Өзін-өзі тану. 3-сынып. Білім - ақиқат бастауы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, № 5 Күршім орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Рахметолдина Жаннур Ризабековна
Сабақтың көрнекілігін осы жерден алыңыз!
Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, кітап көрмесі. Шаттық шеңбері
Кел, балалар, оқылық!
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған…
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…
Өнер, білім – бәрі де
Оқуменен табылған.
Ы. Алтынсарин
Ойланайық, пікірлесейік
- Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?
- Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасыңдар?
- Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың келе ме? Неліктен?Тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.
- Мен мектепке … үшін барамын.
- Мектепте … үйрендім.
- Мен мектепте … жақсы көремін.
- Мектеп … ұнайды.
Оқып үйренейік
- Білім мен байлық туралы қандай ой түйдіңдер?Дәптермен жұмыс:«Білім мен байлық» әңгімесі бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазыңдар.
Білім |
Байлық |
Дәйексөз
Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған.
Ы. Алтынсарин
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.
1. Оқу – білім …,
Білім – өмір …
2. Оқу… құдық қазғандай.
Білімдіге дүние …
Оқымасаң … жоқ.
Білекті … жығар,
Білімді … жығар.
Керекті сөздер: бұлағы, бірді, инемен, шырағы, жарық, мыңды, білім.
Жаңа ақпарат
Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге құштар болады. Білімді мектептен, оқу орындарынан алуға болады. Сонымен қатар кітап, газет-журнал оқу, ақпарат құралдарын тыңдау арқылы да адам өз білімін тереңдете алады.
Білім адамның жоғары жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.
Шығармашылық жұмыс
Сүйікті журналыңнан алынған материалдардан «Білім әлемі» тақырыбына коллаж жасаңдар.
Жүректен жүрекке
Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең,
Адаммен таныс,
Өнерің еш қалмайды.
Ұқсас тақырыптар:
- Өзін - өзі тану. Елім деп соғар жүрегім.
- Келісім мен кешірім. Өзін - өзі тану. 4-сынып.
- Психоанализ - тұлғаның өзін-өзі тану құралы ретінде.
- Өзін-өзі тану. Табиғатты аялайық.
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыт Аcтана 2010. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт Аcтана 2010. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 7-9 сыныптар. ҚР Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
- Бастауыш сыныптарға арналған математика және тіл сабақтарында қолданылатын сөзжұмбақтар жинағы.
- Дүниетану-4 сын. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
- Математика:3 сынып. Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту.