Шараның тақырыбы: «Ғылым көкжиегі-информатика»
Сұлтанова Раушан Кәдірбекқызы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 7 сыныптар арасында
Шараның мақсаты: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, оқушы ноутбуктері, слайдтар.
Шараның барысы:
І. «Таныса біл, тани жүр» (әр топ өздерін таныстырады).
ІІ. «Бұл не?» (сұраққа жауап).
ІІІ. «Сиқырлы есеп» (логикалық есепті шешу).
IV. «Сен білесің бе?» (ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру).
V. “Венгр сөзжұмбағы” (информатика ғылымына байланысты сөздерді табу).
VI. “Жарнама” (Paint редакторында сурет салу арқылы жарнама жасау).
VII. “Кім тапқыр?” (көрермендермен ойын).
VIII. “Ойлы болсаң озып көр” (капитандар сайысы).
IX. Қорытынды, марапаттау.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ақпараттанған әлем» информатика апталығында 7 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғылым көкжиегі-информатика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командаларды ортаға шақырамыз.
- Google.kz тобы – 7а сынып оқушылары
- Модем тобы – 7ә сынып оқушылары
- Билл Гейтс тобы - 7б сынып оқушылары
Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Сайыс төрайымы: С. Есенова - информатика пәнінің мұғалімі,
2. Мүшесі: Г. Мырзашева – директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі,
3. Мүшесі: Ж. Матеуова - информатика пәнінің мұғалімі,
4. Мүшесі: С. Есенова - информатика пәнінің мұғалімі,
5. Мүшесі: Ж. Нысанова - информатика пәнінің мұғалімі.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
І- тур. «Таныса біл, тани жүр». Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт болсын,
Қиынырақ сұрақ болсын –деп ІІ-турымыз «Бұл не?» деп аталады.
Бұл турда сұрақтар беріледі, сұрақтарға барлық топтар жауап беруге болады, дұрыс жауап берілген әр сұраққа-5 ұпай беріледі.
- Windows терезе түрлерін ата. (қапшық, қолданба, диалог, анықтама)
- Ақпараттың өлшем бірліктері. (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт)
- Айналдыру жолағы не үшін қажет?
(терезенің төменгі, жоғарғы шегіне өту үшін)
- Суретті баспаға шығару үшін қандай команданы орындаймыз?
(Файл-Баспа)
- Компьютердің ішкі жадының неше түрі бар, оны ата. (ЖЖҚ, ТЖҚ)
- Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. (пиксель)
- Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
- Суретті ашу үшін қандай команданы орындаймыз? (Файл-Ашу)
- Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. (сканер)
- Paint редакторында негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы (палитра)
- Компьютердің қарқынды дамуы қай ғасырда дамыды? (ХІХ ғасырда)
- Суретті бірінші рет сақтау үшін қандай команданы орындаймыз?
(Файл- деп Сақтау)
13. Басқару батырмаларын ата. (жималау, жаймалау, жабу)
14. Windows –тың негізгі объектісі не? (терезе)
15. Сыртқы жадыға нелер жатады? (компакт диск, дискета, флешка)
ІІІ-тур. «Сиқырлы есеп». Бұл турда әр топқа логикалық есептер беріледі. Соны шешу керек.
№1-есеп.
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
№2-есеп.
Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар?
Жауабы: барлық айда 28 саны бар
№3-есеп.
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
№4-есеп.
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
№5-есеп.
Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53
№6-есеп.
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
Жауабы: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек.
1 бөренеге-5минут, сонда 6*5=30 минут.
№7-есеп.
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
№8-есеп.
Цирк әртісі Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары –Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Әртістің мойнында қанша адам отыр?
Жауабы: алты адам
№9-есеп.
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?
Жауабы: 9 қой
IV-тур. «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл турда тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген, әрбір ұяшықтағы сұрақтың күрделілігіне қарай ол ұяшыққа берілетін ұпайлардың саны көрсетілген. Кезекпен әрбір топтың мүшелеріне ұяшықтарды ашып, сол ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ тиісті ұпайларын алады.
- Сол жақтағы жоғары 5 – Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
2. Оң жақтағы жоғары 5 – Paint редакторы не үшін қажет? (сурет салу үшін)
3. Сол жақтағы жоғары 10–Арифмометр қай жылы құрастырылды?(1694ж)
4. Оң жақтағы жоғары 10 – сыйлық
5. Сол жақтағы 15 – ЕТ даму тарихының І буынында пайда болған компьютерлер неге негізделген? (электронды шамдарға негізделген)
6. Оң жақтағы 15 – Ақпаратты жазып алып, тұрақты түрде сақтай алады, диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт. Бұл қандай құрылғы? (дискет)
7. Сол жақтағы төмен 5 – Сіз кітап оқығанда қандай ақпараттық процесс жүреді? (алу, беру)
8. Оң жақтағы төмен 5 – Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)
- Сол жақтағы төмен 10 – оны кейде лазерлік дискі деп те атайды. Сыйымдылығы өте үлкен. Екі жақ беті болады. Біріншісі жұмыс істемейтін бет, екіншісі жұмыс беті. Бұл не? (диск)
10. Оң жақтағы төмен 10 – Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл қандай құрал? (есепшот).
Енді V-тур. “Венгр сөзжұмбағы” деп аталады. Жасырылған кестедегі әріптер арасынан информатика ғылымына байланысты сөздерді жылдам табуларыңыз керек.
Сыныптан тыс сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз
Ұқсас тақырыптар:
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Сабақтар көшіру-2009.
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Операциялык жуйе (ашық сабақ).
- Открытый урок по информатике на тему: «Панель инструментов. Палитра цветов. Меню»
- И-7. Windows-тың негізгі обьектілері (ашық сабақ).
- Информатика 5-7. Paint графикалық редакторы.
- «Алтын қақпа». Сыныптан тыс сабақ. Информатика.