10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

VBasic. Басқару объектілері

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 24 Август 2011 – 09:03Пікір жоқ
Бұл мақала 2892 рет оқылды, 5 рет бүгін

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Shape, Line, Timer басқару   объектілерін қолдану

Мақсаты:

1) Білімділік: оқушыларға әрбір  басқару объектілерінің атқаратын қызметі мен қасиеттері жайлы  білім беру және өз бетімен  есеп шығаруға  үйрету;

2) Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту;

3) Тәрбиелік: сауаттылыққа, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың  әдісі: түсіндірмелі,  сұрақ-жауап

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

II. Үй тапсырмасын тексеру: оқушыларға жетек сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын қайталау.

III. Жаңа сабақты хабарлау: Shape басқару объектісі  формадан фигураның алты түрін салуға мүмкіндік береді. Back Color - фигураның  фонының түсін анықтайды. Back  Style - форманың фоны фигурадан көріну  көрінбеуін анықтайды.  Border Style – форманың шекарасының стилін анықтайды, жеті мәндердің бірін қабылдайды. Line – басқару объектісі әртүрлі қажетті ұзындықта, енді түрдегі сызықтарды  сызуға арналған. Shape басқару объектісінің Shape қасиетінің   мәндері  0- Rectangle - тік төрт бұрыш; 1-Square -  квадрат; 2-Oval -  сопақша; 3-Circle -  шеңбер; 4-Rounded recta -   жиектері домалақтанған тік төрт бұрыштар; 5-Rounded Squar -  бұрыштары  домалақтанған квадрат. Timer – бұл объект  қандай да бір анықталған объектіні уақыт өткеннен  кейін белгілі бір   қимылды  орындайды. Timer уақытты милисекундпен есептейді. Бұл объектіні қолдану үшін жалғыз қасиетіне мән беру керек. Бұл   қасиет -   Interval, ол 0-ден               65 535-ке дейінгі кез келген мәнді қабылдай алады.

IV. Жаңа сабақты  бекіту:

Есеп № 1: Формада бір Shape элементі тіктөртбұрыш түрінде орналасқан. Он секундттан кейін Shape элементінің түрі шеңбер түріне келтірілсін.  (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “3″
End Sub

Есеп № 2: Формада бір Shape элементі тіктөртбұрыш түрінде орналасқан. Он екі секундттан кейін Shape элементінің түрі бұрыштары домалақтанған квадрат  түріне келтірілсін. (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “5″
End Sub

Есеп № 3: Формада бір Shape элементі сопақша (элепис) түрінде орналасқан. Жиырма секундттан кейін Shape элементінің түрі тік төрт бұрыш түріне ауыстылырсын. (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “0″
End Sub

V. Оқушылардың сұрағына жауап беру

VI. Үйге тапсырма беру қосымша материалдардан оқу, оларды жинау

VII. Қорытынды оқушыларды бағалау

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.