика, физика апталығына арналған қорытынды кеш.
- Математика-6. Не? Қайда? Қашан?
- Баяндама: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- §48 Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы.