Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Оқушылар шығармашылығы, Ұстаздар шығармашылығы

Информатикадан оқушының ғылыми жобасы: «Сандар сырының құпиясы»

Опубликовал в 20 Март 2013 – 10:36Нет комментариев

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебі. Ғылыми жетекшісі информатика пәні мұғалімі Айтжанова Перизат Тұрдымұратқызы.

Жоба авторы: Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Абдирашова Айдан.

Кіріспе

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы  мәдениеттің  тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл  мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау». Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.

Сондықтан біз бүгін сандардың құпия да тамаша әлеміне бірге сапар шегейік.. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Бастамасында біз жай ғана сандар туралы ойланып көрейікші. Ойларымыз сан-саққа жүгіруі мүмкін…

Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз. Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Бұл жобада сандар туралы не білетінімізді және нелерді білмейтінімізді барынша түсінікті түрде айту. Біз сандар туралы  элементар арифметикада кездесеміз, олар халық педагогикасында, астрология, бейнелеу өнерінде де  маңызды роль атқарады.

Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып,  сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы олардың ең маңыздысын, ең қызықтысын қатар қоя отырып, шешілмеген проблемаларды көрсеттік.

Негізгі бөлім.

1.1.         Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия, информатика және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.

Сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.

0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.

Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен  халық педагогикасынан-ақ байқаймыз.  Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.

Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.

1.2  Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың. Олардың пікірінше, алдағы ғұмырың туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жоқ, оған ырымшыл жандар, басқа да адамдардың бірқатары сенеді, кейбірі оған күдіктене де қарайды. Алайда мұндай болжам айтушылардың әңгімесіне назар аударған, оны өз өміріңмен салыстырып көрген, алдағыны сандардың айтатынын талдап, танысқан артық емес. Мен енді адамтану мәселесімен ай-налысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған «тиесілі» 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталсам.
Ғұмырдың 3 кезеңі Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?
Ол жөнінде мынандай болжам бар:
«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 - айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан - 10-ай: 1+0=1, қараша - 11-ай; 1+1=2: желтоқсан - 12-ай: 1+2=3).

Екінші кезең. Ол – 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан – туған күн-нің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқы-лы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы айдың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызы-на дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны – 9; 7 – ақпанда туғандардың саны – 7 деген тәрізді. Енді осы «тиесілі» сан бойынша болжам жасай беріңіз.

Үшінші кезең. Ол – 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз – 7.

Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі «тиесілі» сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қорытыңыз. Әрине, оған сену, сенбеу өз еркіңізде. Бұлар – адамтану мәселесімен айналысушылардың болжамы ғана. Ал болжамның ақиқатқа айналатыны да, іске аспайтыны да бар. Бәрі Аллаһ Тағаланың бұйрығында. Алайда, өз ғұмырың туралы болжамдарды естуден қашпайтын шығарсың. Өйткені біздер, қазақтар ежелден құмалақ салғызып, жауырынмен болжам

 Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Сабақтар көшіру

Файлдар көшіру

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.