Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Таңдаулы, Физика

Физика 11. Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.

Опубликовал в 22 Сентябрь 2012 – 15:41Нет комментариев

Абаева  Шамша. Төлегенқызы  Жамбыл  облысы, Шу қаласы, Төлеби орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Линзалар  туралы  түсінік  беріп ,жұқа линзаның  формуласын  пайдаланып  есептер   шеше  білуге ,схемаларын оқып үйрену ..
Дамытушылық: Қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру,  тест, дәптермен  жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер .компьютер, интерактивті тақта, Activote тест құралы.
Пәнаралық байланыс:  Сызу, бейнелеу,математика.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) сабаққа қатысты бақылау;
ә) сабаққа дайындығын тексеру;
II. Сабақтың тақырыбын жариялау.
- Бүгін біздің үйренетініміз көбіне белгілі. Сонда да, бұл тақырып бәріне керек деп ойлаймын.Көптеген оптикалық  аспаптарда :  телескопта ,микроскопта ,фотоаппаратурада, проекциялық  аппараттарда , дүрбіде , көзілдіріктерде  линзалар қолданылады. Әсіресе   жаңашыл өмірде керек болады.
III.Жаңа тақырыпты мазмұндау.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Линза дегеніміз  -екі  жағы  сфералық  беттермен  шектелген  мөлдір  дене.Олар  шашыратқыш  және жинағыш  линзалар  болып  екіге  бөлінеді.Егер  линзаның  қалыңдығы  оның беттерінің  R1  және R2 қисықтық  радиустерінен  едәуір  кіші  болса ,онда линза  жұқа  болып  есептеледі  .Дөңес беттің  қисықтық  радиусы R>0 – оң деп ,ойыстікі  R< 0- теріс  деп  қабылданады.

 

Линза  беттерінің  қисықтық  центрлері  арқылы өтетін  түзу  бас  оптикалық  ось  деп  аталады . Линзаның  оптикалық  центрі  деп бас  оптикалық  осте  жататын одан өтетін  сәулелер   сынбайтын   қасиетке  ие , 0 нүктесін  айтады.Оптикалық  центр  арқылы   өтетін , бірақ  қисықтық  центрлері   арқылы  өтпейтін түзулер KL  қосымша  осьтер деп  аталады.

Бас оптикалық  осьтің  линза  беттерімен   қиылысатын  А және  В нүктелері  линзаның  төбелерін  , ал  линза   төбелерінің   арақашықтығы  линзаның  қалыңдығын  берді.Егер  линзаның  қалыңдығы  сфералық  беттердің   қисықтық   радиусымен   шамалас  болса , онда  оны қалың  линза , ал  әлдеқайда   кіші  болса , жұқа линза дейді.

Линза  беттерінің  түріне  қарай  линзалар  дөңес (жазық дөңес, екіжақты  дөңес және  ойыс- дөңес) және  ойыс (жазық ойыс , екіжақты  ойыс және  дөңес – ойыс ) болып  бөлінеді.Егер  жинағыш  линзаның  бас  оптикалық  осіне   параллель  жарық  сәулелерін   түсірсек , олар  бір  нүктеде , линзаның  бас Ғ фокусында  жиналады .(2-сурет)

Тұрмыста  негізінен  жұқа  линзалар  қолданылады.  Ыңғайлы  болу  үшін  жинағыш  линзаны    «↕» белгісімен , ал шашыратқыш  жұқа  линзаның  «»  белгісімен  белгілеу  енгізілген .

Жұқа  линзаның  формуласы:

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

1/d+1/f=1/Ғ Бұл  формула  жұқа  линзаның  формуласы  деп  аталады .

Линзаның  беретін  кескіні  және  оның  түріне  қарай  формуланың   келесі жазылу  түрлерін  аламыз.

  1. Жинағыш  линза  нақты  кескін  берсе ,d>0  оң ,f>0 оң  және Ғ>0  оң . Жұқа  линзаның  формуласы  бұл  жағдайда  мына  түрге  ие  болады. 1/d+1/f=1/Ғ
  2. Жинағыш  линза жорамал  кескін   берген жағжайда , d>0  оң f<0 теріс  және Ғ>0  оң .Жұқа  линзаның  формуласы 1/d-1/f=1/Ғ
  3. Шашыратқыш линза  әр уақытта жорамал  кескін  береді, яғни d>0  оң, f>0 оң  және  Ғ <0 теріс. Жұқа  линзаның  формуласы 1/d+1/f=-1/Ғ .

Линзаның  оптикалық  күші .Линзаның  сәулені қалай  сындыратынын  анықтау  үшін  линзаның  оптикалық  күші  деп  аталатын  физикалық   шама  енгізілді .Оны D әрпімен  белгілейді .  Линзаның  оптикалық  күші  деп  бас  фокус  арақашықтығына   кері  шаманы  айтады.

D=1/F

Немесе  D=(n-1)( 1/ R1+1/R2)

Линзаның  оптикалық  күші  диоптриямен  өлшенеді .

1 дптр =1м

Линзаларда   кескіндерді  тұрғызу .

Линзаларда  кескіндерді  тұрғызу  үшін  негізінен  үш  сәулені  пайдаланады.

  1. Бас  оптикалық  оське  параллель  сәулелер   линзадан   сынғаннан  кейін   оның  фокусы   арқылы  өтеді.
  2. Линзаның  оптикалық  центрі  арқылы  өтетін  сәуле  сынбайды.
  3. Линзаның  бас  фокусы   арқылы  өтетін   сәуле   линзадан   сынғаннан   кейін  бас  оптикалық    оське  параллель  кетеді .

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.