10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Физика

Физика. Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары

Опубликовал Nurbi в 11 Май 2012 – 19:59Пікір жоқ
Бұл мақала 1246 рет оқылды, 1 рет бүгін

Нүрбибі Шүйіншібаева.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік: Дыбыс толқындарын,  оның негізгі   сипаттамаларын түсіндіру

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, терең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушының ақыл-ой танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту,  білім беру арқылы ғылыми  көзқарасын дамыту

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:  Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ – жауап , түсіндірмелі- сөздік, СТО жобасы. Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Сабақтың көрнекілігі: Камертон, домбыра, электрондық оқулық,

Пәнаралық байланыс: Математика,биология, музыка.

Сабақтың барысы:

I. Ой қозғау

а. Ұйымдастыру. (Амандасу, түгендеу, қал-жағдайларын сұрау.)

ә. “Ой шақыру”  стратегиясы

II. Мағынаны тану

а) Жаңа тақырыпты игерту

ә) Демонстрация (темір сызғышпен, камертонмен)

б) Бекіту сұрақтары

III.Ой толғау

а) Физикалық диктант

ә) Үйге тапсырма

А) Ұйымдастыру.

Ә)  « Ой шақыру» стратегиясы

Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.

Ол қалай аталады?              (Дыбыс)

Ендеше , біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Оны қалай түсінесіңдер? Қалай ұғынасыңдар?

Шу

Әріптер

Ән

Сөздер                                           Жаңғырық

Денелердің соқтығысуы

ІІІ. Жаңа сабақ.

Адамның есту мүшесіне әсер етіп, дыбысты түйсінуге әкелетін серпімді толқындарды дыбыс толқындары немесе дыбыс деп атайды.

Демонстрация:

  1. Темір сызғышты тербеліске түсіріп, дыбыс шығарғанын бақылау.

2.    Камертонмен дыбыс шығаруды бақылау.

Дыбысты физиканың арнаулы бөлімі акустика зерттейді.

Жағымды                                                  Жағымсыз- Шулы

Дыбыс көздері : табиғи және жасанды.

(грек. Akustikos- дыбыс деген сөзден шыққан)

Жиілігі 20 000 Гц-тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары- инфрадыбыстар деп аталады.

Тірі ағзалардың дыбыс қабылдайтын мүшесі құлақ.

Адам жиілігі 16 Гц -20 000 Гц аралығындағы диапазондағы дыбысты қабылдай алады.

Инфрадыбыстарды адам құлағы естімейді.

Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц-ке (мысалы, жарқанат 21 мың Гц-ке, дельфиндер -28 мың Гц –ке дейінгі тербелістерді) қабылдай алады.

Дыбыс барлық ортада тарай алады. 1-кестеде әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы туралы мәліметтер берілген. Қатты ортада дыбыс өте жылдам таралады, одан кейін сұйықта.  Ал ауада дыбыс баяуырақ  таралады. Сондықтан да күн күркіреп,  найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарғырауын көреміз де, біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз.  (Дыбыстың таралу жылдамдығын 1 кестеден қараймыз)

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты  дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.               Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары   музыкалық дыбыстар деп аталады.

Камертонның бір тармағын ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін болады.

Камертонды ақырын ұру- амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең дыбыс шығады.

Демек, дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Дыбыс қаттылығын анықтайтын прибор (шкала) –децибелметр.

Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін  децибел (дБ) қолданылады.

Децибелл (дБ) – 1847- 1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған. 1 бел 10 децибелге тең.

Дыбыс қаттылығымен қатар жоғарылығымен анықталады. Дыбыстың жоғарылығы  оның жиілігімен сипатталады: дыбыс толқынында тербеліс жиілігі неғұрлым көп болса, оның жоғарылығы да көп болады. Аз жиіліктегі тербелістерге төменгі дыбыстар, жоғары жиілікті тербелістерге – жоғары дыбыстар сәйкес келеді.

(Электрондық оқулықтан – дыбыс биіктігі көрсету.)

Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбіне дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады.

(Электрондық оқулықтан – музыкалық дыбыстарды  көрсету.)

Сонымен,  тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Енді бұл жөнінде сіздерге толығырақ мәліметті музыка пәнінің мұғалімі – Жадыра Жұмабайқызы береді.

Музыкалық дыбыстар                                           Шулы дыбыстар

Домбыра    Баян          Қобыз                        Теректің           Машинаның             Құстың

сыбдыры          гүрілі                        сайрауы

Дыбыстың тағы бір көмекшісі –биік және төмен дыбыстар деп аталады.

Әрбір шығарма, әрбір ән бірдей болмайды. Егер біркелкі, бірдей ноталар айтыла бастаса , онда әнде болмас еді, яғни тақпақ болар еді.

Сондықтан дыбыстардың біресе биік, немесе төмен орналасуы бізге белгілі музыка әкеледі.

Музыкада дыбыс күшін көрсететін белгілерді динамикалық белгілер арқылы айтады. Олар: Крещенда- бірте-бірте күшейту.

Дименуэндо- бірте-бірте азайту.

Егер дыбыстар бір-бірімен достаспаса не болар еді.

Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Дауыс тембрларына байланысты дауыс әйелдер, ерлердікі болып бөлінеді.

(слайдтан көрсету)

Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы , судың сәл шылпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі.

Шуға бұрын көп көңіл бөлінбейтін, ал қазіргі кезде шу адам денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Қатты дыбыстар ұзақ уақыт әсер етсе адамдардың естуі төмендейді. Қуатты ұшақтар мен шулы зауыт цехтарында жұмыс жасау, дискотекаларға жиі  қатысу және аудиоплейерлерді ұзақ уақыт қолдану құлақтың естігіштігіне кері әсер етеді. Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады және оның организмінің жүйке- психологиялық әрекетіне тигізетін зияны өте зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына әкелуі мүмкін.

Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 30-40 дБ-ден артпауы тиіс.

ІІІ. Бекіту.

Ендеше , балалар дыбыс туралы алған мәліметтерді қорыта келе , күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға мән бере аламызба?  Соны байқап көрейік.

1-тапсырма.

1. Жазық далада  жаңғырық шығуы мүмкін бе?

(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)

3. Неге күндізге қарағанда  дауыс түнде қаттырақ шығады?

(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )

4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )

5. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады?

( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)

6. Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған.

(  Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып алысқа естіледі.)

Есептер шығару. (Оқушылар сұраққа жауап бергенде, үш оқушы тақтаға есеп шығарады.)

2- тапсырма.

№ 1. Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?

t= 3 с              Талдау:                          Шешуі:

v= 330м/с         h=      h=

h=?

№2. Бақылаушыдан 5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?

s=5*103м         Талдау:                          Шешуі:

v= 330м/с       t =                t =  = 15 c.

t= ?

№3. Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?

t= 6 с              Талдау:                          Шешуі:

v= 1480м/с

h=  ?                 h=              h=

3-тапсырма. Физикалық диктант.  (Иа, жоқ жауап беру)

  1. Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
  2. Жиілігі 20Гц-тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
  3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
  4. Акустика –дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
  5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
  6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
  7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 330 м/с.
  8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.

Біріңді – бірің тексер!

ІҮ. Үйге тапсырма: 1. § 31, 32.     26- жаттығу.

2.    Немістің  ұлы композиторы Бетховен өзінің соңғы симфонияларын саңырау кезінде жазған. Ұлы шығармаларын жазу үшін таяқшаның бір ұшын тісіне, бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қоюды пайдаланған.

Сұрақ. Таяқша композиторға қалай көмектескен?

Ү. Бағалау. (Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау)

1. Жазық далада  жаңғырық шығуы мүмкін бе?

(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)

3. Неге күндізге қарағанда  дауыс түнде қаттырақ шығады?

(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )

4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )

5. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады?

(Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.