10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Информатика 9 - сынып. Қызықты Наума

Опубликовал Tursingul в 23 Апрель 2012 – 14:00Пікір жоқ
Бұл мақала 75 рет оқылды, 4 рет бүгін

Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп

Тақырыбы: « Қызықты Наума» танымдық ойыны

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Мақсаты: Информатика, физика, математика пәндері бойынша білімдерін кеңейту; шапшаңдыққа, жан- жақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар, 9 сынып арасында өткізгелі отырған «Қызықты Наума» атты сыныптан тыс жұмысымызға қош келдіңіздер! Қазіргі заман компьютерлік сауаттылықты , жан – жақтылықты талап етеді. Сондықтанда іргетасымызды осы бастан берік қалағанымыз дұрыс болар. Ендеше, «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік, сайысымызды бастайық. Сайысқа екі топ  қатысады.

  1. Таныстыру. Топтар өздерін таныстырады. Ұраны, төсбелгісін таныстырады
  2. 2 – кезең. “Кім көп біледі?”

1)      «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика» кімнің сөзі? (М.В.Ломоносов)

2)      25 жасында қазақ тілінде тұңғыш Математика» оқулығын жазған ғалым (Қ. Сәтбаев)

3)      Екі қабарғасы тең болатын үшбұрыш? (тең бүірлі)

4) Алғашқы есептуіш машина қай жылы пайда болды? (1946)

5)  Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуға себеп болған жемісті ата? (алма)

6) Дұрыс көп жақтың неше түрі бар, ата.(5 түрі бар. Тетраэдр, куб, октаэдр, додекаэдр,

икосаэдр)

7) Алғашқы есептеу құралы (саусақ)

8) Алғашқы қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

9) Кернеуді өлшейтін құрал  (Вольметр)

10)Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? (Күш)

3 – кезең.  “Информатика, математика,  физика” әлеміне саяхат. Формуланың жалғасын тап.

Намыс тобыны   10

 

 

 

 

 

20

30. Таңдау командасын жаз  /Case n of/

40. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процесі (балқу)

 

«Жігер» тобының тапсырмасы

10 Қайталану саны белгілі циклдердің синтаксистік жазулуын көрсет  /For  to  do/

20.

 

30. Потенциялық энергияның формуласы  (Е=mgh)

40.

 

4 – кезең. “Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіріп өңдеу”

Толық дұрыс жауапқа 10 ұпай, көмек сұраған жағдайда 5 ұпай беріледі.

  1. Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)
  2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
  3. Вирустан қорыққан, Интернетке – кірмейді (шегірткеден қорыққан егін екпес)
  4. Компьютердің жұмыс, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
  5. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
  6. Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
  7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (бір ақылдан, екі ақыл артық)
  8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. (Досы күштіні – жау алмайды)
  9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар)

5 – кезең. Логикалық сұрақтар

 

1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, мұз күйінде)

2. Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әр аттың жылдамдығы қандай? (15 км/сағ)

3. Шелек ішіндегі суды ішіп қойса, шелек ішінде не қалады? (ауа)

4. Бес адам кездесіп қалып, бір-бірімен қол алысты. Барлық қол алысу саны қанша?

(10)

5. 6м бөренені 5 рет кесіп тең бөліктерге бөлу керек. Әр бөліктің ұзындығы қандай? (1м)

6. Беc бірдің көмегімен 100 санын шығару керек.

1 1 1 1 1 =100

6 – кезең. Ендігі кезек  жанкүйерлермен  мақал – мәтел  құрастыру. Бұл бөлімде берілген цифрларды қатыстырып, мақал – мәтел құрастырады. Жауап дұрыс болса 10 ұпай, қай командаға беретінін айтып өтеді.

Ал балалар, балалар,

Мақал – мәтел айтайық

Талай жерді өрейік,

Асулардан өтейік.

Білімге,біз енейік,

Кедергіні жеңейік.

Берілген цифрларды қатыстырып,  мақал – мәтел айту керек.

  • 2      2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
  • 5      5 бармақ жиналса, жұдырық болады
  • 30    30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге жетеді
  • 1      бір тал кессең, 10 тал ек
  • 7      жеті жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл
  • 3      ат баспаймын деген жерін 3 басады
  • 1000  1000-ның қамын бір ойлар, бірдің қамын 1000 ойлар
  • 100     100 сомың болғанша, 100 досың болсын.
  • 6          алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді

7 – кезең. “Сыйлық кімге бұйырады?” Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тілсызық арқылы жалғап, атап шығу керек.

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.