10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар

Информатика. СТС. «Зерттелмеген арал» сайысы

Опубликовал inust в 8 Ноябрь 2012 – 08:49Пікір жоқ
Бұл мақала 111 рет оқылды, 6 рет бүгін

Омарова Сауле Биболатовна, Физика және информатика пәндерінің мұғалімі, М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Сайқын ауылы Бөкей ордасы ауданы Батыс Қазақстан облысы

Сыныптан тыс шара

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілетін,  сөйлеу мәдениетін  дамыту,  шығармашылық  ізденістерін арттырып, заман талабына сай интерактивті тақтамен  жұмыс  жасау машықтарын қалыптастыру, информатика пәнінен алған білімдерін пайдалана білуге үйрету;

Көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта, сабақтың өту жоспары слайд түрінде дайындалған.
Өту барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қымбатты балалар!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Біздің алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай дыбыс хат жолдапты:

«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!

Мен жер шарын аралап жүріп Компландия деген елге бардым, сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық!»

Мұғалім: Ал, балалар!  Аттанамыз ба?  Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Екі топқа бөлініп, өз топтарыңыздың аттарын хабарлауларыңыз керек.

І-топ: «Компьютер» тобы
ІІ-топ: «Интернет» тобы

Әрбір топ 6 адамнан құралған

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру керек. Екі топқа екі сөз берілген.

  1. 1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, пер, ақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, …)
  2. 2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, …)

Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау-тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік!

Таулардың тапсырмасы: Әр топқа 3 жұмабақтан беріледі. Жұмбақтың шешімін тауып, оның суретін «Ресурстар кітапханасынан» тауып алып, жанына сурет атын пернетақтаның көмегімен жазулары керек.

І-топқа

  1. Егер білсең, айта қойшы

Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (сканер)

Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.                   (монитор)

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.               (тышқан)

ІІ-топқа

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.             (принтер)

Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.              (пернетақта)

Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.        (курсор)

Көлдің тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?

Сөзжұмбақ  сұрақтары:

  1. Көзге көрінетін күрделі объект
  2. Ақпаратты енгізу құрылғысы
  3. Ақпаратты шығару құрылғысы
  4. Қолданбалы бағдарламаның түрі
  5. Ақпаратты шығару құрылғысы
  6. Өлшем типі бойынша ДК бір түрі
  7. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас
А
Қ
П
А
Р
А
Т

Тастардың тапсырмасы: Ребусты шешу.

Ақпаратты өңдейтін құрылғы

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.