Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Сыныптан тыс жұмыстар, Тәрбие сағаттар

Тәрбие сағаты: «Ғасырлар толғауы»

Опубликовал в 23 Февраль 2013 – 10:26Нет комментариев

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәнінің мұғалімі Абажаппарқызы Мира

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, плакат, Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд, бейне ролик
Түрі: Тарихи- музыкалық кеш.
Әдісі: Сахналық көрініс көрсету.

ХХ ғасырдың басында ұлы ғұлама А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген екен, яғни тарих өткен өмірді сөз еткенімен оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Қазақстан тәуелсіздігінің қадыр- қасиетін түсіну үшін тарихқа көз жүгіртейік. Бір ақиқаттың басы ашық. Ол - Қазақ даласында ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейін ұрпақтар сабақтастығының үзілмей жалғасып келе жатқаны. Ал тарих адам бар жерден бастау алады. Қазақ халқы қазіргі ата мекеннің, яғни Қазақстанның бірден –бір тұрғылықты халқы.

Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Тәуелсіздік толғауы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

ЖҮРГІЗУШІ: Қазақ халқы Қазақ хандығы құрылған кезден бастап этникалық даралық пен мемлекеттік дербестік жолына түсті. Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай  сияқты тұлғалар мен Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын ақылман билер, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жез таңдай абыз жыраулар, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек сияқты ел тағдыры жолында жаумен санаспай соғысатын ержүрек батырлар Қазақ хандығының тірек тұлғалары еді.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығында көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Осыны пайдаланып жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды.

Осындай бір шабуылдардың бірінде қалмақтың ханы Қалдан Церенге малдан бөлек, сол шабылғанның ішінде бірталай ұл мен қызда кетіпті. Солармен бірге Абылай ханда тұтқынға түседі. Соны сұратып, қазақтан елші жіберейік деп қазақ билері Қазыбекті жіберген еді.

(музыка №12   2)

КӨРІНІС: (сахнада қонтайшы отыр. Қарауыл кіріп келеді.)

Қарауыл : Күн нұрынан жаралған ұлы қонтайшы ием! Қазақ хандығынан Қазыбек би бастаған елшілік келіп тұр.
Қонтайшы : Кірсін!
Қазыбек келіп: Мен Қазақ елімнің аманатын алып келдім, кешегі соғыста тұтқынға түскен ұл- қыздарымызды, басшысыз ел жетім демекші, Абылай ханды тұтқыннан босатып, елге қайтару үшін келген елші болам.

Жөн сұрап барған Қазыбекке қонтайшы:Кешке шейін бір жауап қайтарамын,  жауап қайтпай қалатын күн болса, ат- тонның амандығында елді тапқаның теріс болмас.

(музыка №13
Сонда Қазыбек:


- Біз  қазақ  деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Достығымызды сақтай білген елміз,
Дәм- тұзымызды ақтай білген елміз,
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды,
Ұл қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ болсаң,
Біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір болсаң, біз көмір
Еріткелі келгенбіз,
Қазақ- қалмақ баласы табысқалы келгенбіз,
Танымайтын жат елге,танысқалы келгенбіз,
Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.
Сен- қабылан болсаң, мен- арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жас үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!- дейді.

 (Сонда қонтайшы не дерін білмей сасып қалады)

Қонтайшы: Осылардың өзі алыстан келген, елшілер ғой, сұрағанын берерміз, алдымен қонақ үйге апарып, жақсылап күтіңдер.
Қалмақтар тұрып: Ал, қазақтар, қонақ үйге жүріңдер!
(Қазақтар шығып, қалмақтар бірығай қалып қояды да қонтайшының қасына келіп…)

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.