Сайыстың тақырыбы: «Сырласайық, жеңеше!»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Аудандық оқушылар үйінің «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі Сериева Сәуле Абдулдақызының ұйымдастыруымен өткізілетін.
Сайыстың мақсаты: Сайысты өткізе отырып. Келіндердің ізет-тілігін, инабаттылығын, қайын сіңілісімен достығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Жеңгей мен қайын сіңіллер арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.
Көрнекеілігі: Сайыс тақырыбы, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.
Сайыстың өтілу барысы
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Қазылар алқасын сайлау
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Сайысқа қатысушы келіндер мен қайын сіңілермен танысу
б) Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. «Кәне, таныс болайық!» /Таныстыру/
2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /Өнер көрсету/
3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
жаман» /салт дәстүрге байланысты көрініс көрсету/
4. «Кім шапшаң?» /Сұрақ жауап сайысы/
5. «Ас адамның арқауы»
/Келін үйден дайындап әкелген қамырын жаяды, қайын сіңілсі оны кеседі/
6. «Ана көрген тон пішер» /келін құрақ қияды,қайын сіңілісі оны тігеді/
7. «Кім тапқыр!» /берілген мақалдың немесе тыйым сөздің жалғасын табу/
ІІІ. Қорытынды бөлім.
а) Сайысқа жеңімпаздарын марапаттау
б) Сайысты қортындылау
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Армысыңдар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Сырласайық, жеңеше!» сайысыны хош келдіңіздер!
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын, қайын сіңілісімен достығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Жеңгей мен қайын сіңіллер арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.
Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, – дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жеңгесі мен қайынсіңілілерді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1. «________________» үйірмесінің мүшелері__________________________
жеңгесі________________________________________________________
2. «________________» үйірмесінің мүшелері__________________________
жеңгесі________________________________________________________
3. «________________» үйірмесінің мүшелері__________________________
жеңгесі________________________________________________________
4. «________________» үйірмесінің мүшелері__________________________
жеңгесі________________________________________________________
5. «________________» үйірмесінің мүшелері__________________________
жеңгесі________________________________________________________
Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікі, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса.
Үйірмеаралық «Сырласайық, жеңеше!» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/
2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /Өнер көрсету/
3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
жаман» /салт дәстүрге байланысты көрініс көрсету/
4. «Кім шапшаң?» /Сұрақ жауап сайысы/
5. «Ас адамның арқауы»
/Келін үйден дайындап әкелген қамырын жаяды, қайын сіңілсі оны кеседі/
6. «Ана көрген тон пішер» /келін құрақ қияды,қайын сіңілісі оны тігеді/
7. «Кім тапқыр!» /берілген мақалдың немесе тыйым сөздің жалғасын табу/
1 шартымыз.
Армысыздар, айналайын дана халқым.
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата-баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру парызы әрбір жастың,
Өнерлерін паш етер отбасылар,
Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша
«Кәне, таныс болайық!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .
2 шартымыз.
Сымбатына өнері жарасатын.
Аспандағы айменен таласатын.
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,
Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын – дей келе бұл шартымызда «Өнерпаз болсаң әрқалан» жеңгейменен қайынсіңілілеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Бұл кезекте тапқырлығы мен ой ұшқырлығын байқаймыз.
3. шартымыз.
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін әртістердің – деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» салт дәстүрге байланысты көрініс көрсету ортаға шығып жеңгер мен қайын сіңілісі бірігіп салт дәстүрге байланысты көрініс көрсетеді.
4. шартымыз.
Көңілін халқыңның таптың бүгін
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Байқайық жеңшесі мен қайын сіңілісі тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша жеңгеміз бен қайын сіңілілерімізді ортаға шақырып «Кім шапшаң?» деп берілген сұраққа жауап аламыз
5. шартымыз.
Осындай болып жатты ұлы жиын.
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті тау, қамыры көл деуге болар
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын яғни бұл шартымызда «Ас адамның арқауы» деп аталатын бұл шартымызда үйден илеп алып келген дайын қамырымызды келін жаяды, қайын сіңілсі оны кеседі.
6. шартымыз.
Шеберлердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз «Ана көрген тон пішер» келін құрақ қияды, қайын сіңілісі оны тігеді. Қайын сіңілісі мен жеңгесінің бір біріне қалай көмектесетінін байқаймыз.
7. шартымыз.
Біле білген білімді зерек дейміз
Білімнен ел-жұрттан ерек дейміз
Бәсекеге қабілетті жас болғанға
Оқу- оқып, білім қуған керек дейміз дей келе қайын сіңілісі мен жеңгесінің бұл шарт бойынша «Кім тапқыр!» кезеңінде берілген мақалдың немесе тыйым сөздің жалғасын сұрайық.
Осымен сайысымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
Сайыс аяқталып ойын жеңімпаздарын анықтау, марапаттау.
Ұйымдастырушы:
«Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі: Сериева Сәуле
Ұқсас тақырыптар:
- Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салты».
- Информатика. «Үздік информатиктер сайысы» (Сабақтан тыс іс – шара, Сайыс).
- «Математика көшбасшысы» сайысы (стс).
- Пайдалы тамақтану мәдениеті.
- Информтаика. «Информатика және махаббат» кеші.
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- Тақырыбы: “Математика және біз” - кеш.
- ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
- Математика-6. «Біздің сәті күніміз» сайысы (стс).
- Сабақтар көшіру-2011