10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Физика

Физика-8. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.

Опубликовал kulanda в 15 Май 2012 – 18:51Пікір жоқ
Бұл мақала 2304 рет оқылды, 10 рет бүгін

Күләнда Ерпайзова. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласыШоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Тақырыбы:
Мақсаты:
Білімділік: Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетімен таныстыру. Ампер күші физикалық шама туралы мәлімет енгізу, сол қол ережісімен таныстыру.
Дамытушылық: Сол қол ережесіні практикада қолдануға үйрету, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есептерді шығаруға жолдарын көрсету.
Тәрбелік: Пәнге қызығушылықты тұдыру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету
Түрі: аралас
Әдістемелер: модульдік техноллогия, проблемалық оқыту
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қайталау сұрақтары

1. Тұрақты магниттер дегеніміз не? (магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады)
2. Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?(оның электр тогына әсер етуінде. Тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады)
3. Магнит өрісінің сызықтары деген не?(магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар)
4. Магнит өрісі деген не?(өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтамыз)
5. Магниттің неше полюсі бар?(екі полюсі (N)солтүстік және оңтүстік(S) )
6. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
7. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
8. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
9. Ең кішкентай заряд? (электрон)
10. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
11. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
12. Күш импульсі дегеніміз не? ( I=Ft, берілген бірдей уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама ).
13. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
14. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
15. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)
16. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
17. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
18. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. ( адам )
19. Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)
20. Дене импульсі дегеніміз не? ( Р=mv, механикалық қозғалыстың өлшеуіші болып саналатын векторлық физикалық шама ).
21. Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
22. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл …. (диффузия)
23. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
24. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ )
25. .Джоль – Ленц заңы: өткізгіштен ток өткенде онда бөлінетін жылу ток кушінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал.

3. Сабақтың жаңа тақырыбын түсіндіру

Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты мен әрекет етуші өрістің күш сызықтарының бағытына перпендикуляр болатын белгілі бір күштермен әрекет етеді. Электроқозғалтқыш деп электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр машинасын айтады.
Белгілі француз физигі Ампер токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет ететінін көрсететін бірнеше тәжірибелер қойды. Осы физикалық шама Ампер күші деп аталады.

Ампер заңы
Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағыш кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820 жылы француз физигі А.М. Ампер (1775-1836) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады. Ампер заңы бойынша тогы бар өткізгіштің шағын кесіндісіне (Δl) магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күштің (F) шамасы мына өрнек арқылы табылады:
F=kIΔlBsinα,
мұндағы α – Δl мен B (магнит индукциясының векторы) бағытының арасындағы бұрыш, k – пропорционалдық коэффициент (Гаусс жүйесінде k=1/c, Бірліктердің халықаралық жүйесінде k=1), I - өткізгіштегі ток күші.

α=90º (sin90º=1) кезінде Ампер күшінің ең үлкен мәнге ие болады
F max=BI∆ι

Сол қолдың алақанына магнит өрісінің күш сызықтары енетіндей етіп және төрт саусақты ток бағытымен бағыттасақ, онда 90градус бұрышпен тұрған бас бармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

Тл-тесла. Магнит индукциясының векторы – В, Магнит индукциясын тестла мен өлшейді – 1 Тл. 1831 жылы Майкл Фарадей магнит өрісін өзгерткенде электр тогының пайда болу құбылысын ашты, бұл құбылыс электромагниттік индукция құбылысы деп аталды. Ол жөнінде келесі сабақта кеңінен танысамыз. Индукция латын тілінде - бағыттау дегенді білдіреді.

4. Бекіту үшін есептер
№ 84, №85 есеп(оқулықпен жұмыс)
Ауызша есеп: 25 жаттығу

5. Тест жұмысы 1-нұсқа
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді?
а) темір ұнтақтарын алып тастаса;б) магнит тілшесін алып тастаса; в) темір ұнтақтарып және магнит тілшесін алып тастаса; г) өткізгіштегі токты өшіріп тастаса; д) пайда болған магнит өрісі жойылмайды.

2. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?

3.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-
а) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;
б) өткізгішті қармап жатқан сызықтар; в) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар; г) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар; д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.

4.Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:
а) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді; б) жеңіл мыс сымға әсер етеді;
в) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді; г) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;
д) ерекшелігі жоқ.

5. Магнит өрісін … туғызады.
а) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары; б) қозғалыстағы электр зарядтары; в) тыныштықтағы электр зарядтары; г) магниттік зарядтар; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

6. Магнит өрісі … әсер етеді.
а) тыныштықтағы электр зарядтарына; б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; г) қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты … анықталады.
а) оң қол ережесімен; б) бұрғы ережесімен; в) сол қол ережесімен; г) Ленц ережесімен;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

8. Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.

2-нұсқа
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Осы магнит өрісін бір жерден екінші жерге көшіруге болады?
а) темір ұнтақтарын көшіру арқылы; б) магнитті көшіру арқылы; в) тогы бар өткізгішті көшіру арқылы; г) оны күшті электромагниттің көмегімен тарту арқылы; д) магнит өрісін көшіру мүмкін емес.

2.Жолақ магнитті екіге бөледі.Осы бөліктер нені білдіреді?

3. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?
а) микроскоп; б) динамик; в) электр үтігі; г) электр қоңырауы; д) электроскоп.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?
а) электрөлшеуіш аспаптар; б) электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы; в) электромагниттік аспап, г) генератор; д) трансформатор.
5.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:
1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;
а) тек 1;б) тек 2;в) тек 3; г) 1,2,3; д) ондай жағдай мүмкін емес.
6.Компас тогы бар өткізгіштің жанында орналасқан.Егер өткізгіштегі токтың бағытын өзгертсе, магнит тілше қандай өзгеріске ұшырайды?
а) тілше бір айналым жасап, тоқтайды; б) тілше айнала бастайды және тоқтамайды;
в) тілше шамамен 180ºС-қа бұрылады; г) тілшемен еш өзгеріс болмайды;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Параллель орналасқан екі түзу өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток жібергенде:
а) өткізгіштер бір-біріне тартылады; б) өткізгіштер бір-бірінен тебіледі; в) өткізгіштерде
еш өзгеріс болмайды; г) өткізгіштер созылады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан
тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.

6. Бағалау.
7. Қорытындылау.

1. Қандай жаңа мәлімет алдыңыздар?
2. Ампер күші дегеніміз не?
3. Магнит индукциясының өлшем бірлігі қандай?
4. Сол қол ережесі қалай тұжырымдалады?
8. Үй тапсырма §56, 26 жаттығу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.