Информатика-8. Кестеге мәтінді енгізу және редакторлау.
ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Раисов Бекжан Сергазинович – информатика пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Кестеге мәтінді енгізу және редакторлау. Кесте элементтерін өшіру. Ұяшықтар мен бағаналардың өлшемін өзгерту
Сабақтың мақсаты: Кестеге текст қоя білуді, безендіруді үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың 8 класста кестелерді қою олармен жұмыс істеуді қолдана білуге үйрете отырып өз бетімен жұмыс істеу, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, командалар тізбегінен тұратын дайын суреттер, карточкалар
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.
Сабақтың барысы :
І. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, кластың тазалығын, оқу құралдарын тексеру,
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеремін
Құжатқа кесте құру үшін қандай командаларды орындаймыз?
Ұяшықтарды біріктіру командасы қандай?
Таблицаны бөлу үшін қандай команданы орындаймыз?
Автоматты түрде кестені қалай форматтаймыз?
Кесте форматының қандай түрлерін білесіңдер?
Ұяшықты бағанаға немесе қатарға бөлу үшін қандай командалар тізбегін орындаймыз?
Ұяшықтарды өшіру командалары қандай
Жаңа сабақты түсіндіру
Мәтіндік редакторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам информацияны, құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы түрі кестелер(таблица) болып табылады. Word редакторымен жұмыс істеу кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әр түрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.
Кесте дегеніміз – қатар мен бағанда орналасқан информация. Кестелермен жұмыс кезінде мәліметтер орналасқан кестенің парамеьрлерін жиі-жиі өзгерту қажеттігі туады. Ұяшықтың енін, биіктігін өзгерту, Ұяшықтарды біріктіру, керексіз ұяшықты алып тастау сияқты жұмыстар кездеседі. Осындай өзгертулерді біз өзімізге ыңғайлы түрдегі командаларды таңдап алуымызға болады
Мысалы:
Таблица ——- Свойства таблицы командасының көмегімен кесте элементтерінің параметрлерін өзгертуімізге болады.
Енді балалар кестеде реттеліп жинақталған ақпаратты мынандай командалардың көмегімен кестені мәтін түрінде көрсетуімізге болады.
Таблица——Преобразовать ——- таблицу в текст Мысалы өздеріңнің оқулықтарыңның мазмұны осындай кесте тәсілдерінің көмегімен жасалған,
Кестені безендіру жұмыстары:Кестенің жақтауларын безендіргіміз келсе Таблица —— Свойства таблицы әрекетінен кейін дисплей экранында Свойства таблицы диалогтік терезесі пайда болады осы диалогтік терезесінің көмегімен Границы и заливка ——- Граница ——- Тип —- ОК командалар тізбегімен өрнектеуімізге болады
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
- Информатика. Ашық сабақ әзірлемесі. «Мәтінді басу. Алмасу буферімен жұмыс жасау, көшіру деректерді енгізу.»
- Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау (колледж).
- Математика. Функцияның кестемен берілуі.
- И-8. Мәтіндік процессор Microsoft Word.
- Информатика-8. Құжатты пішімдеу §7.4
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Информатика. «Тапқыр информатик»
- Міcrosoft Word мәтіндік редакторы
- MS Word мәтіндік редакторы (колледж).