Алгебра 7 класс. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі.
Малдыбекова Гүлзат Мырзақұлқызы, Төле би орта мектебі, математика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісін қарастыру;
2) екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі формуласын өрнектерді ықшамдауда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;
3) оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістемесі: түсіндіру, практикалық, проблемалық оқыту
Оқыту технологиясы: деңгейлеп- саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталау:
1) төмендегі сұрақтарға жауап алу
1) екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты ережесін тұжырымда
2) көпмүшелерді көбейту ережесі
2) үлестірмелі қағаздармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар):
А деңгей (ауызша)
Өрнекті ықшамда: ( 3-а)2 , ( 4+в)2 , (3х+у)2 , 4x2 +4x+1, 25b2 -10b+1, 9a2 -12ab+4b2
В деңгей:
№1 №2 №3
Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда:
(x-5)2 +2x(x-3) (5х-1)2 -25х2 (x-3)2 +x(x+9)
(y+8)2 -4y(y-2) ( в-4)2 +(в-1)(2-в) (2a+5)2-5(4a+5)
С деңгей
Теңдеуді шеш: Теңдеуді шеш:
(х-6)2–х(х+8)=2 (2y+1)2–4y2=5
Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда:
3 (а-1)2 +8а 9c2 -4+6(c-2)2
ІV. Өзіндік жұмыс (10 минут,тапсырма интербелсенді тақтада беріледі. )
A деңгей В деңгей
№1.Көпмүшеге түрлендір
(3а-5)2 (х3-5)2
№2.Жұлдызшаның орнына теңдік орындалатындай, тиісті өрнекті жазыңыздар .
(* - 2m)2=100-40m+4m2 (* - 9с)2 = 36а2 – 108а2 с+ 81с2
№3. Өрнекті ықшамда:
(х-3)2 + х(х +9). (2а+5)2 -5 (4а +5)+ 4а.
V. Жаңа сабақты баяндау.
1. Мысалдар;
1. (а-3)(а+3)
2. (х-4)(х+4)
3. (8-у)(8+у)
4. (3а-1)(3а+1)
2. Оқушылар жоғарыдағы мысалдарды алдын-ала орындау арқылы екі өрнектің қосындысын олардың айырмасына көбейту формуласы мен ережесін өздері тұжырымдау керек, яғни
( а – в) ( a + в<) = a2 – в2
Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі осы өрнектердің квадраттарының айырмасына тең.
VI. Жаңа білімді бекіту.
- Төмендегі мысалдар оқушыларға формула бойынша алғашқы бекітуге беріледі.(aуызша)
( х-9)(х+9), (5у-2)(5у+2), (2+7а)(7а-2), (6х 2 -1)(6х 2 +1),
(10х3 -1)(1+10х3)
2) Оқулық бойынша тапсырмалар:
№354-356, (тақ нөмірлері)
VII. Уйге тапсырма:
1) екі өрнектің қосындысын олардың айырмасына көбейту формуласы мен ережесін жатқа білу
2) Оқулық бойынша тапсырмалар:
№354-356 (жұп нөмірлері)
VIII. Сабақты қорытындылау:
Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі
ережесін тұжырымдау
IX. Оқушылар білімін бағалау.
Ұқсас тақырыптар:
- Тақырыбы: “Математика және біз” - кеш.
- Математика-6. Сан аралықтары
- Қазақ тілі - 3. Тақырыбы: Сөз таптары
- Математика. Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.
- Бастауыш: Тақырыбы: 1 саб. Етістік. 2 саб. Білімді тиянақтау.
- Математика. Көрсеткіштік теңдеулерді және жүйелерді шешу.
- 92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.
- Химия - 9. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы
- КОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ
- Менің Қазақстаным – менің болашағым. Тәрбие сағаты.