Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
Динара Жұмағұлова. Тараз қаласы.
Білімділік: Microsoft Word мәтіндік процессорында жан-жақты жұмыс істей алу мүмкіндіктерін меңгерту.
Дамытушылық: ойларын жинақтай білуге үйретіп, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, дербес компьютер, Activvote құрылғысы, қима қағаздары.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: СТО әдістері: үш қадамды сұхбат, ЖИГСО ІІ әдісі
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Үй тапсырмасын беру.
VІ. Бағалау.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Microsoft Word мәтіндік процессорында еркін жұмыс істей алады.
- Оқушылар дербес компьютермен, интерактивті тақтамен, Activvote құрылғысымен еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу, олардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- («Үш қадамды сұхбат» арқылы сұрау)
М Х
1 топ
- Архивтеу және архивтеуші программалардың түрлерін ата.
- Қандай Microsoft Office-тік программаларды білесіңдер?
- Office бойынша Көмекшінің іс-әрекетін баптау.
2 топ
- Мәтіндік құжаттар жасауға және олармен жұмыс істеуге арналған программалық өнімдер қандай топтарға бөлінеді?
- Компьютерлік вирус және антивирустық программаларды ата.
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. /ЖИГСО ІІ әдісі/
1. Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату, №1, 2, 3, 4
Екі топтық барлық мүшелерін 1, 2, 3, 4 деп санатып, 1-мәтінді 2 топтың №1 оқушыларына, 2-мәтінді 2 топтың №2 оқушыларына, 3-мәтінді 2 топтың №3 оқушыларына, 4-мәтінді 2 топтың №4 оқушыларына таратып беру.
2. Жұмысшы тобына барып талқылайды.
(1, 1), (2, 2), (3, 3), (4,4)
Ең маңызды жағдайды қағаз бетіне түсіріп, магниттік тақтаға іледі.
Сосын қорғау жұмысын практикамен ұштастырады. (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы)
3. Жанұяға оралады.
Әрқайсысы көрген білгенін ортаға салады.
Жеке тапсырма: (оқушыларды компьютерге отырғызу)
Тапсырма /Өзің орында/
а) Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
ә) Мәтінді теріңіз және пішімдеңіз.
б) І сөйлемнің қаріп өлшемі – 16.
ІІ сөйлемнің қаріп өлшемі – 20.
ІІІ сөйлемнің қаріп өлшемі – 14.
І. Мен сабаққа дайындықсыз келдім.
ІІ. «Мектепішілік олимпиадаға» қош келдіңіздер!
ІІІ. Ұстаздар бөлмесіне келгеннен кейін Марат ағай Сәкеннің шығармасын тауып алды да, оқып шықты.
IV. Сабақты қорыту. Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Тақырыбы: Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Excel кестелік редакторын меңгеріп, жан-жақты жұмыс істей алуын, графикалық мүмкіндіктерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ойларын жинақтай білуге үйретіп, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше еңбектенуге, ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, слайд, Activvote құрылғысы, электронды оқулық, қима қағаздары.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: әңгіме дәріс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест жұмысы, жеке жұмыс
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Үй тапсырмасын беру.
VІ. Бағалау.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Excel кестелік редакторында еркін жұмыс істей алады.
- Оқушының Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктерін жете меңгереді.
- Дербес компьютермен, интерактивті тақтамен еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин./
а) Оқушыларды түгелдеу, олардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10 мин./
Үйге берілген «Excel-дегі деректермен жұмыс істеу» тақырыбын оқушылардан сұрау.
Оқушылардың естеріне Excel бағдарламасының терезесін еске түсіру мақсатында электронды оқулықпен жұмыс істеу.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы деректермен жұмыс жасату.
- Құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Сохранить как…)
- Құжатты баспаға шығару? (Файл – Печать…)
- Берілген деректі кесте түрінде көрсету ( батырмасын қолдану арқылы)
- 100, 250, 300, 450, 550 сандарын Автосумманы (Өзқосынды) қолданып есепте.
батырмасын қолдану арқылы
- B1 – 25 пен C1 – 100 сандарын енгізіп көбейтіндісін тап. (=В1*С1)
- В1 – 150 мен В2 – 20 сандарының қосындысын В3 – 4-ке көбейт. (=(В1+В2)*В3)
- Формат ячеек терезесін көрсет және түсіндір.
Тышқанның оң жақ батырмасын қолдану арқылы
- Ұяшықтардың ішіндегі қате терілген символдарды қай пернелердің көмегімен өшіреді. (<Backspace> және <Delete>)
- Бір ұяшықтағы деректі екінші ұяшыққа қалай көшіреді.
Правка – Копировать, Правка – Вставить н/е тышқанның оң жақ батырмасын қолдану арқылы
- Excel-де көбейту қалай жызылады. (*)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. /10 мин./
Оқушыларға интерактивті тақтадан Excel-де диаграммамен жұмыс істеуді көрсету. Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- Мәліметтерді сүзу 8-сынып
- EXCEL кестелік процессоры.
- Информатика-8. Microsoft Excel программасын қайталау.
- Үздік информатик (стс).