Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғандарына 23 жыл
Лаура Кусманова Көшек негізгі мектебі
«Ауғанның от жалыны» (Ерлік сабағының әдістемелік әзірлемесі)
Дайындаған:
2012 жыл
Кеңес әскерелірінің ауған жерінен шығуына 23 жыл
Тақырыбы: «Ауғанның от жалыны»
Мақсаты: тұлғаны жоғары құлықтылық қасиеттерге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылардығ бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік, Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, жауынгерлер суреті, 9 рота бейнефильмі, безендіруге арналған шарлар.
Жоспары:
І. Кездесудің ашылауы. ҚР Әнұранының орындалуы. Алғы сөз
ІІ. Ауған жеріндегі ұрыс. /оқушылар өлеңі мен 9 рота бейнефильмінен үзінді/
ІІІ. «Тағдырын білем ауған даласының …» - ауғандық жауынгер Т.С Иманғалиевтің әңгімесі
ІҮ. «Бейбітшілік таңы» қорытынды сөз /мектеп директоры/
Барысы:
І. Кездесудің ашылауы. ҚР Әнұранының орындалуы. Алғы сөз - мектеп директоры – М.Қ Нұғыманов, оқу және тәрбие ісінің меңгерушілері – Г.С Нұртазина және М.К Абишева. Кәсіподақ төрайымы – А.А Тулендинова
Жүргізуші:
- Жырым бара жараланған жаңынды емдер
Өлгендердің жәнатта болсын жаны,
Тірілердің мың жаса, дәуірлеңдер. Құрметті қауым, сіздерге біздің алтын ұя мектептің бүгінгі қонағы Иманғалиев Төлеуғазы Советханұлымен таныстырайын. /Өмірбаяны айтылады/
Ән шашу: «Елім менің» 7 сынып оқушылары
ІІ. Ауған жеріндегі ұрыс. /оқушылар өлеңі мен 9 рота бейнефильмінен үзінді/
Жүргізуші:
- 1979 жылдың 25 – желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни, 9 – жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бқл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытппас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр бәздің Қазақстанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?
Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.
Жүргізуші:
- Ауған соғысына Қазақстан бойынша біздің елдің еншісінде қаралы тізім мынадай:
761 адам қаза тапқан.
226 адам із – түзсіз жоқ
1000 – ға жуық адам кемтар
1000 - ға жуық адам осы соғыстан кейін о дүниелік болды.
/Фильмнен үзінді/
Жүргізуші:
Кеңестер әскеріқұрамында біздің Жармалық азаматтардың да еңбектері орасан. Аудан көлемінде қазір 76 интерноциалист жауынгерлер түрлі салада еңбек етіп жүр. Өзіміздің Шар қаласы бойынша аман есен оралып еңбек етіп жүрген:
1) Джакупов Аманбек
2) Бейсембаев Сергазы
3) Быжиков Калыбек
4) Жұматев Ермұхамет
5) Нурсахметов Мухтархан
6) Исанов Ергазы
7) Кудабаев Мухтархан
8) Нуртазин Талғат
9) Бужинов Болатбек
10) Омарбеков Айдар
11) Сылдырбаев Ербол
12) Жакупбеков Қайрат
13) Сербурин Бауржан
14) Имангалиев Толеугазы – сынды жауынгер ағаларымыз бар. Осы ауғанның от жалынынан оралмаған, марқұм болған ауған соғысының жауынгерлерін еске алу үшін 1 минут үнсіздік берілсін.
Адам тағдырына көнеді, бірақ ұлынан айырылған ана көне ме? Ол әлі де ұлын келеді деп үміттенуде. /9 рота фильмінен үзінді/
ІІІ. «Тағдырын білем ауған даласының …» - ауғандық жауынгер Т.С Иманғалиевтің әңгімесі.
«Тағдырын білем ауған даласының …» – өлең шумақтары оқылады.
Ерназ: Қан майданда қан аққан бұлақтардан,
Қанды кешіп жүреді алда ерлер.
Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,
Ассалаумағалейкүм,ардагерлер.
Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,
Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.
Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,
Сұрапыл майдан бопты қасіретті.
Назгүл: Кілең жас жанары от жалыдаған,
Айналды майдангерлер қанды балақ.
Күні жоқ «қалақша» оқ салынбаған
Атырған бір ұйқысыз таңды қарап.
Дұшманмен бетпе – бет кеп шайқастарда,
Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған
Отан үшін бас тігіп айқасқанда
Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.
Ерасыл: Тастаған енді ер жетер шақта қырып,
Кектерін олар үшін заман алар.
Кебенек киген ұлын аттандырып,
Қабірін құшып қалған аналар бар.
Қарғыс атқыр, бағасыз арық қойдан
Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.
Ауғанда неше боздақ қалып қойған
Бұйырмай туған жердің топырағы.
Жүргізуші:
Тәрбие сағатның толық нұсқасын көішіріп алыңыз
Ұқсас тақырыптар:
- АҚПАРАТТАНДЫРУ ӘЛЕМІ (дебат)
- Педагогика. Агрессиялық балаларға өзара тиімді әсер ету.
- Тәрбие сағаты: «Ғасырлар толғауы»
- Ертеңгілік «Тіл мерекесі». Сынып сағаты.
- Салауатты өмір сүру дегеніміз не? (тс).
- Үйірме: Математика тарихы
- Математика- Информатика апталығының ашылу салтанаты
- XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)
- Біз Қазақстанның жарқын, білімді болашағамыз (брейн-ринг).
- Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖИТС - ғасыр дерті»