10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Ана тілі 3–сынып. Н.Айтов «Нүркен»

Опубликовал inust в 10 Май 2012 – 09:541 пікір
Бұл мақала 1284 рет оқылды, 12 рет бүгін

Сенғалиева Самал. Астана. №38 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды өлең мазмұнын түсініп, айта білуге, мәнерлеп оқуға үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына-сезіміне әсер ету арқылы ой қорыту, ойын жүйелеп, баяндай білу шеберлігін арттыру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елінің патриоты болуға, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Флипчарт, Нүркен суреті, ұшақтың жанып келе жатқан бейнесі мен батыр ескерткішінің суреті, сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Ғылыми дерек
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы
І. Кіріспе

Нүркен Әбдіров Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол жастайынан-ақ ұшқыш болуды армандап өседі. Ұшқыштар жөніндегі кітаптарды іздеп жүріп оқитын болады. Ол ұшқыштар мектебін екі жылға жеткізбей бітіріп, 1942 жылдың күзінде сержант, ұшқыш-штурмовик болып шықты.

ІІ.
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру
ә) Оқушыларға бөліп-бөліп оқыту
ІІІ. Өлең мазмұнын айтып беру
ІV. Көркем сөздермен жұмыс

«Аңсап көкті жасынан, Еркін қаққан қанатын» дегенді қалай түсінесің?
/Бала кезінен ұшқыш болуды армандап, талпынған, көп ізденген, оқыған/

«Жарқылдады жас ұлан, Қаптағанда қара түн» дегенді ше?
/қандай қиындық кездессе де, шаршап-шалдықпады, жігерлене түсті, жауға қирата соққы берді/

V. Шығармашылық тапсырма
А) Өлең мазмұнын ашатын сурет салу, салған жұмыстарын ауызша қорғау
ә) Тақтадағы суреттермен жұмыс
б) Ер балалардың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу міндеті

Мұғалім: «Менің де айтарым бар» айдары бойынша

Ер жігіттен не пайда,
Ел күйзеліп, жер күйіп.
Отанға дұшпан тигенде,
Қолына қару алмаса.

Халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі Сұлтан Баймағамбетов қарулас достарының шабуылға шығуына жол ашып, жау оғынан қорғау үшін кеудесімен жау пулеметін жауып ерлікпен қаза тапты. Қазақтың батыр ұлына 1944 жылы 21 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

VІ. Сабақты қорытындылау

Өмір үшін басталды,
Ұлы жойқын күрестер.
Өмір үшін аттанды,
Даңқты біздің қыран ер.

Сталинград шайқасына қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров жанып бара жатқан ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп, өшпес ерлік жасады. Толыбай Мырзаев «Павлов үйін» қорғауда ерлік жасады. Қаһармандық ерліктері үшін оларға Кеңес Одағының Батыры атақтары берілді.

Ән тыңдау

VІІ. Үйге Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңді қара сөзге айналдырып әңгімелеу

сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.