10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Оқушылар шығармашылығы

Жергілікті жыршы – Демеубай Жолымбетов

Опубликовал Zamzagul в 28 Апрель 2012 – 17:27Пікір жоқ
Бұл мақала 29 рет оқылды, 1 рет бүгін

Тақырыбы:
Авторы: Тлеуғабылова Айзада. №50 орта мектеп оқуышсы.
Жоба түрі:    Зерттеушілік
Жетекшісі:   Тажмағанбетова Шалқаргүл Тоқтамысқызы. Ақтөбе қаласы, № 50 орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі

Жоспар:
1.    Кіріспе
2.    Негізгі бөлім
Демеубай Жолымбетов жайында мәлімет
Жыршымен сұхбаттасу
3.    Қорытынды

Жыршы-жыр айтушы, таратушы. Жыршылар жырды домбырының не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір жыршылар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Жыршыны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал жыршылар. Жыршылар кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл- кейінгі кезде пайда болған дәстүр. Мысалы: А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қазақ ақындары, жыршылары халық тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған. Эпикалық туындыларды көп білгендіктен жыршылардың кейбірі «жырау» деп те аталған. Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін жыршылар үлкен еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманымыздың игі мұрасына айналды.

Факультатив сабағында «Жергілікті жыраулар мен жыршылар» тақырыбына өткізілген сабақта жергілікті жыраулар мен жыршылар туралы әңгіме болды. Жергілікті жыраулар мен жыршылар жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, әр оқушыға жеке тапсырма берілді.

Тапсырманың мақсаты:
Белгілі бір жергілікті жырау мен жыршыны алып, сол туралы толық мағлұмат алып келу. Осы мақсатпен мен Ақтөбе қаласының Заречный елді мекенінің тұрғыны жырау әрі жыршы Демеубай Құрмашұлын тауып алып, сұхбаттасуға бардым.
Жолымбетов Демеубай Құрмашұлы 1958 жылы 14 тамызда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Ақбасты елді мекенінде
дүниеге келді. 1965 жылы Авань орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1975 жылы орта білім туралы аттестатқа ие
болды. 1976 жылы Алматы қаласындағы құрылыс техникумына оқуға түсіп, 1980 жылы газ шаруашылығы мамандығын алды. Осы жылы өз мамандығы бойынша жұмыс жасады. 1981 жылы отбасы жағдайымен туған елге келіп, ауылдық клуб меңгерушісі

болып қызметке орналасты. Бала жастан серік еткен домбырасын қолға алып, өнер жолына қайта оралды. Домбыраны алғаш 5-6 жасынан бастап үйренген. Оқушы кезігде мектеп сахнасында өнер көрсетті. Аудандық «Қазанғап» атындағы оркестрге мүше болып, теледидарға түсіп, Алматыда есеп беру концерттерін берді. Әрі жарау, әрі жыршы Демеубай Құрмашұлы қазіргі таңда Ақтөбе қаласының Заречный елді мекенінің тұрғыны.

Айзада:
-    Саламатсыз ба, ағай? Сізге келгендегі мақсатымды айтып өтейін.
Факультатив сабағында ұстазымыз жырау мен жыршы туралы мағлұмат берді. Өзім өнерге жақын болғандықтан осы тақырып маған қатты әсер етті. Жақын жерден өзіңізді жырау, әрі жыршы екеніңізді естіп, өзіңізден ойда жүрген сұрақтарға жауап алайын деген мақсатпен сұхбаттасуға келдім.

Демеубай жырау:
-    Айналайын, Айзада, бақыты бол. Жақсы бастама бастап жатыр екенсің. Талабыңа нұр жаусын. Дайындап келген сұрақтарыңды бастап қоя ғой.

Айзада:
-    Балалық шағыңыз туралы және домбыра тартуды қай жастан бастап  үйренгеніңіз туралы айтып берсеңіз?

