Химия. №4 Сарамандық жұмыс.
Жақсылықова Мунира Тоқтарқызы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан, Қарабұлақ ауыл Абай атындағы орта мектеп.
Сабақтың тақырыбы: «Калий перманганатынан оттегін алу және оның қасиеттерін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты:
1) Оқушылардың оттегін алу және оның химиялық, физикалық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп, ауаны, суды ығыстыру арқылы газ жинау іскерлігін қалыптастыру.
2) Лабораториялық құралдармен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіріп, байқағыштығын дамыту.
3) Істелген жұмыстың мазмұнын дәптерге жаздырып, үйрену дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік техникасын сақтау ережесімен таныстыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: пробирка бекітетін қалақшасы бар темір штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, пробирка, шыра, кішкене мақта, ортасына дейін суы бар кішігірім конус, ұшына көмір бекітілетін жіңішке сым, 0,5 г калий перманганаты, әк суы, фосфор (қызыл).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды педагогикалық,психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру.
ІІ. Практикалық жұмысты орындауға даярлау. Сабақтың мақсатымен, ерекшелігімен, алатын орынымен таныстырып, оқушылардың жазбаша жауаптарына, қимылдарына талап қою.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сарамандық жұмыс №3.
Кәне, балалар бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер? Естеріңе түсіріп көріңдерші. Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен таныстыңдар? Кәне, кім айтады?
-Олай болса, жай, бос күйіндегі оттегі газын қалай аламыз?
-Қандай күрделі заттардан аламыз?
- Балалар, Лондон қаласының кіре берісінде атақты бір химик ғалымның ескерткіші орнатылған екен. Оның қолында үлкейткіш шыны(Лупа) бар көрінеді, ол қай ғалым?
-Тағыда оттегіні алған қандай ғалымды білесіңдер?
- Д.Пристли қай затты күн сәулесіне қойып, қыздыру арқылы оттегі газын алған?
-Ал, бүгінгі сабақта сендер, қандай күрделі заттардан аласыңдар? Ол қандай зат, оның формуласы қандай?
Балалар, практикалық жұмысқа кіріспес бұрын, қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп жіберейік.
- Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.
- Спиртшаммен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері.
- Заттарды қыздырған кездегі қауіпсіздік ережелері.
Олай болса, балалар осы қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып, қауіпсіздік ережелері журналына қолдарыңды қойып, сарамандық жұмысты орындауға кірісейік. (Оқушылар журналға қолдарын қояды).
Жұмыс барысы: І. Мұғалім оқушыларға оттегі алынатын заттардың аты жазылып, марганцовка, бертолле тұзы, су, сутегі пероксиді толтырылған ыдыстарды көрсетеді. Кез-келген заттармен жұмыс жүргізген кезде сақтық ережесін сақтауларын тағы бір рет ескертеді. Оқушыларға нұсқау картасы бойынша жұмыс жүргізулері тапсырылады.
Нұсқау картасы. І. Оттекті алу, жинау. 20 –бет
- 1. Тапсырманың орындалуын мұқият оқып шық.
- 2. Тәжірибені жасамай тұрып, тақтада көрсетілгендей оттегін алатын құрал жинаңдар, оның ауа жібермейтіндігін тексеріңдер.
- 3. Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек.
- 4. Газ жүретін түтіктің ұшын оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткізіңдер.
- 5. Сынауықты жайлап қыздырыңдар.
- 6. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады.
- 7. Оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатыңдар. Не байқадың? Оттегі толған ыдыстың аузын шынымен жауып қойыңдар.
Байқағаныңды дәптерге толтыр.
Нұсқау картасы. ІІ. Оттектің химиялық қасиеті. 20 –бет
Көмірдің оттегіде жануы.
- 1. Сымға бекітілген ағаш көмірін спиртшамына қыздырып, тұтана бастағанда оттегі толтырылған ыдысқа апарып салып, аузын жауып қойыңдар.
2. Жану аяқталған соң, сымға оралған затты шығарып, ыдыстың ішіне мөлдір әк суын құйып, шайқаңдар. Не байқадыңдар? Байқағаныңды дәптерге толтыр. Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІ. Оттегіде фосфордың жануы.
Оттегінің суда ерігіштігі нашар болғандықтан оны суды ығыстыру арқылы да жинауға болады. Ол үшін 25-суреттегідей құрал жинап қолданамыз. Сеңгелге суға толған екі сынауыққа салып қоямыз.Калий пермаганты салынған сынауықты сәл қыздырып, газ жүретін түтіктегі ауа шыққаннан кейін оны су астындағы сынауыққа кіргізіп, сынауықтың түбін жоғары қаратып ұстаймыз. Оттегі суды ығыстырып, сынауыққа жиналады. Су астында сынауықтың аузын тығынмен жауып, сеңгелден аламыз. Қыздыруды тоқтатпай түтікті судан алу керек, себебі, су калий перманганаты салынған сынауыққа дейін кетіп, қызған сынауық сынуы мүмкін. Фосфорды спиртшамда қыздырып оттегі бар сынауыққа кіргізгенде, ол жарқырап, ақ түтін түзе отырып жанады. Ол фосфор(V) оксиді. Не байқадың? Байқағаныңды дәптерге толтыр. Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Байқалған құбылыстарды оқушылардың табиғаттану пәнінен алған білмдермен ұштастыруға болады. Төмендегідей сұрақ беріп, алған білімдерін бекіткен дұрыс:
а) Оттегінің қандай физикалық қасиеттерін байқадыңдар?
ә) Қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар? б) Оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы жинау себебін түсіндір.
в) Заттар жанғанда қандай күрделі заттар алынады?
Демонстрация: Қарапайым тәжірибе.
Ескерту: Оттегін сутегі асқын оксидімен де алуға болады.
Сарамандық жұмыс төмендегі жоспармен өту керек.
І. Жұмысты жүргізуге берілетін оқытушының нұсқауы.
ІІ.Оқушылардың сарамандық жұмысты жүргізуі:
а) Оттегі алуға арналған құралды жинау
ә) Құралдың ауа өткізбейтіндігін тексеру
б) Оттегінің жиналғанын дәлелдеу (жаңа жанған шырамен)
в) Көмірдің оттегімен әрекеттесуі
г) Фосфордың оттегіде жануы.
Ш. Жұмысты жазбаша қорытындылау.
Қорытындылау: Орындалған жұмыс бойынша қорытындылап дәптерге орындайды.
Үйге тапсырма беру: §20-24 Қайталау.
Ұқсас тақырыптар:
- Металдардың адам өміріндегі маңызы. Қазақстандағы металл кендері (9-сынып).
- Химия. Сутектің физикалық қасиеттері.
- Химия. Кремний және оның қосылыстары.
- Химия-8. Элементтердің валенттіктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.
- химия. «Минералды тыңайтқыштар»
- ЗДОРОВЬЕ СБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ НА УРОКАХ ХИМИИ КАК ФАКТОР ПОВЫШЕНИЯ МОТИВАЦИИ ОБУЧЕНИЯ
- Химия сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері.
- Оқушылар қызығушылығын арттыра отырып стандартты білім беру әдістері.
- 1-Химия-9. Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары. 2-Химиялық реакция теңдеулері. 3-Биология. «Витаминдер» (Кембриж тәсілі)
- Химия-8. Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.