19 Июнь 2012 – 16:50 | 1 пікір

Қазіргі заманның ерекше рухани жетістіктерінің бірі арақ ішу, темекі шегу сияқты жаман әдеттердің модадан қалғаны дер едім. Осы жаман әдеттен арылу көптеген адамдар үшін қиындық тудырып жүргенін білем. Арақты тастау оңай болғанымен темекіні тастауға келгенде …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Таңдаулы, Қазақ тілі мен Әдебиеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазу сауаттылығын арттыруға жаңаша көзқарас».

Опубликовал inust в 31 Май 2012 – 09:162 пікір
Бұл мақала 504 рет оқылды, 16 рет бүгін

Жамбыл  облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Нұрбаева Майра Мұхамедқалиқызы.

Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Оның негізгі заңында «Мемлекет ұлтаралық қарым – қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды», - делінген.

Үздіксіз өсіп отырған ғылыми техникалық прогресс жағдайында баланың ой - өрісін барлық жағынан кеңейтіп, оның интеллектісін дамытып, ғылым негіздерін сапалы түрде меңгеруге көмектеспейінше, оқушыны келешекте қоғам өміріне белсене қатысуға даярлау мүмкін емес. Оқытудың дәрежесі өз - өзінен проблемаларды шеше алмайды, істің нәтижелі болуы мұғалімдердің теориялық білімді сабақ процесінде қалай іске асыруымен тікелей байланысты.

Тілді білу – ұлтаралық қарым – қатынасты, ұлтаралық мәдениетті жақсартады. Әрбір халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениеті, оның озық үлгілерін таныту арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен қарауға тәрбиелеумен бірге, оның тілге деген сүйіспеншілігін оятады. Оқушының тілін дамыту әдістемесі тақырыбын зерттеу барысында әдіскер – ғылымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасайықшы. Бұл  ретте Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының оқу – ағарту ісінің бастауы кезеңінде тұрғаны, оның өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халық тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.

Сондай – ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесінің  негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсыновтың да тіл дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігі, бұл іске жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен пайдаланғанына назар аударуға болады.

Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған Мағжан Жұмабаев тіл табиғатына зор баға берді. «Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өз теңі балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын - мектеп», - дейді.

Ойлауды сөзден бөлуге болмайды. Сондықтан да балалардың тілін дамыту әрқашан ой операцияларын орындаумен бірге қарастырылады. Оқушылардың салыстыра, топтастыра, жүйелей, қорытынды шығаруы, олардың ауызша және жазбаша сөзінің логикалық дәлдігінен, бейнелілігінен көрінеді. Оқушылардың сөздік қорын байытумен байланысты жүргізілген жұмыстарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас ерекшіліктері, олардың зейін, ерік, қиял т.б. әрекеттері ескеріледі. Сондықтан, оқудың алғашқы күнінен бастап – ақ баланы тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады. Олардың зейіндері заттарды бақылаумен қатар, әріптерден сөз құрау арқылы жетілдіріліп тәрбиеленеді.

Психологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенгенімізде, тілді игеру, сөздік қорының молаюы, грамматикалық мәліметтер жөніндегі түсінігі мектепке дейінгі кезеңнің өзінде – ақ прақтикалық жолмен, ауызша сөйлеу түрінде қалыптасатындығын байқаймыз.

Тіл дамыту жұмысында сөйлеу мен жазбаша тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы бір – бірімен  тікелей қарым – қатынас жасайды . сөйлесу барысында  тілдің түрлі көркемдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, салыстыру, теңеу, мақал – мәтелдерді қолданып сөйлеу, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше айту, ымдау, тағы басқа әрекеттер қолдану арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазба таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрлерімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлем түрінде белгілі бір байланыс болады. Адам ойын сөйлеммен жүйелі жазып беруде тілдегі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін сұрау, леп, нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, т.б. қолданады. Ауызша сөйлеу тілін жақсы меңгерген оқушы ойын жазбаша да жүйелі айтады, жаза да алады. Сондықтан, бұл екі процесс бір – бәрімен байланыста, бірлікте қаралғанда ғана дұрыс нәтиже береді.

