10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Информатика. Paint еліне саяхат.

Опубликовал ainagulka в 1 Май 2012 – 03:29Пікір жоқ
Бұл мақала 74 рет оқылды, 5 рет бүгін

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Молдашева Айнагүл Әлібекқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға редакторда үзінділермен жұмыс жасай білуді меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ойын элементі бар практикум әдісі
Сабақтың формасы:  Жеке-дара және топтық
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, интерактивті тақтаСабақтың  өту  барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. «Үй тапсырмасын тексеру» айлағы
3. «Жаңа сабақ» айлағы.
4. «Сабақты бекіту» айлағы
5. Демалыс сәті
6. ҚорытындылауІ. Ұйымдастыру кезеңі. Сәламатсыздар ма, балалар. Отырыңыздар. Егер де сабаққа дайын болсақ, барлығымыз бері қараймыз.  Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болғалы отыр. Себебі бүгін біз саяхат жасаймыз. Алыстағы “Paint” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды  апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. 

Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!
Егер де саяхатқа шығуға дайын болсаңдар, алдымен жорық қағазымен танысып алайық.

ІІ. «Үй тапсырмасын тексеру» айлағы

  1. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,редакциялауға мүмкіндік беретін сурет салу бағдарламасы?
  2. Paint  графиктік редакторын  іске қосу үшін қандай команда орындалады?
  3. Терезе бөліктерін ата
  4. Түстер палитрасы туралы айтып бер
  5. Сурет салу процесі қандай кезеңдерден тұрады?
  6. қандай құрал?
  7. Орындатпау командасы
  8. Алдыңғы әрекетті қайталау командасы
  9. Paint графиктік редакторында құжатты сақтау жолы?
  10. Суретке мәтін салу үшін қолданылатын құрал?

ІІІ. «Жаңа сабақ» айлағы
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Үзінді – суреттің бөлінген бөлігі - үзінділерді белгілеу құралдары
Үзіндіні көшіру үшін:

  1. Үзіндіні белгілеу
  2. Копировать командасын орындау.
  3. Вставить командасын орындау керек. Сонда үзінді терезенің сол жақ бұрышында пайда болады.
  4. Үзіндіні мауспен іліп алып, қажетті орынға апару керек

Үзіндіні жылжыту үшін:

  1. Үзіндіні белгілеу.
  2. Вырезать командасын орындау.
  3. Вставить командасын орындау керек. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоғалып кетеді. Үзіндіні мауспен іліп алып, қажетті орынға апару керек.

Үзіндіні көбейту үшін:

  1. Үзіндіні белгіле.
  2. Үзіндіні белгілеп басталатын жерге апарып қоямыз
  3. Shift батырмасын басып отырып жылжытамыз

Үзіндіні бұру үшін:

  1. Үзіндіні белгілеу.
  2. Отразить / повернуть командасын орындау
  3. Повернуть на 90 градусов вправо, Повернуть на 90 градусов влево, Повернуть на 180 градусов, Отразить по горизонтали, Отразить по вертикали  операцияларының бірін таңдап, ОК батырмасын шерту

Үзіндіні жою үшін:

  1. Үзіндіні белгілеу
  2. Маустың оң жағын басу арқылы жанама менюді шақырып, Удалить командасын таңдау

ІҮ. «Сабақты бекіту» айлағы
«Сиқырлы балықтар әлемінің» тапсырмалары
Тордағы балықтар.

  1. Жұмыс аймағын төрт торға бөл
  2. Бірінші торға шағын сурет сал
  3. Үзіндіні белгіле
  4. Оны әрбір торға көшір
  5. Үзіндіні бейнеле де, қайталанбауы үшін әр түрлі бағыттарда бұр
  6. Көрсетілген үзінділерден әрқайсысын алу үшін алғашқы үзіндімен қандай әрекеттер орындау керек екенін сәйкес төртбұрыштарға жаз.

Ақшақар

  1. Жұмыс аймағын үлгіде көрсетілгендей торға бөл.
  2. Бірінші торға кішкене сурет сал.
  3. Үзіндіні белгіле.
  4. Оны соз және еңкейт.
  5. Көрсетілген үзінділердің әрқайсысын алу үшін алғашқы үзіндімен қандай әрекеттер жасау керек екенін тиісті төртбұрышқа жаз.

Жұмбақты шешіп, суретін сал
Тоғайда оны көргенде, таң қалдым мен түріне.
Жапырақтай жап – жасыл,
Созылады жүргенде.
Құстар әуес өзіне, айтыңдаршы бұл не?
Сәйкестендіру тесті

Әрекеттер Командалар
Үзіндіні көшіру үшін
Үзіндіні жылжыту үшін
Үзіндіні көбейту үшін
Үзіндіні бұру үшін
Үзіндіні жою үшін
Белгілеу – Вырезать – Вставить
Белгілеу – Повернуть
Белгілеу – Жанама меню – Удалить
Белгілеу – Копировать – Вставить
Белгілеу – Shift пернесін баса отырып, жылжыту

Ү. Демалыс сәті
Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.

ҮІ. Сабақты қорытындылау
Сонымен, балалар, біздің мақсатымыз қандай еді? («Пайнт» жағалауына жету)
Олай болса біздің сындардан сүрінбей өтуімізге не көмектесті? (достық, өзара көмек, білім)
Жайық өзенінің бұл жағалауында Қарауылтөбе деп аталатын әсем ауылда Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі деп аталатын киелі отау бар екен. Бұл киелі отауға биылғы жылы 80 жыл толып отыр екен. 80 жылдық тарихы бар осынау алтын ұя мектебімізден талай шәкірт түлеп ұшып, қазіргі таңда әр салада қызмет істеп жатыр екен. Біз осындай қасиетті оқу орнында оқып, білім алып жүргенімізді мақтан етеміз.

Олай болса, бағалауға көшелік.
Үйге  тапсырма: Оқуға: 136-146 бет
4.4 тақырып
Шығармашылық жұмыс:
“Менің қиялымдағы мектебім”   тақырыбына сурет салып келу

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.