Sildenafil
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
8 Апрель 2012 – 18:58 | Комментариев 59

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Технология, Бейнелеу, Музыка, Д/Ш

Кілем тоқу технологиясы

Опубликовал в 19 Декабрь 2012 – 08:29Нет комментариев

Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна

Автордың сабақ жоспарлар жинағы (Технология. Кыздар)

Сабақтық тақырыбы: Кілем тоқу  технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға кілем туралы толық мағлұмат беру, кілем тоқу түрлерін, әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын кілем түрлері.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, тарих.

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылырмен сәлемдесемін;
  • Оқушыларды түгендеймін;
  • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
  • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
  1. II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

  1. III. Жаңа сабақ.

Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.

Қазақстан облыстарында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне заман деректерінде де олар тап осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолаң кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем, ақ сирақ кілем, алаша кілем, андіжан кілемі, түрікмен кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын аңғартады.

Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды.

Әдетте түкті кілемді 2—3 шебер қатар отырып тоқиды. Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп домалақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалып шығады да, кесермен қиып, адарғы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақтың тістерімен нықтайды. Бұл арада бойлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отырады. Осы әдіспен ені 2—3,5 м, ұзыны 3,5—4 м кілемді 2 адам бір айдың ішінде тоқып шығарады.

Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояумен боялады. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі, кейде тіпті негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мұндағы кілем өрнектері әр түрлі. Сол көптеген өрнек түрлерінің әрқайсысының аттарын кілемшілер жақсы біледі. Кілем өрнектерінің ішінде жануарлар бейнесін немесе олардың жеке мүшелерін суреттейтін оюлар да көп. Мәселен, «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «иттабан», «көбелек» және т. б. Мұнымен бірге геометриялық ернектер де кездеседі (ирек, тұмарша, төрт бұрыш және т. б.).

IV Сарамандық жұмыс.

  • Жұмыс киімін киеміз;
  • Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
  • Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
  • Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, дұрыс отырамыз;
  • Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;

Сабақты қорытындылау

Оқушылар бүгін біз кілем туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен

  • Кілем дегеніміз не?
  • Кілем неше түрге бөлінеді?
  • Қызылордада қандай кілем түрі жақсы дамыған?
  • Кілемде қандай суреттер басым?

VI. Оқушы білімін бағалау.

Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.

VII. Үй тапсырмасы. Кілем туралы қосымша деректерді жазып әкелу

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.