Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Қазақ тілі мен Әдебиеті, Тарих

Қазақ тілі. Осы шақ. Нақ осы шақ.

Опубликовал в 18 Февраль 2013 – 16:14Нет комментариев

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жұмағұлова Айгүл Ришатқызы

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға осы шақ  және оның түрі, нақ осы шақ туралы баяндау
Ә) Осы шақтың қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оқушылардың ой- бейсенділігін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Б) Оқушыларды сөйлеуге жаттықтыру, еңбекке баулу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Нақ осы шаққа арналған кестелер, слайдтар

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

І Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Кезекшімен жұмыс

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
А) 120- жаттығу
Ә) Карточкамен жұмыс
Б) Ой талғау « Аққу- құстың төресі»
( Экранға аққудың жүзіп жүрген суреті шығады да, оны тамашалап жүрген адамдар көрінеді)
Балалар, біз экраннан аққуды тамашалап жүрген балаларды көріп отырмыз, ал осы іс- қимылды қай шаққа жатқызамыз?
Олай болса ендігі тақырыбымыз осы шақ және оның түрі нақ осы шаққа тоқталамыз.
Біз өткен сабақта айтып кеттік:

  1. Осы шақ дегеніміз не?

Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері болады.

Міне, осылай етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде болып тұрғанын және сөйлеп тұрған кездегі істеліп жатқанын білдіреді.

1. Нақ осы шақ дегеніміз не?
Нақ осы шақ- қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
А) Нақ осы шақтың жалаң түрі: отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.Оларды қалып етістіктері деп атаймыз.

Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі

жақ отыр тұр жүр жатыр
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ

Отыр, тұр, жүр жатыр деген қалып етістіктері ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады.

Қалып етістіктері екі түрлі мағынада жұмсалады.
А) ІІ жақ жіктеу есімдігімен ( сен)тіркесіп, ІІ жақ бұйрық мағынасын білдіреді:

Мысалы: сен отыр, сен тұр, сен жүр, сен жат
Ә) Көсемше жұрнақтарын атайық? ( аталадыы)

- Осы көсемше жұрнақтарын етістіккке жалғау арқылы, күрделі  етістігін жасауға болады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

    None Found

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.