Мәдениеттану. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер
Бұл мақала 136 рет оқылды, 1 рет бүгін
Оқытушы: Аягөз қаласының политехникалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Ғалия Бураханова.
Сабақтың тақырыбы: « Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер»
Пән: Мәдениеттану
Топ: 10 ЭПС-2
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәдениеттану пәнінен,соның ішінде әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным қабілеттерін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардыңойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту ,өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге ,өзбетінше ізденуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру және өзге елдердің мәдениетімен салыстыра білуге үйрету
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,үлестірмелі таратпалар, буклет
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Түрі: сайыс , қайталау сабағы
Әдісі: аралас
Барысы:
1-кезең «Бәйге»
2-кезең «Мені түсін»
3-кезең «Кім тапқыр?»
4-кезең «Ойлан,тап»
5-кезең «Көкпар»
Жалпы сабақ барысында топты теңдей екіге бөлінеді.Сабақ сайыс түрінде өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз аталады.
1-кезең «Бәйге». Бұл кезеңде топбасшылар таңдаған нұсқасы бойынша 10-сұраққа жауап беруге тиіс. Әр сұраққа 1-ұпай беріледі.Қанша сұраққа жауап берсе ,сонша ұпайға ие болады.
2-кезең «Мені түсін». Бұл кезеңде екі топқада тапсырма беріледі.Жауап дұрыс болса 5 ұпай беріледі.
3-кезең «Кім тапқыр?». Бұл кезеңде екі топқада бірдей тапсырма беріледі.Тапсырмада белгілібір мәтін беріледі онда кейбір сөздер түсіп қалып көп нүкте қойылған.Осы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу керек. Дұрыс сөздерді тапқан топқа 5 ұпай беріледі.
4-кезең «Ойлан,тап». Бұл кезеңде тақтада жасырылған ұяшықтаға сұрақтарға жауап беру керек.
5-кезең «Көкпар» . Бұл кезеңде «Қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттер қатарына қосылу жолы» тақырыбында дебат ойыны өткізіледі.
1-кезең «Бәйге».
1-топтың сұрақтары.
1. Мәдениет термині қайтілден алынған? (араб)
2. Шумерлік жазуқалай аталады? (Иероглиф)
3. Көне грек ақындарының қайсысы трагедияның атасы болып есептелінеді?(Эсхил)
4. Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі? ( Магия)
5. Римде аса өркендеп дамыған мәдени сала? (Құқық)
6. Еуропалықалғашқы университеттер қай ғасырларда пайдаболды? (12-13ғғ)
7. Қытай тіліндегі «Сяо» ұғымы ненібілдіреді? (Балалар құрметі)
8. Көне грек мәдениетінің шарықтау кезеңі қалай аталады? (классикалық)
9. Ислам дінініңқасиетті кітабы? (Құран)
10. Көне Мысыр мәдениетіндегі құдайдың ұлы кім? (Перғаун)
2-топтың сұрақтары
1. «Өркениет» терминінің мағынасы (Азаматтық)
2. «Ресей және Еуропа» еңбегігің авторы кім? (Данилевский)
3. Рим мәдениетін бастауы қайда жатыр? (Вавилон)
4. Атақты грек комендиянты?(Аристафан)
5. «Трагедия» термин сөзінің мағынасы (ешкілер әні)
6. Христиан дінің негізін салушы? (Исус Христос)
7. Қытай және түрік мәдениетін жан –жақты зерттеген ғалым?(Гумилев)
8. Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыззатқа табынуқалай аталынады?( Фетишизм)
9. Грекиядағы олимпиядалық ойындар нешежылдабір өтіп отырды? (4)
10. Тұңғыш энциклопедияны құрастырған кім? (Д.Дидро)
2-кезең «Мені түсін».
1) Ол ұзынан ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді .Биіктігі 60 метр.Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен- жексен болады .Ал бүгінгі күнгі кереметердің ең көнесі осы. Бұл не жайлы?
(Пирамида Джосер)
2) Ол б.з.б 551 ж шамасында дүниеге келген. Бала кезінен білімге өте құштар болған.Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқыған. Елдегі бей- берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс- тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы – ата- баба лар дәстүрі мен заңдарына ,көне заман тәртібіне оралу деп санады .Бұл кім жайлы?
(Конфуций)
3) Ол ойын сауық отауы ғана емес, нағыз халық тәрбиешісіне айналды. сана- сезімдерімен өмірге деген көз қарасын қалыптастырды .М:құрылысы ғ созылған мың адам сиятындай етіп салынған ол Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Бұл не жайлы ?
(Дионис театры)
4) Ол б.з.б (63-14жылдары ) империяның негізін қалады . Сөйтіп мемлекеттегі барлық өте маңызды лауазымды (консул, трибун т.б. ) бір ғана императордың қолына жинақталған саяси құрылымды алғашқы рет орнықтырды . Ең бастысы кірпіштен қаланған мемлекетті қабылдап алып , оны мәрмәмдан салып кетті.Бұл кім жайлы?
(Рим. Император Август . Ұлы Цезарьдың жиен немересі)
3-кезең «Кім тапқыр?».
1) Грек сәулет өнерінде ________________рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп айқындай түсетін. _______________көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы __________аясында өтетін еді
2)___________________ - Көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар _________________бай болып келеді . Кейіннен, көне мысырлық ________________жазу буындық жүйеге көшті.
«Кім тапқыр» кезеңінің дұрыс жауаптары
1) Грек сәулет өнерінде колонналардың рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді.
2) Иероглифтер - Көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді . Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті.
4-кезең «Ойлан,тап».
- Мәдениеттану пәні жекепәнретіндеқашан қалыптасты? (20ғ)
- Қытай мәдениетінің қайнар көздерінің бірін ата?( Конфуций ілімі)
- Қай ғасырда Римде ағаштан жасалған театрдың орнын тастан салынған театр басты? (Б.з.д. 4 ғ)
- Меккедегі мешіт қалай аталады? (әл- Мазджит әл Харам)
- Үнді қоғамы неше варнаға бөлінді және оларды ата? (Брахмандар, кшатрийлер, ваийшьлер,шудралар)
- Қытайдағы «Дао» ілімінің негізін салушы? (Лао Цзы)
- 5-кезең «Көкпар» дебат ойыны
Тақырыбы: «Қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениет қатарына қосылу жолы»
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Ұқсас тақырыптар:
- Регистрлердің негізгі жағдайлары.
- Құжаттарды топтастыру, құжатқа қойылатын талаптар (колледж).
- Информатика. Енгізу - шығаруды ұйымдастыру.
- Ана тілі 4-сынып. Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары».
- Ана тілі. 4-сынып. Батыр ата Бауыржан.
- Информатика. Ашық сабақ әзірлемесі. «Мәтінді басу. Алмасу буферімен жұмыс жасау, көшіру деректерді енгізу.»
- Қазақ тілі 6-сынып. Мектеп кітапханасы.
- Ана тілі. 4-сынып. Мәлік Ғабдуллин «Тау қыраны».
- Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).
- ТАҚЫРЫБЫ: “ХАЛЫҚ ӨНЕРІ- АСЫЛ ҚАЗЫНА” (колледжде өткізідген топ тс).
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйінің «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі
Сериева Сәуле Абдулдақызының ұйымдастыруымен өткізілетін
«Салтын сүйген-халқын сүйер»
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыз-дың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті шарлармен безендіріледі.
Сабақтың тақырыбы, Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың жалғасын мына беттен қараңыз