Орыс сыныптарда оқушылардың жазбаша тілін дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың түрлері сан алуан. Атап айтқанда: көшіріп жазу, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру, сөздік диктанты, түсіндіру диктанты, бақылау немесе тексеру диктанты, мазмұндама, диафильм бойынша мазмұндама, естіген көрген оқиғалары, оқыған кітаптары бойынша шығарма жазу, өз өлкесі, қаласы, тұрған жері туралы суреттеу мағынасындағы шығарма жұмыстары, т.б. Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір – бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысылы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Демек, қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстарының өзі оқушылырдың тілін дамытуға әсер ететіні сөзсіз. Бұл жұмыстар бір – бірімен байланысты принципі негізінде іске асырылады. Жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін меңгеру мен қалыптастыру ғылымилық, жүйелілік, сәйкестік, сабақтастық принциптері негізінде іске асырылады, яғни бұл жұмыстар: грамматикалық – орфографиялық жаттығулар, көшіріп жазу, лексика – грамматикалық материалдармен байланыстырылып жүргізіледі.

Мектептерде оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жұмыстарында, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланыстылығы, көрнекілік, түсініктілік, оқушылардың белсенділігін арттыру принципі ескеріледі. Қазіргі заман талабына сай оқушыларды дамыта оқыту идеясы негізінде: оқушылардың теориялық деңгейін көтеру, қосарлана ену, білімді ізгілендіру принциптері білім мазмұнының негізгі ұстанымдары болып табылады. Сондай -  ақ диктант пен мазмұндама материалдарын іріктеуде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принциптері аса маңызды рөл атқарады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қиналатыны – оқушылырдың сауаттылығын қалыптастыру. Ол үшін көбірек диктанттар жаздырып, тексеріп отыру қажет. Оны тиімді жолдармен жүзеге асырып отырмасаң, қайтарымын бермейтіні ақиқат.

Диктант жазу үстінде кейде оқушылар ілесіп жаза алмайды. Қайталап сұрай береді. Уақытты алады. Мен осыдан шығу жолдарын қарастырдым. Жиі-жиі шағын диктанттар алып отырдым. Олар уақытқа қарай кейде 9 – 10, кейде 10 – 12 сөйлемдерден тұрады. Кейде диктант дәптерлеріне, кейде қазақ тілі дәптерлеріне жаза береді.

«Кейіннен есте сақтау» диктантын ала бастадым. Онда мен сөйлемді бір – ақ рет (ұзақ сөйлем болса 2 рет) оқимын. Дереу оқи сала «жазыңдар» деймін.Ондағы мақсатым – оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Оқушылар «Бұндай диктантты бұрын жазып көргеміз жоқ» деп қызыға жазады. Тіпті, жаза алмай бара жатса, есіне сақтап қалған бір оқушыға қайталаттырамын. Нашар қабылдайтындар не жазатынын білмей отырып қалады. «Есіңде бір сөзі қалса да жаз» деймін. Әрине, сөйлем болмай шығады. Бірте – бірте үйренеді.

Ал, енді, осы диктанттарды тексерудің де түрлі жолдарын қарастыруға да болатын сияқты. Мен кейінгі кезде диктанттарды былай тексеретін болдым.

Оқушыларды, сыныпта жазу сауаттылықтарына қарай топтап аламын.

І. «Сенімділер»  тобы. Бұл топта үнемі «4 пен 5- ке» жазатындар.

ІІ. « Әрқалай»  Мұнда «4 - ке» немесе «3 – ке» жазатындар.

ІІІ. «Қателер»  тобы. Бұл топ түсінікті.

Үшінші топтағылардың әрқайсысының қандай қате жіберетінін дәптеріме қарап отырып оларды топтадым. Одан мынадай сызба жасадым (Оқушылардың жіберген қателеріне қарай өзгертуге болады).

