САЛАУАТТЫ ӨМІР - КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Абай орта мектебінің физика пәні мұғалімі Машырықова Дариға Оңайбайқызы.
Мақсаты:
Білімділік : «Бірінші байлық - денсаулық», «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден- ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету.
Дамытушылық: - жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелілік:оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке ,салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекілігі: плакаттар, сөзжұмбақтар, төсбелгі, газет көрмесі, бүктемелер жинағы, денсаулық жайлы жазылған нақыл-сөздер мен мақал-мәтелдер.
ЖҮРУ БАРЫСЫ:
Сәлеметсіздерме, ұстаздар, оқушылар! «Айтуға оңай…» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер өздеріңізді студияда отырмыз деп елестетіңіздер.
Еліміздің Президенті Н.Ә.назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру,халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттілігін атап көрсетті.Гүлденген экономика жағдайында да өз денсаулығын дұрыс күтпеуінен және қоршаған ортаның ластамауы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғандығын айтпай кету мүмкін емес.19-қараша -Халықаралық шылым қорлықтан бас тарту күні болып белгіленді.Қ-2030 бағдарламасында салауатты өмір сүруге қол жеткізу үшін 3 бағытта өмір сүру керек делінген.Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2- бағыт «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа,наркобизнеске қарсы күрес»
Бүгінгі кешімізде «темекі, шылымға » байланысты ой қозғамақпыз.
Студия қонақтары: ДӘРІГЕР-Индира, КӘСІПКЕР-Нұрлыбек, ЭКОЛОГ-Лаура,ПСИХОЛОГ-Гүлзада.
ТЕМЕКІ ДЕГЕНІМІЗ – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелсіздіктің пайда болуын тудыратын өнім. Шылым темекі өсімдігінің «NICOTINA TABACUM»кептірілген жапырағынан жасалған.Темекі- ораулы темекі,насыбай, тіпті шайнау жолдарымен қолданылғандай, қорқормен де тартылады.2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап арақ-шарапты ,шылым шегуді ашық түрде жарнамалауға шектеу қойылды.Темекінің зардабынан күніне 10 мың , жыл сайын 3,5 млн адам шылым шегуден қайтыс болады.Шылым шексеңіз өміріңіз 25 пайызға қысқарады.Тек бір тал темекі шеккен адамның денесіне шамамен 1,5-2 мг никотин сіңеді. НИКОТИН- негізінен жүйке жүйесіне , ас қорыту,тыныс алу және жүрек қан тамырлары жүйесіне әсер ететін ерекше У. Бір күнде тартқан 1-2 тал темекі жүрек ауруын екі есе ұлғайтады. Ер адамдар арасындағы өкпе рагының таралуына ,осы аурудан өлім санының артуына бірден-бір себепкер- темекі.Әйел адамдар арасындағы жүрек ауруының 50 пайызына себепкер темекі.Темекіні жастарымыз 14 жастан бастайды. Қазіргі баспасөз беттеріндегі мәліметтерге қарасақ,шылым шекпейтіндерге қарағанда шылым шегетіндердің жалпы өлімі 30 -80 % жоғары. Тартылған әрбір темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартады. АҚШ- та 1 млрд. Адам темекі тартады екен. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 млн- ға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.Темекі тартқан кезде темекінің құрамындағы улы заттың 20 пайызы жанып кетеді, 25 пайызы темекі шегушінің өкпесінде қалады, 5 пайызы темекінің шегілмеген қалдығында қалса, қалған 50 пайызы қоршаған ауаны улайды.Темекі түтінінде 4000 химиялық зат бар екендігі анықталған.
Тек қана бір тал темекі тартқаннан бастап, денеде пайда болатын бас ты өзгерістер:
- Миға баратын қан азаяды да, ми аз жұмыс істейді.
- Жоғары мөлшердегі никотин құсуға, бас айналуына себеп болады.
- Қандағы холестерол артады.
- Ішектердің әрекеттері біршама артады.
- Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарылайды
- Науқастарда жүрек ұстамасы болады
- Тыныс алу жиілейді
- Қол мен аяқтың қызуы қайтады.
- Әрбір орган тіпті аз мөлшерде жұмыс істейді
- Бүйрек үсті бездерінен Адреналин гормон қабынады да бүтін денені өртейді.
Тәрбие сағатының толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Мен және менің отбасым
- Тәрбие сағаты: «Ғасырлар толғауы»
- Білгір. Интеллектуалдық ойын. 3-сынып.
- Ақыл, ғылым, бақыт тәрбие сағаты
- Мейірімділік- бала игілігі үшін
- Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.
- АҚПАРАТТАНДЫРУ ӘЛЕМІ (дебат)
- Ашық тәрбие сағаты «Көңілді информатиктер сайысы»
- “Жігітке жеті өнерде аз” (интеллектуальдық сайыс)
- Бастауыш сынып. Ағаштар неге ашуланады?