10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер

Биология. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.

Опубликовал Nurgul- в 2 Август 2012 – 18:141 пікір
Бұл мақала 882 рет оқылды, 6 рет бүгін

Нұржауған Биханова. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: 60. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға жылқы шаруашылығының  сан алуандылығын олардың өмір кезеңдері, пайдасы және ерекшелігі туралы түсінік беру.

2.  Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.  Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жануарларға деген қамқорлығын  арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар,«Маңмаңгер» журналы, интерактивті тақта. Толық нұсқасы.

Пән аралық байланыс: география,әдебиет

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру.

II Үй тапсырмасын сұрау.

III Жаңа сабақ.

IV Сабақты бекіту.

V Оқушыларды бағалау.

VI Үйге тапсырма беру.

I Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Қызығушылығын ояту.

Сұрақтар:

1. Қандай үй хайуанаттарын білесің? (жылқы, сиыр, қой)

2. Ер қанаты ат дегенді қалай түсінесің?

3. Жылқыдан қандай өнім алынады? (еті, сүті, терісі)

4. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)

5. Жылқылардың қандай түрлерін білесің? (зебра, тарпан)

6. Елімізде өсірлетін жылқыны қалай аталады? (Жабы жылқылары)

7.Қазақтың дастан жырларында кездесетін жылқы атаулары. (Қобыландының Тайбауырылы, Ер Тарғанның –Бозтарланы, Қамбар батырдың – Қарақасқасы, Төлгеннің –Бозжорғасы)

8.Қазақстанның батыс аймағында өсіріліп келе жатқан жылқысқалай аталады? (Адай жылқысы)

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық  пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі

Өмір мерзімі және кезеңдері

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:

  • құлын (биенің жас төлі),
  • жабағы (6 айдан асқан құлын),
  • тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

  • құнажын байтал (2 жастан асқаны),
  • дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
  • дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
  • бесті бие (4 жастан асқаны),
  • қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
  • кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
  • жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

  • құнан айғыр (2 жастан асқаны),
  • дөнен айғыр (3 жастағысы),
  • сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
  • бесті айғыр (5 жастағысы),
  • сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

 

ІІ .      САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Операциялық – орындаушылық кезең.

Жылқының түрлері Жылқыдан алынатын өнімдер

Биологиялық диктант.

1. Қолға үйретілген жылқының арғы ата тегі жабайы жылқылар  ….   мен …. (тарпан, түзат);

2. Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының ……. жуық қол тұқымы өсірледі (20-ға);

3. Жылқы ……. отрядына жатады (сүтқоректілер класының тұяқтылар отрядына);

4. Қазақстанның батыс өңіріндегі жылқының …… қолтұқымы (мұғалжар);

5. Жылқының қадір - қасиетіне байланысты …… және …… деп екі топқа бөледі (арғымақтар, жабылар)

ІІІ.    КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Рефлекциялық - бағалау кезең.

1.Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

1.Дүние жүзінде жылқының қанша қолтұқымы кездеседі.

а) 150

ә) 250

б) 100

в) 25 (250)

2.Қымыздың қанша жылға жуық тарихы бар.

а) 10 жыл

ә) мың жыл

б) 3 мың жыл

в) 30 жыл (3 мың жыл)

3.Қостанай жылқысы қай жылы қолтұқым ретінде бекітілді.

а) 1950ж

ә) 1951ж

б) 1953ж

в) 1955ж

4.Африкада кездесетін жылқы тұқымдасы

а) құлан

ә)жолат (зебр)

б) домбай

в) барлағы дұрыс (в)

5.Тарпан қай ғасырдың басында жойылған

а) XX

ә) XIX

б) XXI

в) XIX 30 жыл

2.Кестені толтыру

Қымыздың түрлері Жылқы етінен өндірлетін өнімдер

Уыз қымыз

Бал қымыз

Бесті қымыз

Дөнен қымыз

Жуас қымыз

Қысырақ қымыз

Шырғанақ қымыз

3.Жұмбақтар шешейік

Бітімі, зевра
Аумаған есек
Түліктен дара
Қазысын жесек.

Батырға көлік болған
Сүті-қымыз
Жегенге тамақ болған
Тағамен-жүріс.                 (Жылқы)

 

Қамыс құлақ,тоқсан тұяқ
Мінсең-қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ (Жылқы)

Үйге тапсырма

Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.

Қазақстандағы жергілікті  жылқының қолтұқымдары жайлы мазмұндама жазыңыздар.Жылқы туралы аңыз әңгіме негізінде хабарлама дайындаңдар.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • Максат Толепович пишет:

    Cәлеметсізбе Нұржауған! Ренжімесеніз осы сабағыңыздың жоспарын менің почтама жібере саласыз ба. Өте тамаша жазылған екен. Алдын-ала алғысымды білдіремін! Менің логиным [email protected]

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.