Демеубай жырау:
-    1958 жылы 14 тамызда Қызылорда облысының Арал ауданындағы
Ақбасты елді мекенінде дүниеге келдім.Үйдің ең кішісі болдым. Үлкен ағам болды. Ағам көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын. Сол ағамнан 1-сыныптан бастап домбыра тартуды үйрендім. Ағам өзі білетін термелерді жазып берді. 2-3 сыныптарда естіген әндерімді оңашада тықылдатып, домбыраға салып үйрене бастадым. 6-7 сыныптарға келгенде үйірмелер, концерттерге қатысып жүрдім. Көптің бірі болып күй тартып, өлең айттым. 6 сыныпта оқып жүрген кезімде класс аралық сайыс болды. Сол сайыста Нұрсұлтан Жұбатов деген сенің папаңның ақын ауылдасы болған. Сол кісінің «Майданға хат» деген өлеңін орындадым. Ең алғаш айтқан өлеңім осы болды.

Айзада:
-    Жыршылық қабілетіңіздің бар екенін біліп, жарыққа шығаруға кім әсер етті?

Демеубай жырау:
-Ол кезде мен кішкентай едім. Нағашыларымда үйлену тойы болды. Әбдіқұл Әбиев деген кісі болатын, ол кісіні мен танымаушы едім. Сол тойда таныстым. Сол тойда Әбдіқұлды ортаға алып, тойшы қауым әнін тыңдап отырды. Мен әкеме сүйеніп ұйықтап қалыппын. Оянып кетсем әлі айтып жатыр екен. Мен әкемнен сұрадым: -Бұл кісі әлі айтып жатыр ма? – деп. Таң атқанша айтыпты. 1980 жылы терме, жыр өнері қалпына енді. Сол уақытта Әбдіқұл ағамен байланыс жасадым. Жыраулық  өнерімді жарыққа шығаруға сол Әбдіқұл аға себепкер болды.

Айзада:
-Республика көлемінде Қызылорда қаласында өткен жыршылар сайысында жүлделі 1-орынды алғаныңызды білеміз. Осы жөнінде
айтып берсеңіз.

Демеубай жырау:
- Бұрын-соңды Қазақстанда ақындардың сайысы болғанмен, жыршылар сайысы болмаған. Қазақстан егеменді алғанына 10 жыл толуына орай 2001 жылы Қызылорда қаласында жыршылар сайысы болды. Ең бірінші өткен сол болды. Мен Ақтөбе облысы атынан қосылдым. Онда талаптар әр түрлі болды.Сайыс 3 күнге созылды. Осы сайыста әділ-қазылардың ойынан шыққан болуым керек, 2001 жылы сол сайыста бас жүлдені жеңіп алдым.

Айзада:
-    Ең алғашқы сайысыңыз қай жерде, қай жылы болды?

Демеубай жырау:
-Менің алғашқы сайысым 1996 жылы ұлы Жамбыл Жабаевтың 150 жыл мерейтойына орай Қазалыда өткен облыстық жыршылардың, термешілердің, күйшілердің сайысы болды. Мен Арал ауданынан қосылдым. Күйден бөлек орын, жыр орындауға бөлек орын берілген болатын. Мен сол жыр орындаудан 1996 жылы «Бас жүлдені» жеңіп алдым. 1982 жылдан бастап жырды жаттап жүрдім. 14 жылдан кейін сайысқа қатыстым.

Айзада:
-    Өз репертуарыңызда кімнің, қай аймақ ақындарының жыр, термелері бар?

Демеубай жырау:
-    Көңілге ұнаған нәрсені аймақ деп бөлуге болмайды. Өзім аймаққа қарай
бөлмеймін. Сыр бойының ақындарының, соның ішінде Арал өңірінде Нұртуған, Нұрмұғанбет, Келте, Ешнияз ақындар өткен. Осы ақындардың әндерін жаттадым. Асылхан деген ағам болатын, Батақтың Сарысын көп айтатын, осы кісінің әндерін жаттадым. Ақтөбе өңіріне келгенде Әбубәкірдің өлеңдер кітабын, Әмина қыздың, Есет батырдың кенже келіні Таразы, осы кісілердің әндерін жаттадым.Сарышолақтың өлеңдерін енді жаттап жатырмын.

Айзада:
-    Қандай Халықаралық деңгейде өнер көрсеттіңіз?

