28 Сентябрь 2012 – 17:32 | Пікір жоқ

Школа-лицей “Жібек Жолы” ( Жамбылская область, город Шу) представлена к международной награде “Европейское качество” по решению Сократовского комитета Европейской бизнесс Ассемблеи. Присуждение этой награды является признанием профессионализма преподавательского состава, качества проводимых научных исследований и разработок, а …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Қазақ тілі мен Әдебиеті

Сабақ тақырыбы: М.Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Опубликовал Yelik в 13 Август 2012 – 21:13Пікір жоқ
Бұл мақала 2076 рет оқылды, 24 рет бүгін

Сабақ мақсаты
1. Ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы  мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау жасау.
2. Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге,қорғауға тірбиелеу.
3.Қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: ой толғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең құрылысына талдау, мәнерлеп оқу

Көрнекілігі: Слайд, ердің  бес қаруы, ақынның «Жұмыр қылыш» күйі

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз пәні.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру, Зейіндерін шоғырландыру

Төмендегі жоспар бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

  1. «Зар заман» ақындары туралы
  2. Елдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім… көтерілістің шығу тарихы, мақсаты

  1. Өтемістен туған он едік… ақынның өмірі

Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сыныпты төмендегідей үш топқа бөлемін, әр топтың жұмыс істеу жүйесі алдын-ала беріледі.

1 топ «Ізденушілер» тобы

2 топ «Сөз тапқыштар» тобы

3 топ «Тұжырымдаушылар» тобы

 

Махамбет-өзіне дейінгі халық әдебиетінің

барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін

қайталамай өз бетін, өз стилін айқындап, әдебиетте

көрнекті үлгі қалдырған ақын….

Қ.Жұмалиев

 

 

Сабақ  жоспары:

  1. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
  2. Өлеңге құрылымдық- мағыналық, поэтикалық талдау
  3. Шығармашылық, танымдық жұмыстар

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Балалар, біз дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының азаттық идея мен азаматтық үнге толы, нағыз ерлік жыры «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен танысамыз.

 

Жанры жағынан былай жіктеледі. (кесте)

 

Лирикалық өлеңдері Шешендік толғаулар Жоқтау Риторикалық сұраулы Азаттық идея, азаматтық үн
Саяси  лирика (толғау,жыр, терме) «Жалған дүние» «Аймақ көл» «Ұл туса»  «Аспандағы бозторғай»  «Арғымақтың баласы» «Абайламай айырылдым», «Мұнар күн», «Тарланым», «Қызғыш құс», «Арғымаққа оқ тиді» «Орай да борай қар жауса», «Бекініп садақ асынбай», «Жалған дүние», «Қайда бар» «Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған ардақты ер», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын»

 

Махамбет лирикасының қайнар көзі:  халық ауыз әдебиеті-шығыс әдебиеті-жыраулық поэзия.

Ұйқас түрі Буын саны Поэтикасы Өлеңдерінің тақырыбы Ақын лексикасы
Қара өлең ерікті аралас шұбартпалы кезекті ұйқас Он бір буынды

Жеті буынды Жеті мен сегіз аралас келетін өлеңдер

Эпитет, метафора, теңеу, шендестіру риотрикалық сұрау егіздеу, ассонанс аллитерация, элегия Ел, халық жайы, заманы және адам Жер-су атаулары, туыстық атауы     Қару-жарақ  Қоғамдық- әкімшілік мәнге ие атаулар кірме сөздер жаңа, ерекше сөздер мен сөз тіркестері

Сабақты бекіту:  (топтық жұмыс)

Әр топ «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңге құрылымдық- мағыналық, поэтикалық талдау жасау барысында оқушыларға көрмеде қойылған ердің бес қаруы, ат әбізелдері таныстырылып отырады. Мысалы: терлік, тебінгі, олардың атқаратын қызметі

«Ізденуші» топ Өздері үйде алдын ала дайындап әкелген өлеңінің  туу тарихы туралы мәліметті айтады.

«Сөз тапқыштар» тобы. Өлеңге поэтикалық талдау жасайды.

 

Жаңа сөздер: ереуіл ат- соғысқа мінетін, жарап тұрған ат

Қу толағай- тақыр, жалаңаш

Эпитеттер: ереуіл ат, егеулі найза, алты малта ас, қоңыр салқын төс,ұлы түс, қу толағай

Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру, терлігі майдай еру, ат үстінде күн көрмеу

Ассонанс: Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітерме?

«Тұжырымдаушы » топ:

18 бағыныңқы сөйлемі болымсыз түрдегі өткен шақ көсемшемен беріліп «Ерлердің ісі бітер ме?» деген риториялық сұрау түріндегі басыңқы сөйлеммен аяқталады. Бір деммен айтылады, 1 ғана идея ұсынылады. Жауап іздеудің керегі жоқ, жауап алдыңғы тармақтарда айтылған 1 шумақ толғау.

 

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар өздері ізденіп, дайындап әкелген тың деректерді айтып береді.

1 оқушы: Ақын ретінде тұңғыш танытқан- Жәңгірдің немересі Шәңгерей Бөкеев. Шәңгерейдің көмегімен Ғұмар Қараш 1908-1910 жылы ақынның  «Ереуіл атқа ер салмай», «Беріш Мұхаммед батырдың сұлтанға айтқаны» өлеңін алғаш рет «Шайыр» жинағына жариялайды.

2 оқушы: Махамбет- шығармаларында айтылатын күрес пен қаһармандықтың  барлық ұстанымдарын өмірінде іске асырған қаһарман жан. Өлеңдерін талдағанда мұны ұмытуға болмайды.

3 оқушы: Махамбеттегі ұлттық рух- сол тілдің  барлық болмыс, байлығын қолдана білуден туындайды. Оны өзге тілге аударудың қиындығы сонда. Сөз саптауы, оқиға мен ойды, сезіммен сырды жеткізу, бейнелеу тәсілдері, техникасы мүлде бөлек.

4 оқушы: Ақын шебер күйші, домбырашы болған. Он бір күйі 1982 жылы «Шашақты Найза, Шалқар күй» деген атпен жарық көрген.

Ақынның «Қайран Нарын», «Арысты аңсау», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Өкініш» күйлері күйші қауымға танымал.

5 оқушы: 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының  200 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, төрт томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды.

6 оқушы: Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысы, Индер ауылынан 40 шақырым жерде  кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Нотэль Шаяхметов ақынның  бет- бейнесін жасап шығарды.

7 оқушы: Ресейдің «Выборг» кеме жасау зауыты ААҚ Қазақстанның тапсырысы  бойынша «Махамбет» атты мұнай  құю танкерін жасап шығарып,  суға түсірді.

Қас үлектен туған қатепті,

Қара нар керек біздің бұл іске.

Қабырғасын қаусатып,

Бір-бірдеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек.

Біздің бүйткен бұл іске

Үй тапсырмасы: «Қаазқ тілі мен әдебиеті» журналы, 2003 жыл №6, 20-бет «Баймағамбет правительге беріш Махамбет батырдың айтқан сөзі»  толғауын оқу, әдебиеттегі нұсқасымен салыстыру,

Сабақтың өткізілу барысы  интерактивті тақтада слайдтармен көрсетіліп отырды.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.