И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
Ақтөбе қаласы, Пригород орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Туркменбаева Алима Азижановна.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Мақсаты: а) Microsoft Word –ты іске қосуды үйреті, Microsoft Word мәтіндік процесорының терезесімен таныстыру. Мәтіндік құжат құруды үйрету.
б) Оқушылардың белсенділігін дамыту, ой өрісін кеңейтуге дағдыландыру.
в)Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Парктика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру
II Үй жұмысын сұрау
а) Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?
б) Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?
в) растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру
X Бағалау
Жаңа сабақ
Microsoft Word –ты іс- бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Microsoft Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
- Құжаттарды құру және теру;
- Қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
- Кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
- Емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
- Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
- Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
- Растрлық графикаларға арналмаған.
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
- Негізгі менюден Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын орындау арқылы;
- Жұмыс үстеліндегі таңбашамен.
- Мicrosoft Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
- Файл – Шығу (Выход) командасын таңдау;
- Alt + F4 батырмалар комбинациясын басамыз;
- Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шерту арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап – Иә (Да), өзгерістерді сақтамайсыз (жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді.
Ұқсас тақырыптар:
- И-8. Мәтіндік процессор Microsoft Word.
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- “Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану жолдары және оның пайдасы”
- Информатика-8. Құжатты пішімдеу §7.4
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- «Web-бағдарламалау» Ғылыми зерттеу жұмысы.