Демеубай жырау:
-    1996 жылы облыстық сайыс болды, сол жылдың шілде айында Тараз
қаласында Республикалық ақындар айтысы болды. Сол сайысқа жыршылар да қатысты. Мен Қызылорданың атынан қатыстым. Шешім бойынша 16 ақын, 8 жыршы халықаралық деңгейде өтетін сайысқа қатысатын болды. Сайыс 1 айдан кейін Алматы қаласында өтетін болды. Орындау шеберлігіне байланысты Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан, Тувадан жыраулар қатысты. 2002 жылдың мамыр айында Райымбергенов ағамыздың бастауымен Парижде 3 күн, қалған 12 күнде Испанияның қалаларын аралап, концерт қойдық. 2 күйші,
1 қобызшы, 2 жыршы болып өнер көрсеттік.

Айзада:
-    Қазіргі күні жыршыларды тыңдайтын орта бар ма?

Демеубай жырау:
-    Халықты жаман деп айтуға болмайды, әрине тыңдайтын құлақ бар.
Қазақпын дейтін ұлт болса тыңдауға тиіс. Тыңдайтын орта бар, бірақ көптен көрген жоқпын, жыршыларды ортаға алып тыңдайтын халықты.

Айзада:
-    Қызылорда мен Ақтөбе халықтарының жырға, жыршыға деген көзқарасында айырмашылықтар бар ма?

Демеубай жырау:
-    Мұнда да бір қазақ, онда да бір қазақ. Сөз мағынасын түсінетін болса, бөлудің керегі жоқ. Бір әуенмен айта берсең , халыққа ұнамай қалуың мүмкін, сондықтан әуеніне, қайыруына көп мән береміз. Көнеден хабары болса, ескіні ұмытпайтын қазақ болса бөлудің қажеті жоқ.

Айзада:
-    Жыр өнерінің болашағы қандай деп сенесіз?

Демеубай жырау:
-    Бұл, Айзада айналайын ойланатын нәрсе. Сыр өңірінде де болашақтың өзіне күманданып қаламыз. Оқуды бітіргеннің өзінде жұмысқа орналасуың қиынға соғады. Мектептерде жыршылық қабілетіне қарай оқушыларды үйрететін үйірмелер ашылмай жатыр. Кейде болашағын ойланып та қаламыз. Ақын, термеші, жыршы ағаларымыз бар. Солардың өзі жоғарғы оқу орнының жанынан үйірмелер аша алмай жүр. Болашақтан күдер үзуге болмайды. Жыршылық, термешілік бөлімдер ашылуы қажет.

Айзада:
-    Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз. Балаларыңыздың ішінде
өзіңіздің жолыңызды қуғаны бар ма?
Демеубай жырау:
-    Отбасымда жолдасым Қалия апайың , №50 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды. 4 балам бар, ең кішісі 1992 жылғы. Сол баламның икемі бар, домбыра тартуды үйреттім. Ол жыршылық өнерге түспесе де, үміт күтетін балам сол.

Айзада:
-    Әңгімеңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыз.

«Ұлт өзін танып білу үшін өзінің ақындарын дүниеге әкеледі»- дейді бұрынғының данышпандары. Әдебиетті, әсіресе, өзің туып-өскен өңірдің әдебиетін, өнерін, тарихын тану біз айтып жүрген ұлтжандылықтың, елжандылықтың, отансүйгіштіктің басты шарттарының бірі деп ойлаймын.
Өз құрбыларыма өзіміздің жерлес Демеубай жыршы туралы толық мағлұмат беріп, жыршыны кеңірек танытқым келді. Өз жобамды қорытындылай келе ұсыныс етемін:

*    Факультатив сабағында Демеубай жыршы секілді жерлес ақын, жыршы ағаларымыздың өзі туралы және шығармаларымен
толық таныссақ;
*   Мектептерде жыршылық қабілеті бар оқушыларға арналған үйірмелер ашылса;
*   Жыршылармен кездесу сағаттары жиі өтіп тұрса.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы
2.    Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы        2006 ж
3.  Музыка оқулығы    3 сынып, 2003 ж
4.    Ақтөбе энциклопедиясы

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.