 

 

Н.ң и.й ы.і тасымал тыныс белгі жазуы нашар
           

 

Тұстарына оқушының аты – жөндері жазылады. Диктантты жазу үстінде өз қателерін ескертіп отырамын. Мысалы, « Мұрат, сен тасымалды ескер» немесе « Ира, и,й әріптеріне ерекше көңіл бөл, дауыссыз дыбыстан кейін қайсысы жазылатынын ұмытпа» деген сияқты. Оқушы неден қате жіберетінін біледі, өйткені мен бәріне ескертіп қойғам. Қандай топқа жататындарын да біледі. Оқушыға ауызша және күнде «сен қате жазасың, сен қате жазасың» деп бетіне баса бергеннен ол бала сауатты жазып кетпейді. Сондықтан әр мұғалім осындай, әрине, дәл осындай болмаса да, нақты көмек көрсетсе, тиімді нәтиже береді деп ойлаймын.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазұндама жаздыру арқылы оқушылар  оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естеріңде қалған мәліметтерді  өз сөздерімен  жазып беруге дағдыланады,  сөз  тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады.  Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі  мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының  есінде қалады, оқылған мәтінді  қайта жаңғырту үшін  сөздер мен сөйлемдерді  бір – бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің  баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын  өз беттерінше  меңгеріп,  өз  сөздерімен  құрастыруы талап етіледі. Атап айтқанда,  оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынандай талап қойылуға тиіс:

  1. Оқушының өз  ойы болуы.
  2. Өз жанынан қосымша оқиға қосуы.
  3. Өздігінен  қорытынды жасау.
  4. Мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, І жақ, осы шақ  формасындағы мәтінді, ІІІ жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау.
  5. Қысқарта мазмұндау, яғни,  берілген мәтіннің  тек түйінді, негізгі  мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге,  жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің  ситаксистік құрылысын  меңгертуге,  ең басты қайта жасау қиялын  дамытуға игі ықпал етеді.  Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:

  1. Дайын мәтін бойынша  мазмұндама.
  2. Сурет бойынша мазмұндама.
  3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

І. Дайын мәтін бойынша мазмұндама. Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың  өзін бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Мәтінге жуық немесе толық  мазмұндау.
  2. Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып,  бірақ  баяндау формасын өзгертіп баяндау.
  3. Қысқарта баяндау.
  4. Толықтырып мазмұндау.

ІІ. Сурет бойынша мазмұндама. Жұмыстың бұл түрін  жұмыс барысында  қылқалам туындысын  пайдалан отырып,  мазмұндама жазу оқушылардың  сурет мазмұнын түсінуге, шығармада бейнелеген зат не құбылыстарды  бейнелі де көркем сөзбен өрнектеуді үйретеді. Баланың эстетикалық  талғамын  байытып, шығармашылық  қиялына қанат бітіреді.

Суретті пайдалана отырып,  жазылатын мазмұндаманың мынадай түрлері бар:

  1. Белгілі  оқиғаға арналған  бір сурет  бойынша мазмұндама;
  2. Бір оқиға мазмұнын  ашатын  сюжетті суреттер арқылы  жаздырылатын  мазмұндама;

- Сурет және сюжетті суреттер бойынша  жаздырылатын  мазмұндамаларды  түрлендіріп өтуге мүмкіндік мол.  Атап айтқанда,  сюжетті сурет бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі   қайырымдар мен  сөйлемдердің орындарын  ауыстырып беріп,  оны суреттің сюжетіне байланысты түзеттіріп, немесе орны ауыстырылған суреттерді  мәтін мазмұны бойынша жүйеге түсіру түрлері оқушының ойлауы мен қиялын дамытып шығармашылық  қабілетін арттырады.

Орыс сыныптарында  тілдік тапсырмалары бар  жұмыстарды суреттер бойынша жаздыру  тиімді әдістің бірі болып табылады. Бұл тәсілдің құрылымдық элементтері мыналар:

  1. Алдымен қай тақырыпқа байланысты  тілдік тапсырмалары бар жұмыс жаздыру керек екендігі анықталады.
  2. Тілдік тапсырмалары бар жұмысқа сай суреттер  немесе  бейнетаспа іріктеледі.
  3. Тақырыпты кірістіре отырып, жұмыс жүргізу.
  4. Жазба жұмысы жазылып  болған соң,  ол  дауыстап оқылады.
  5. Жұмыстағы сөздер  бойынша  тілдік ерекшеліктер дәлелденеді.

