Get viagra online
8 Апрель 2013 – 12:44 | Нет комментариев

Суюнтаева Салтанат Маратовна, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі.
Ақпараттық-телекомуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

Кембридж тәсілі: “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”

Опубликовал в 28 Февраль 2013 – 08:09Комментариев 3

 Бибаева Назым Турсынжановна. Информатика пәні мұғалімі 3 айлық курс, 3-деңгей тыңдаушысы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылы А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп.

Қатысушылар: Мектеп ұстаздары.
Мақсаты:  Мұғалімдерге “Білім берудегі Кембридж тәсілі” арқылы тапсырмалар орындата отырып, жаңашыл, ізденімпаз, заман талабына сай оқытушылық дағды қалыптастыру

1-жүргізуші: Құрметті мектеп ұстаздары бүгінгі байқауға қош келдіңіздер.
Байқау мақсатына айтылғандай бізде тек бір мақсат – жаңа әдістерді қолдана отырып, жаңашыл, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті тұлға дайындай алатын ұстаздардың дағдысын қалыптастыруға көмек беру.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «2050 Жолдауында» айтылғандай «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
      Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
      Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды ”

/”Қазақстан - 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, Ақорда, 2012 ж/

1-жүргізуші: Бүгінгі кеште әділ баға беріп, жеңімпаздарымызды анықтайтын әділқазылармен таныстырайық;
1. Мектеп директоры:
2. Оқу ісінің меңгерушісі:
3. Әдістеме жөніндегі орынбасары:
4. Тәрбие жөніндегі директордың орынбасарлары:
5. Педагог ұйымдастырушы:

2-жүргізуші: БАЙҚАУ МАҚСАТЫ
l  Мұғалімдерге “Білім берудегі жаңа технологияларды қолдану” арқылы тапсырмалар орындата отырып, жаңашыл, ізденімпаз, заман талабына сай оқытушылық дағды қалыптастыру.

1-жүргізуші: Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді /Barber and Moushad, 2007/.  Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім /Strong, Ward and Grant, 2011/.    /Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 5 бет/

2-жүргізуші:  БАЙҚАУ БӨЛІМДЕРІ
1. Әр топ өздерін таныстырады
2. Рефлексия
3. Ғажайып алаң
4. Постермен жұмыс
5. Актерлер сайысы
6. Өз көшбасшылығын таныту

1-жүргізуші: Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген

/Топтық жұмыс туралы нұсқаулық, 1-бет/

2-жүргізуші: Топқа бөліну
* Әр қайсысы өзіне ұнаған фигураларды таңдайды. Түстер бойынша 2 топқа бөлінеді.
* 1-топ:  “ПАРАСАТ”
* 2-топ:  “ДАРЫН

1-жүргізуші: Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғанысты болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын

бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлективтік практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зертте-

уші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлективтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып білім беруге ерекше ықпал етті.

/Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 52-бет/

2-жүргізуші: 2-Бөлім «Рефлексия»
“Құмырадағы жарық” слайдын тамашалап, әр топ өз ойын кем дегенде 5 минут бойы қорғау керек.

Шарт: Уақыттан асуға болады. Уақыттан бұрын тоқтамау керек.

1-жүргізуші: Зияткерлік жалғыз да тұрақты ішкі қасиет болып табылмайды, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады. Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты ұйымдастыру және рефлективті ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі маңдай бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді

/Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 20-бет/

2-жүргізуші:  3-бөлім. «Ғажайып алаң»
Әр топ өздеріне ұпай саны бар ұяшық таңдайды. Сұрақтар тақырыпқа сәйкес құрастырылған.
Тәуелсіз Қазақстан
Жаңашыл ұстаз
Логикалық сұрақтар

1-жүргізуші:  Мінсіз оқушы белгілері қандай болмақ?
Үзінділер:
Харкнесс, С., Блом, М., Олива, Ф., Moscardino У., OlafZylicz П. Риос Бермудес, М., Фэн, X., Карраско-Zylicz А., Эксию, Г. және Сьюпер, C. (2007), Бес батыс мәдениетіндегі «мінсіз студент» туралы этнотеория мұғалімдерінің еңбегі. Салыстырмалы білім беру, 43, (1) 113 -135.

Кіріспе

Бүкіл әлемде шамамен алты жастан бастап балалар мектепке бара бастайды. Егер балаларды ерте оқытудың жаһандануын назарға алар болсақ, оқушылар күнде үйлерінен кетіп, белсенді уақыттарының басым бөлігін олардың оқуына арналған мекемелерде өткізетіндігін ұмытпаған жөн. Осылайша, өркениетті қоғамның құзырлы мүшесі үшін аса маңызды болып табылатын оқу және санау сияқты когнитивті дағдыларды дамыту қажеттігі туындайды. Бірақ бұнымен қатар балалар мектепке топтың тең құқылы мүшесі болып үйрену үшін, бәсекеге қабілетті дағдыларын дамыту және индустриалдық және постиндустриалдық қоғамды қамтамасыз ету үшін, қажетті қабілеттерін қолдану үшін барады. Бір көзбен қарағанда, мектепте оқу жалпыға белгілі және түсінікті құбылыс болғанымен, шын мәнінде әртүрлі мәдениеттерде олар бірнеше негізгі дағдылармен қатар мектепте үйренуге тиісті дағдылар мен білімдердің алуан түрлері кездеседі

2-жүргізуші:  4-бөлім: «Постермен жұмыс»

Бұл бөлімде әрбір топ «Мінсіз оқушы»  түсінігін қалай түсінетінін постерге бейнелейді. Мұнда қиялға шектеу жоқ, өлең жолдарын, сызбалар немесе сурет салуға болады.

1-жүргізуші:  «Нақтылайтын» өңдеу

Көптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жаттайды деп есептейді, бірақ Хельга Нойсмен жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті. Нойс актерлер өздерінің рөлдерін сценарийдің сөздеріне емес, бұл сөздердің мағынасына және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады.

/Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 20 бет/

2-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Актерлер» сайысы
* Әр топқа жеке конверт беріледі.
* Конвертте қандай да бір рөлді үнсіз сомдау керек
* Қарсылас топ көріністің мағынасын ашуы керек.

1-жүргізуші:  Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибекөрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз.

/Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 88-бет/

2-жүргізуші:  Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген Авраам Маслоу танымал ғалым болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды. Инттерактивті тақтадан кө

Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күшті болады.

/Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-деңгей, 24-бет/

1-жүргізуші:
Тапсырма: Әр топ кәсіби көшбасшылыққа жету қажеттіліктерін түсіндіріп, дәлелдеу керек.

2-жүргізуші:
Ал енді құрметті бұл байқауға қатысушы ұстаздар, әділқазылар өз баллдарын есептеп,  қорытындысын шығарғанша келесі бейнероликті көруді ұсынамын.

Марапаттау
* Әр топқа келесі номинацияларды беру және марапаттау.
* “Жаңашыл ұстаздар”
* “Ізденімпаз ұстаздар”

Ұқсас тақырыптар:

Комментариев 3 »

  • Майгуль пишет:

    портфолио толтыруды кишкене айтып кетсениз

  • Нурлан пишет:

    Сәлеметсізбе, маған сіздің көмегіңіз керек? Қықа мерзімді жоспар жазуда қыналып жүрмін. 7 класқа Word Pad құжатына суреттерді енгізу егерде сізде дайын жоспар болса өтініш жіберіңіз Алдын ала көп рахмет!!!

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.