10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Excel программасында диаграммалар тұрғызу

Опубликовал Алимова Балдырған в 21 Апрель 2012 – 13:40Пікір жоқ
Бұл мақала 178 рет оқылды, 6 рет бүгін

Алимова Балдырған. Қарағанды олысы, Жезқазған қаласы, Қ.Ш.Шыңғысов атындағы №5 орта мектебінің    информатика  пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Excel программасында диаграммалар тұрғызу.

Программалық Оқу есептеуіш техника кешені. Excel кестелік процессоры.
дидактикалық Оқулық. Интерактивті тақта.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік:  Оқушылардың Excel кестелік процессорында диаграмма құру, редакциялау және пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.  Excel кестелік процессорында диаграмма құруды, редакциялауды және безендіру жолдарымен таныстыру.
2.Дамытушылық: Excel кестелік процессорында диаграмма құру, безендіру дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: оқушылардың компьютерлік сауаттылықтары артты.Компьютерде  өздігінен  жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа,  қызығушылыққа, еңбек сүйгiштiкке тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіілктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
І. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Электронды кестенің ұяшығына …… енгізуге болады?
2. Excel – дің қызметі қандай?
3. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?
4. Excel  ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?
5. Excel – дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінеміз?
6. Excel – де жаңа құжатты қалай құрамыз?
§8,5 EXCEL – ДІҢ   ГРАФИКАЛЫҚ   МҮМКІНДІКТЕРІ
Диаграммалармен жұмыс істеу
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.
Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.
Диаграмма  - бұл  мәліметтерді   талдау   мен салыстыру ыңғайлы болу үшін   кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде  берілуі.
Диаграмма құру үшін келеси шагтарымен 4 қадамнын терезесіне оту керек.
1-қадамда диаграмманың типі мен түрін таңдаймыз да келесі батырмасын басамыз. 2-қадамда диаграмманың қалай көрінетіні шығады. 3-қадамда диаграмма бөліктерінің көрінісін, диаграмма мен аңыз форматын өзгертеміз.4-қадамда диаграмманы қай жерге қою керектігі , яғни жеке немесе мәліметтермен бірге бір парақта орналасатынын анықтаймыз. Электрондық оқулықты пайдаланамыз.
Сабақты пысықтау.

  1. Диаграмма деп нені атайды?
  2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін ата.
  3. Excel диаграммасының  құрылу ретін ата.
  4. Диаграмманың негізгі элементтерін ата.
  5. Аңыз дегеніміз не?
  6. Тор дегеніміз не? 
  7. Тапсырмалар.
  8. 8.1 тапсырма. Диаграмма түрлерін ата.
    8.2-тапсырма. Диаграмма элементтерін меңзермен көрсетіңдер.
    8.4-8.5  - тапсырмаларды орындау
    V. Қорытындылау
    1) Үйге тапсырма
    §8.5 тақырыпты оқу.
    §8.5 –тапсырма.
    2) Оқушыларды бағалау

    Сабақтың толық нұсқасын көрнекіілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.