Мысалы,  оқушыларға құрмалас сөйлемге байланысты  тілдік тапсырмалары бар,  жазба жұмысын жазуға лайықтап,  «Отан -ортақ үйіміз» атты бейнетаспа көрсетіледі. Осы бейнетаспаға қарай отырып,  құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, оқушыларға  жұмыс жазу жүктеледі. Жазылған жұмыстар бойынша  қатемен жұмыс жүргізіледі.

 

 

 

Жазылған жұмыстар бойынша  талдау жүргізудің кестесі:

 

Қателердің   түрлері
Жұмыстың орындалған күні Оқушылардың аты- жөні Ыңғайлас салалас Қарсылықты салалас Себеп – салдар  салалас Кезектес салалас Салаластың тыныс белгілері Пунктуациялық  қате Орфографиялық қате Стилистикалық қате Коллиграфиясы  үшін баға Жалпы баға
1 20.10.06 А.В. 2 2 3 4 4
2 20.10.06 А.С. 1 2 2 3 4
3 20.10.06 Б.З 2 1 1 5 4
4 20.10.06 Б.Г. 1 1 5 4
5 20.10.06 Г.Г. 1 1 5 4

Оқушылардың зейінін осы кестеге аударамын да, оны дауыстап бір рет оқып шығамын. Оқушылар кесте бойынша есепке алынған  қателеріне,  әсіресе құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерінен  жіберілген өрескел қателерге назар  аударады.  Кейбір оқушыларға  салалас сөйлемнің тыныс белгілерінен қате жібергендерін ескертіп, соған байланысты  ережелерді оқулықтан  оқытып,  жаттықтырамын.  Оқулықтағы сөйлемдерді оқи отырып, оқушылар өздері сөйлемдер құрайды.  Дұрыс құралған, сапталған сөйлемдерді  тақтаға жаздыртып,  сонан соң дәптерлеріне көшіртемін.

ІІІ. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама жаздыруда  мақсат – оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру. Бұл шығармашылық  жұмыс түрінде мазмұндама мен шығарманың элементтері кездеседі.  Бұрын ылғи дайын мәтінмен  жұмыс істеп қалыптасқан  оқушы алғаш рет өз ойынан  әңгіме құрап өзіндік ой  қорытындысын  жасайды.

Оқушы  мазмұндама мәтінін сәтті, не сәтсіз аяқтауы мүмкін.  Ол басты мұрат емес.   Мұғалімнің негізгі мақсаты – баланы ойлантуға  ситуация туғызу, сол арқылы оның өзіндік  «менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу.  Бала  бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту.

Міне, осылайша,  мазмұндама жаздыру бірте – бірте күрделеніп,  оқушыларға «өнер алды» болып табылатын  тілдің  қыр -  сырын игертуге, байланыстырып сөйлеуге игі ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, мазмұндама оқушылардың  көркем шығармашылық  қабілетін  дамытуда ерекше рөл атқарады.  Көркем сөздің, көркем ойдың,  ұшқыр  қиялдың құдіреті сол.  Сезім тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын адамның психикасын дамытатын  сиқыр күш, жан бар онда.  Балаға көркем  сөз  өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында.

 

Ұқсас тақырыптар:

2 пікір »

  • Дөненқожаева Мира пишет:

    Бұл мақаланы мен бұрын оқыдым.Енді есіме түсірдім.”Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2003 жылғы №2 санында 53-беттегі Алматы облысы Талғар ауданы №18 мектептің мұғалімі Ғалия Жуашеваның “Диктант түрлері және оларды тексерудің кейбір жолдары”деген мақаласымен бірдей және дәл осы журналдағы “Мазмұндама түрлері және оларды меңгерудің жолдары” деген 82 -беттегі мақаладан да көшірілген екен.Авторлары Қ.А.Яссауи атындағы университеттің мұғалімдері.Сонда кім кімнен көшірген?Түсінбей қалдым!

  • inust пишет:

    Мақала авторы маған ол туралы айтпады. Дұрысы мақала авторы ақпарат көздеріне сілтеме жасау керек еді.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.